Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
"ашық аспан" құру жөніндегі қадамдары жасалды да, осы тұрғыдан келгенде, бәлкім,
аталмыш қадам жай ғана бір реттік акция емес, маңызды прецедентке айналған болар.
Сомали
1991-1992 ж.ж. Сомали мемлекеті іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты да, осынау шығыс
африкалық елдегі саяси бақылау халық бөлінетін, өзара қырқысқан әулеттердің
басшыларының қолына көшті. Елді алапат құрғақшылық жайлады, мыңдаған
сомалилықтар аштықтан өлім халінде болды, егер анархия һәм әулеттер арасындағы өзара
қырқыс ерікті көмек ұйымдары жіберген азық-түлікті таратуды тоқтатуға алып барса,
мыңдаған адамдар тамақтың жетіспеуінен қасірет шегіп, өліп кетуі мүмкін еді. 1992
жылдың аяғында қауіпсіздік Кеңесі азық-түлікті азап шегушілерге болу мақсатында
Сомалидегі халықаралық әскери акцияға рұқсат берді. Қарулы күштердің негізгі бөлігін
Құрама Штаттар берді, ал басқа батыстық және батыстық емес елдер шағын әскери
контингенттер жіберді. Осы араласудың арқасында азық-түлік жеткізіліп, елдің көпшілік
аудандарында ашаршылық ауыздықталды. 1993 ж. көктемінде БҰҰ соғысушы әулеттердің
біріне қарсы әскери қимылдарын бастап еді, бірақ оның күштері БҰҰ әскерлеріне шабуыл
жасап, оларды жеңіліске ұшыратты. Осы акция барысында Сомалидің кейбір бейбіт
азаматтары қаза тапты немесе жараланды, содан кейін БҰҰ - ның мандаты туралы, яғни,
оның күші азамат соғысына тікелей араласуға тарай ма деген мәселе туындады. Бірақ бұл
уақытта Сомали азды-көпті БҰҰ басқаруында болатын, оның үстіне көз жетер болашақта
Сомали мемлекеттілігіне оралу мүмкіндігінің нышаны да жоқ еді.
Түсіндірушілердің айтуынша, Сомали іс жүзінде, атынан басқа, қай жағынан болмасын
БҰҰ-ның протекторатына айналған-ды. Осылайша халықаралық қоғамдастық Сомалиде
әскери интервенцияны жай ғана жүргізген жоқ, БҰҰ әулеттер соғысы қиратқан Сомали
мемлекетінің орнына жаңасы құрылғанша басқару жауапкершілігін өз мойнына алды.
Сомали мемлекетінің интернационалдандырылуы Мандаттар лигасы мен БҰҰ
қамқоршылығы ертеректегі отаршылдық дәуірін еске салады және араласпау құқығы
абсолютті халықаралық тыйым болған отаршылдықтан кейінгі дәуірден, бәлкім, бойды
аулақ салуды айғақтайтын халықаралық патернализмнің аса күшті жақтарын аңғартады.
Сомалидегі интервенция ұлттық қауіпсіздік себептерінен туындаған жоқ: онда ирак-
кувейт жанжалындағыдай мұнай немесе қауіпсіздіктің басқа мүдделері болған жоқ.
Барлық қам гуманизм болды.
Босния - Герцеговина
Қырғиқабақ соғыстан кейінгі ең шытырман жанжал, шамасы, бұрынғы югослав
республикасы Босния-Герцеговинамен байланысты болар. Қауіпсіздік Кеңесі, Еуропалық
қоғамдастық және астам державалар бейбітшілікті қорғау жөніндегі созылмалы акцияға
әскери араласуға баруды қалаған жоқ. Босния-Герцеговинадағы соғыс Югославияның әлі
бар кезінде басталды. Босния - Герцеговинада тікелей әскери араласу жөніндегі белгілі бір
халықаралық екіұштылық пен күмәндар осынау жанжалды халық бөлінген мұсылман,
серб және хорват қарсыласушы қауымдары арасындағы өзін-өзі билеу үшін жүріп жатқан
этностық соғыс ретінде қабылдануына байланысты болатын. Бір жағынан, интервенцияға
қарсы негізгі уәж мұның өзі азамат соғысы деген тұжырым болатын. Екінші жағынан,
Босния-Герцеговина оны Еуропалық қоғамдастық мүшелері мен Біріккен Ұлттар
Ұйымының мойындауы нәтижесінде егемен мемлекет болған еді, олар, осылайша, оның
тәуелсіздігі үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алған-ды. Мұның үстіне, халықаралық
қоғамдастық кең көлемді араласуды жүзеге асырып, қару-жарақ беруге эмбарго енгізген
болатын, бұл эмбарго үкіметке орасан зор әскери нұқсан келтірді, өйткені серб және