Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Ондай перспективалық қатенің оншалық маңыздылығы жоқ болып көріну, оны түзету
үшін тарихи құбылыстардың Ұлы топтары арасындағы шекараларды тек біршама өзгертсе
мысалы, Шығыстың ежелгі халықтарының тарихын ежелгі немесе көне тарих деген
атаумен бір топқа біріктірсе, одан Грекия мен Рим тарихын ерекше топқа бөліп алып, оны
орта тарих деп атаса, ал Еуропаның тағдырын жаңа тарих деген атаумен біртұтас етіп
біріктірсе жетіп жататындай болып көрінуі мүмкін. Әрине, бұлайша бөлу сұмдық
құбыжық бола қоймас еді, бірақ ежелгі тарих әлі де оғаш бытыстыру болып қала беретінін
былай қойғанда, нағыз жалпыадамзаттық оқиғалардың (осы сөздің толық мағынасында
алғанда) жоқтығымнан, жаратылыстық жүйенің бөлу принципі бөлінетін нәрсенің бүкіл
өрісін қамтысын деген бірінші талабы бәрібір қанағаттандырылмаған күйінде қалар еді;
осы арада қарастырылып отырған тарих жүйесінің басты, түбегейлі кемшілігі тіпті де
жойылмас еді. Перспективалық алданыш қате шатастыруға, демек, тарихи құбылыстарды
қате түсінуге мәжбүр еткен тек ең жақын себеп немесе ілік қана. Перспективалық
алданыш тек алып келген осылайша топтастырудың қателігінің өзі, қате түсінудің өзі
мүлдем өзге, әлдеқайда маңызды да елеулі нәрседе жатыр.
Салыстыру үшін тағы да, өйткені жаратылыстық жүйе ұғымы мейлінше кеңінен,
мейлінше толық дамып, қолданылып жүрген ғылымдарға жүгінейік, оның үстіне ботаника
мен зоологияда да өзіндік бір перспективалық алданыш сондай қателікке ұрындырып,
жүйені жетілдіруге ұзақ уақыт бойы кедергі жасап келген болатын: бұл арада
перспективалық алданыш мынаған байланысты болатын: жоғары сатыдағы өсімдіктер мен
жануарлар бақылаушылардың есіл-дертін әлдеқайда қатты қайран қалдырады және
(жануарларға келсек, бері салғанда) өзінің ұйымдасуы жағынан адамға жақынырақ келіп,
соған әлдеқайда жақын санала алады. Купил некелілер деп аталатын өсімдіктер, бұрын
құрт деген атаумен белгілі төмен жануарлармен бірге, өзінше нағыз гүлді өсімдіктер мен
омыртқалы жануарларға әйтеуір бір қосымша, appendix секілді бірдеңе, ботаника мен
зоологияның өзінің ғимаратын құрайтын нәрсеге онша көзге түсе қоймайтын тұғыр
ретінде қарастырылатын. Саналы жаратылыстық жүйе шындап келгенде ботаникадан
басталғанын біз көрдік. Ұяластық деп атау қабылданған тектестік дәрежесіне жататын
өсімдіктер топтарын кіші Жюсье тәп-тәуір және дұрыс нобайлап берген болатын; алайда
(бұдан соң да) ұяластардың өзін орналастыру мүлдем жасанды болып қала берді, ең
бастысы, сол кезде өсімдік патшалығының пошымдарын бірте-бірте даму мен жетілу
баспалдағы түрінде орналасқан деп елестететіндіктен, сол мінсіздіктің өлшемі болуға
қызмет ете алатын бір немесе аздаған нышандарды табатын да, солардың өзгерістеріне
сәйкес ұяластар бір сызық бойына орналастырылатын, сонымен-ақ нышандар жиынтығын
мүмкіндігінше жан-жақты зерттеп, бағалаудан құралатын жаратылыстық жүйенің негізгі
бастауын бүлдіретін. Ботаника бастаған істі, Кювье өзі төмен сатыдағы деп атаған
жануарларды зерттеуіне негіздей отырып, ұйымдастыру тұрпаттарын кемеңгер
көрегендікпен ажырата алған кезде, зоология аяқтады. Бұл тұрпаттар - жәндіктердің бірте-
бірте жетілу сатысындағы даму баспалдақтары (былайша айтқанда, біріне-бірі
иерархиялық бағынышты баспалдақтар) емес, қайта сол жәндіктер үшін қолайлы
пошымдардың сан алуандығы мен мінсіздігіне өзіндік бір жолдармен жететін мүлдем
әрқилы жоспарлар екен, - шынына келгенде, ортақ бөлгіші жоқ жоспарлар екен, ондай
ортақ бөлгіш болса жәндіктер (әртүрлі тұрпаттағы) арасында олардың жетілу дәрежесін
анықтау үшін салыстыру жүргізуге болар еді. Бұл, шынын айтсақ, салыстыруға келмейтін
өлшемдер. Неғұрлым баршаға мәлім заттар шеңберіне көшіп, ұйымдасудың осы
тұрпаттарының маңызын салыстыру арқылы анықтап алу үшін айталық: олар бір стиль
салынған әлдебір ғимараттың жеке-жеке бөліктеріне (іргетасына, тіреулеріне басты
паруазына, домалақ мұнарасына, күмбезіне, әлдене храмның төбесіне) сәйкес келмейді,
қайта мүлдем әрқилы архитектуралық стильдерге: готикалық, грекиялық, мысырлық,
византиялық және т. т. стильдерге сәйкес келеді.