Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Осы стильдердің баршасы мінсіздіктің бірдей дәрежесіне жетуге қабілетті болмағанымен
және олардың арасында өнердің сәбилік ахуалына сәйкес келетіндері де болғанымен,
алайда, олар туралы, солар архитектураның дамуындағы баспалдақтар қызметін атқарады
деп, оларды біз қатарға, кейінгі мүше атаулы алдыңғыдан мүлтіксіз болып, оның дамуы
мен жетілуін құрайтын қатарға орналастыра алмаймыз. Архитектуралық стильдер
арасында олар туралы тек бұлардың әрқайсысы өз тұрғысынан тамаша және солардың
баршасы өздері арқылы өнердің дәйекті даму баспалдақтарымен ғана жетілуге ғана емес,
әсемдіктің әрқилы тұрпаттарына ие бола отырып, сан алуан бола түсуге қабілетін
көрсетеді деуге болатындары бар. Дәл сол секілді жануарлар топтарының арасында
бастапқы түрдегілер (инфузориялар, губкалар) мен сәуле секілділер (кораллдар,
медузалар, теңіз жұлдыздары) секілді абсолютті төмен және омыртқалылар секілділер
(сүтқоректілер, құстар, балықтар) абсолютті жоғары тұрпаттылар бар болса, моллюсктер
(қауашақтар) мен көп мүшелілер (жәндіктер, шаяндар, бунақ құрттар) секілді қайсысы
ұйымдасудың жоғары баспалдағын көрсететіндігін кесіп айту қиын тұрпаттар да бар.
Организмнің бір жағы біреулерінде жақсы дамыған, екіншілерінде екінші жағынан жақсы
дамыған. Ұйымдасу тұрпаттары туралы бұл ұғым кейін өсімдіктерге де таратылды, және
жалпы - даму дәрежесі, ұйымдасуының жетілуі арқылы анықталатын топтарды жоспар
ерекшелігі, даму тұрпаттары арқылы анықталатын топтарды ажыратып алмай, зоологияда
да, ботаникада да жаратылыстық жүйе мүмкін емес.
Даму дәрежелерін даму тұрпаттарынан осылай ажыратпай, тарихи құбылыстарды
жаратылыстық топтастыру да мүмкін емес. Тарихи жүйенің әлгінде ғана айтылған негізгі
рай қателікке ұрындырып, жүйені жетілдіруге ұзақ уақыт бойы кедергі жасап келген
болатын: бұл арада перспективалық алданыш мынаған байланысты болатын: жоғары
сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар бақылаушылардың есіл-дертін әлдеқайда қатты
қайран қалдырады және (жануарларға келсек, бері салғанда) өзінің ұйымдасуы жағынан
адамға жақынырақ келіп, соған әлдеқайда жақын санала алады. Купил некелілер деп
аталатын өсімдіктер, бұрын құрт деген атаумен белгілі төмен жануарлармен бірге, өзінше
нағыз гүлді өсімдіктер мен омыртқалы жануарларға әйтеуір бір қосымша, appendix секілді
бірдеңе, ботаника мен зоологияның өзінің ғимаратын құрайтын нәрсеге онша көзге түсе
қоймайтын тұғыр ретінде қарастырылатын. Саналы жаратылыстық жүйе шындап келгенде
ботаникадан басталғанын біз көрдік. Ұяластық деп атау қабылданған тектестік дәрежесіне
жататын өсімдіктер топтарын кіші Жюсье тәп-тәуір және дұрыс нобайлап берген болатын;
алайда (бұдан соң да) ұяластардың өзін орналастыру мүлдем жасанды болып қала берді,
ең бастысы, сол кезде өсімдік патшалығының пошымдарын бірте-бірте даму мен жетілу
баспалдағы түрінде орналасқан деп елестететіндіктен, сол мінсіздіктің өлшемі болуға
қызмет ете алатын бір немесе аздаған нышандарды табатын да, солардың өзгерістеріне
сәйкес ұяластар бір сызық бойына орналастырылатын, сонымен-ақ нышандар жиынтығын
мүмкіндігінше жан-жақты зерттеп, бағалаудан құралатын жаратылыстық жүйенің негізгі
бастауын бүлдіретін. Ботаника бастаған істі, Кювье өзі төмен сатыдағы деп атаған
жануарларды зерттеуіне негіздей отырып, ұйымдастыру тұрпаттарын кемеңгер
көрегендікпен ажырата алған кезде, зоология аяқтады. Бұл тұрпаттар - жәндіктердің бірте-
бірте жетілу сатысындағы даму баспалдақтары (былайша айтқанда, біріне-бірі
иерархиялық бағынышты баспалдақтар) емес, қайта сол жәндіктер үшін қолайлы
пошымдардың сан алуандығы мен мінсіздігіне өзіндік бір жолдармен жететін мүлдем
әрқилы жоспарлар екен, - шынына келгенде, ортақ бөлгіші жоқ жоспарлар екен, ондай
ортақ бөлгіш болса жәндіктер (әртүрлі тұрпаттағы) арасында олардың жетілу дәрежесін
анықтау үшін салыстыру жүргізуге болар еді. Бұл, шыным айтсақ, салыстыруға келмейтін
өлшемдер. Неғұрлым бар шаға мәлім заттар шеңберіне көшіп, ұйымдасудың осы
тұрпаттарының маңызын салыстыру арқылы анықтап алу үшін айталық: олар бір стиль
салынған әлдебір ғимараттың жеке-жеке бөліктеріне (іргетасына, тіреулеріне басты
паруазына, домалақ мұнарасына, күмбезіне, әлдене храмның төбесіне) сәйкес келмейді,