Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мысалы Эльзас - Лотарингия мен Рейн ландшафтын француздардың үлгілі суреттеуінде
немесе Британ империясының Үндістан таулық шекаралары мен буферлік аймақтарына
көзқарасында, жапон Уэхараның еңбегінде, одан да ертерек орыстар солтүстік
шекараларға алғаш қатер төндіргенде Мамиа Ринзоның, Могами Токуңайдың солтүстік
шепті қорғауында жүзеге асты. Бірақ Брауннің шекаралық меже ландшафтының тұрпаты
туралы айтқан - тегінде, Пассарге мағынасындағыдан гөрі, морфологииялық мағынада, -
мәдениет өзгертетін ландшафт туралы мағынасында, жас Гётенің эстетика мен өнертануға
қарама қарсы сыртқы шекаралық мәдениеттегі географиялық таңба жөніндегі өз әсерін
қалай суреттеген мағынасында табиғаттан көшіріп алынған немесе мәдениет ырқымен
белгіленген шекараларға әйтеуір бір әкеп тірейтін географиялық категориялардың
барлығы дерлік қарастырыла алады. Бұдан арғы пайымдауларымда мен тек мысал ретінде
шың мен асуды, үстірт пен өзендегі орографиялық көлденең табалдырықтарды, тік құзды
немесе кәдімгі тас қабырғаны, бөлшектейтін және байланыстыратын қабілеті бар ірі
өзенді, биік тау аңғарларын, Альпы немесе Гималай тауларының мұз басқан шыңдарында
табиғаттың өзі теліген су шаруашылығының шекарасын белгілейтін сұр қар алқаптары
мен өзен бастауларын пайдаланамын немесе мен су мен өсімдіктер қатынасы
шекаралардың жасалуына немесе жойылуына қалай ықпал ететініне; батпақтар белдеуі
және тайга, джунгли, реликт ормандар мен мангро тоғайлары қалай өсімдік дүниесінің
табиғи шекараларын құратынына, сондай-ақ саванналар мен далалар белдеуі, мысалы
солтүстік азиялық белдеу, Дунайдан бастап Кавказ арқылы Алтайға, одан әрі
Маньчжурияға дейін ғылым аяқ аттасаң ұқсас көмбелер тауып отыратын табиғи дәлізді
қалай түзетініне сілтеме жасаймын.
Жануарлар дүниесі де табиғи шекаралар жасайды. Бұл дүние цеце шыбынының,
шегірткенің, безгек масасының үйірімен, құрттар ордасымен, термиттер құрылыстарымен,
басқа тірі жәндіктердің таралуы мүмкін аудандарында шекараның нағыз организмін
құрайды. Бірақ ол дүние оны жабайы жануарлар үйірлері арқылы да жүргізеді, олар
Адмиралтейство аралдарынан Мексика жағалауы бойымен Антарктикаға дейін сапар
шегетін ірі жыртқыштардың қорегі. Осылайша, жануарлар дүниесі планетадағы ең үлкен –
үнді - Тынық мұхиттық - су кеңістігінің шекараларын өжеттікпен кесіп өтіп, шекара
белгілеуші фактор рөлін атқарады.
Ал енді мұхитқа, теңізге, ішкі және жағалаудағы суларға шекара ретінде және жағалаудың
қарама-қарсы жағалауға қатынасына көз жүгіртейік. Сонда біз теңіз шекарасы тіпті де
сызық емес, қуатты, лүпілдеген тірліктің өтпелі аймағы екенін байқаймыз, ол арада да
шекара сыртқа, қарсы жағалауға ұмтылады. Біз табиғаттан көшіріп алынған осынау анық
шекараның, осынау алдыңғы алқаптың алғашқы өткелі, тегінде, жазық жағалаулардың
алдыңғы алаптарында емес, маржан аралдар тізбегінің алыстан көрінетін құзды да
жартасты шекараны аттатуға қызықтырып, өзіне тарта түсетін жағалауларында жүзеге
асқанын білеміз. Бұған тіпті Дувр жартасы тұсындағы сұрапыл теңіз толқыны да, норвег
иерлері немесе Кумари мүйісі (Үнді) мен Дондра мүйісіндегі (Цейлон) шекаралық
межелер сияқты ірі кедергілер де тосқауыл бола алмады. Нақ осындай орынды болып
көрінетін шекаралық ландшафттарда байланыстырушы өткелдер жиі бой көрсетіп тұрды.
Танымал болған Пешавар, Вена шұңқыры, Шанхайгуань, Пекин және Бамо10 асулары
осындай. Олар табиғи антропогеографиялық ортаңғы орын және сүзгі рөлін атқарады да,
бұл кейде олардың ландшафт түрі ретіндегі сипатына жағымсыз реңк береді, бірақ сөйте
тұра өміршеңдігін арттыра түседі, мұндайды біз, мәселен, Берлинде, Токиода және
Харбинде11 (Маньчжурия) көреміз.
Жас Гёте сияқты шекара туралы әсерді соншалықты қызғылықты етіп жан тебірентер
сөздермен жеткізу немесе Гумьбольд сияқты Атлантика аймағынан Тынық мұхит