Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Барлық нормативтік саяси теориялар, сайып келгенде, этика тұжырымдамасына
негізделеді... біздің талдауымызда сол этика қарастырылады.
Мемлекеттіліктің қолданбалы этикасы әлі де айқын пән емес. Ғалымдар тек топшылау
түрінде мемлекет қайраткерінің шешімдерін талқылау барысында, оқиғалар мен олардың
салдарларын біле отырып, оның нормативтік таңдауы туралы ой толғай алады. Бірақ төл
таңдауын жасау - мүлдем басқа нәрсе. Бәлкім, ең жақсы ғалым шешімдер қабылдауға
тартылған адамдардың рөлі мен жағдайына ене алған, президент немесе премьер-министр
бір-біріне қарсы шешімдер арасынан біреуін қабылдауға тура келетін ахуалды елестете
алатын адам болар. Басқаша айтқанда, егер біз халықаралық қатынастардағы нормативтік
таңдауды түсінігіміз келсе, біз, акторлардың қарекеттері белгілі болғанға дейін, өзімізді
солардың орнына қоюға тырысып көруге тиістіміз. Ғалымдар өздері зерттейтін адамдарға
сондай қарекеттердің негізінде баға береді. Бұл ғылыми мектептер этикасының бірінші
шаруасы болуға тиіс. Және, тегінде, ғылыми мектептер жасауға 33—1494 5
05
тиіс
болатын соңғы нәрсе - мемлекет қайраткерлеріне абстрактылы саяси және моральдық
философияның олимпиялық биігінен жоғарыдан төмен қарау болар...
Мемлекет қайраткерлері, турасын айтқанда, - нық таңдау жасауға мәжбүр, оны басқа
біреулерге жүктей алмайтын адамдар; жауапкершілік аумақпен салыстыра өлшенеді. Бұл
жағдай оларды қиын таңдау жасайтын, бірақ олар қабылдайтын шешімдер тек өздері
сияқтыларға ғана ықпал ететін жеке адамдардан өзгешелейді. Бұл қоғамдық
жауапкершілік пен жеке жауапкершілік арасындағы өте маңызды өзгешелік. Бұл арада
мемлекет қайраткеріне де Голль берген "Бұл жай ғана тәуекел емес, моральдық тәуекел
жасайтын адам" деген анықтамасы еске түседі ( Hoffmann, 1981). Президенттер мен
премьер-министрлер өз мансабының пәрменімен көптеген адамдардың бақуаттылығын, ал
кейде, мысалы соғыс кезінде, өмірін де уысында ұстайды. Сыртқы саяси таңдау
процесінде олар кіммен болсын кеңесе алады. Бірақ сайып келгенде тек солар ғана шешім
қабылдауға тиісті. Ақ Үйдің Сопақ кабинетінің қабырғасында ілулі тұратын Президент
Трумэннің "Бұл арада доллар тоқтайды" деген белгілі ұраны еске түседі. Және егер шешім
қабылданса, мемлекет қайраткерлері, салдарлардың қандай болатынын мүлде білмей-ақ,
соған сәйкес қимылдауға тиіс. Тегінде, дүниежүзілік тарихтағы ең көрнекті мысал
Трумэннің 1945 жылғы тамызда Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастау туралы
шешімі болар.
Мемлекет қайраткерлерінің шешімдері мен қарекеттері әрқашан уақыт пен орынның
нақты жағдайларында жасалатындықтан, оларды түсінуге тырысатын ғалымдар ахуалдық
этиканың кейбір нұсқаларын қабылдауға тиіс. Бұл мәселемен халықаралық қатынастар
теоретигі Арнольд Уолферс (Wolfers, 1965. P.51) айналысты, ол "жағдайлар мұрсат
беретін ең жақсы моральдық таңдауды" мемлекет қайраткерінің этикасы - "шалалық
этикасы" деп анықтайды. Бұл тұжырымдама халықаралық қатынастардағы нормативтік
таңдауды зерттеу үшін жақсы бастау болып табылады, бірақ ол өте маңызды элементті -
акторлар мен олардың тәртібін қаперге алмайды. Біз жағдайларды қарастыратын
болғандықтан, акторлар мен олардың тәртібін де қарастыруға тиіспіз. Біз мемлекет
қайраткерінен және басқа халықаралық акторлардан олардың өздері тап болатын
халықаралық ықпалдастық жағдайларында ұтымды нені күте аламыз? Біз бұл сұраққа тек
олардың тәртібін талқылаудың ұтымды да орынды тәсіліне ие болғанда ғана жауап бере
аламыз.
Мен мемлекет қайраткерлерінің олар тап болатын жағдайлардағы, яғни, ерекше талаптар
қоятын жағдайлардағы тәртібіне баға берудің ең жақсы тәсілі - ізгіліктің, әсіресе