Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
"Провинцияларға барып, қарапайым танысқанның өзінде шекара шептерінің сипатын
географиялық тұрғыдан ландшафт тұрпаты ретінде басқа тұрпаттармен салыстыра
зерттеуде осы уақытқа дейін олқылықтар бар екендігі сезіледі. Тек Ратцель мектебі ғана -
соғыстан көп бұрын онымен жеке танысқаннан кейін мен өзімді, әлбетте, мақтанышпен
сол мектепке жатқыздым, - бұл бағытта іргелі дүниелер жасады, бірақ ізбасарлары аз
болды".
Сол кітапта Браун
3
тағы былай дейді: "Орталық Еуропа географиясының ең маңызды
саяси-географиялық мәселесі: бір жағынан өнеркәсіп және ауыл шаруашылық
ландшафтарының ішкі тұтастығы сақталуы үшін, екінші жағынан - шекаралар пәрменді
қорғаныс аймағын құруы үшін табиғи және тарихи қалыптасқан межелерді пайдалана
отырып, саяси шекараны қалай жүргізу болып табылады...".
"Юра, Вогездер, Лотарингия, Люксембург, Арденна және Фландрия батыс шекаралар
болып табылады".
Олардың бәрі саяси өмір пошымының шекаралық межелері ретінде қазір қолдан шығып
кеткен, халық жерінің шекаралары ретінде қатер үстінде және күресте дауға ұшырап отыр,
оларды тек ландшафт тұрпатынан ішінара ғана тануға болады. Және мұның бәрі ресми
ғылым ұсынған жұмыс орындалғанға дейін-ақ болып қойған. Бұл, мен бұрын айтқандай,
таң қаларлық факт емес пе? Бұл басқа салаларда тым көп нәтижеге қол жеткізген ғылым
да өзі гүлденген және өркендеген өмір пошымы жөнінде өзінің сақтандыру міндетін
мүлде бағаламағандығының дәлелі емес пе? Тегінде, нақ сондықтан соншалықты түңілген
халықта оған бұрын аударылған назармен салыстырғанда сол ғылымның тұғырлары
жойылған - ау деген ой өзінен-өзі туындамай ма? Егер біз өз ғылымымыздың аса көрнекті
өкілінің осынау теріс ыңғайдағы мойындауына қарама-қарсы проблеманың оң ыңғайдағы
қыры туралы, шекара шептерін геосаяси және саяси-мәдени тұрғыдан дұрыс, сондай-ақ
инстинктті түрде жөн қарастырудың қандай рөл атқаратындығы туралы айқын түсінік
түзгіміз келсе, онда жас Гётенің1 белгілі суреттеуіне сүйену қажет.
"Осы ғимараттың (Страсбург соборы) іргетасы ежелгі неміс жерінде қаланғанын және
оның шынайы неміс дәуірінде салынғанын, сондай-ақ қарапайым құлпытастағы
сәулетшінің аты немісше екендігін есте ұстай отырып, осынау өнер туындысының
ұлылығынан шабыт алып, мен "готикалық архитектура" деген сұрықсыз атауды өзгертіп,
оны "неміс сәулетшілігі" деген атаумен халқымызға қайтарудан тайсалған жоқпын, одан
кейін мен өзімнің патриоттық көзқарасымды алдымен ауызша, сосын D. М. Ervini a
Steinbach арналған шағын мақаламда баяндап бердім".
Өз халқының етене мәдени - географиялық қазынасы ретінде әуелі көріліп, сезінілген,
содан кейін түсінілген шекарасы туралы әсер нақты суреттеумен жасампаздық табысқа
қалай айналатынын көрсету үшін ұлттық шовинизмге бой алдырған деп күдіктенуге
болмайтын, адамға тән нәрсенің бәрінде ұяң жап-жас Гётенің мысалынан артық тағы
бірдеңе керек пе? Гётенің теңдесі жоқ осынау сөзі - біздің жұмыс проблемамыз үшін,
және, әлбетте Ратцель рухындағы һәм мағынасындағы өмірлік кеңістік пен жерге
"тереңдетілген" қатынас дегенді қалай түсіну үшін бірінші дәрежелі мәдени -
географиялық мәні бар құжат.
Бұл орайда Гётенің пікірінде ешқандай саяси мақсаттық, өз халқының қолдан кеткен
шекаралық кеңістігіне биікке бәс тігу жоқ. Ал ондай баяндаулар тек дұрыс саяси
инстинктен демеу тапқанда ғана мүлдем басқаша пәрменді бола алады, ондай инстинкт,
3
Braun G. Deutschland. 1. Aufl. Berlin, 1916. S. 311.