Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
хорват қауымдары қару-жарақпен бауырлас елдерден жабдықталып тұрды. Көптеген
бақылаушылар, бұл серб және хорват жауынгерлеріне Югославия аумағының көп бөлігін
басып алуға мүмкіндік берді де, елдің қожырау процесін жеделдетті дейді. БҰҰ мен ЕО
елдің жекелеген аймақтарына, оларды бөлшектемей-ақ, жергілікті автономия беру
жоспарын қолдай отырып, мұның алдын алғысы келді, бірақ ол жоспардан ештеңе
шыққан жоқ.
Босния-Герцеговинадағы 1992-1993 ж.ж. соғыс жөніндегі азапты да ұзақ халықаралық
айтыстар осы заманғы мемлекет қайраткерлерін адам құқықтары алаңдататынын, бірақ
олардың соғыс мәселелеріне тартылғысы келмейтінін көрсетті. Бір жағынан, әскери
араласуға бару үшін айқын да көзге ұрып тұрған ұлттық мүдделер немесе халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті анық бұзу болған жоқ, екінші жағынан - өз әскерлерінің
арасында шығынға ұшырау тәуекелі жоғары және табысқа жету ықтималдығы төмен
болатын. Осынау айтыстардың ұзақтығы, қарқындылығы және көп жағдайда жанама
сипат алуы гуманитарлық мақсаттардың тапшылығы деген сөз емес. Олар мемлекет
қайраткерлерінің көпшілігінің арасында Босния-Герцеговинадағы әскери араласу табысты
болады дегенге сенімділіктің жоқтығын көрсетті; мұның үстіне, көбісі ондай араласу
проблеманы тек ушықтыра түседі деп қауіптенді. Табысқа үміт мораль тұрғысынан
қарастырылады. Осылайша белгілі бір жағдайларда халықаралық қатынастардағы аңысын
аңдаушылық жанашырлықтан асып түседі. Бірақ өзінің негізінде бұл екі жақтың да
нормативтік көзқарастарының еңсерілместігімен байланысты пікір мәселесі. Американ
сенаторы Дэниэл Патрик Мойнихэн теледидарға берген сұхбатында айтқанындай: "Біз
байқап - бақылап отырған дүние сұмдық күнәға батып барады".
Осынау үш эпизод бүгінде бізге халықаралық нормалар мен мемлекеттілік этикасы
туралы не айтады? Ирак-Кувейт жанжалы халықаралық әскери араласу жөнінде
төмендегідей нормативтік дәлелді көрсетеді: егер араласа алатын кейбір астам
державаларға жүктелер ұлттық және халықаралық жауапкершілік көзге ұрып тұрса,
мұндай араласу орынды. Топшыланатын әскери араласу мынадай негіздер бойынша
орынды: бұл мемлекет қайраткерлерінің араласу құқығы болады деген сөз. Бірақ олар,
бұдан басқа араласуға тұра ма деген мәселені шешуде де жауапкершіліктің жоғары
дәрежесіне ие. Мұндай шешім абайлап алмай қабылдана алмайды (тиіс те емес): тіпті бұл
осылайша ақталатын болған күннің өзінде ирак әскерлерін Кувейттен қуып шығу үшін
соғысқа жүгіну парасатты ма? Үкіметтің бірінші міндеті - өз адамдарын қорғау. Бұдан
кейін ол, шамасы келсе, біреуге көмектесуге тырысып көре алады. Бұл жағдайда, әлемдік
мұнаймен жабдықтау ісіне төнген қатер жеткілікті зор, Ирак халықаралық құқықты анық
бұзды, әскерлерде шығын тәуекелі шамалы, табысқа жету мүмкіндігі әбден - ақ жоғары
деп ұйғарылғаны айдан анық, осының бәрі АҚШ пен соған қатысқан басқа астам
державалардың көзқарасы бойынша әскери акцияны ақтай алатын. Одан арғы оқиғалар
мұндай ақталуды қуаттады, бірақ ол кезде шешім қабылдаған адамдар оны әлі білмейтін.
Мұндай нормативтік көзқарас Босния-Герцеговина турасында не ұсынады? Қоғамдық
мораль мен халықаралық гуманитарлық құқық мынаны айтады: егер бұл мүмкін болса,
қай жерде және қашан орын алса да, адамдардың жаппай ауқымда азап шегуін тоқтату
үшін бірдеңе істеу керек. Сомалимен жағдайда АҚШ пен басқа БҰҰ державаларының
әскери шығынға ұшырау тәуекелі жеткілікті төмен болды, сондықтан олардың
гуманитарлық негізде араласуы орынды деп ұйғарылғаны айдан анық. 1993 жылдың
көктеміне дейінгі оқиғалар бұл орындылықты қуаттады, дегенмен сол жолы да шешім
қабылдайтын адамдар өздерінің араласуды ұйғаратынын білмеген болатын. Босния-
Герцеговинамен жағдайда мемлекет қайраткерлерінің көпшілігі, тіпті араласу үшін
әлдеқайда көп гуманитарлық негіздер болған күннің өзінде де, араласуды ақтау тұсында