Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
аймағына ауысу туралы өз әсерлері үшін шабытты әуен табу екінің бірінің қолынан келе
бермейді. Тек өз өмірлік жұмысының өзегі мүлде басқа салаларда жататын тұлғалар ғана
бізге табиғи немесе жасанды қалыптастырылған шекаралық пайымдаудың бейнелі
ықпалының тамаша хроникасын бере алады. Бұл орайда шекараны суреттеудің, мәселен,
әскери - тарихи еңбектердің кіріспелеріндегі, түрлі ғылыми экспедициялардың
есептеріндегі суреттеудің бағалылығы туралы, сондай-ақ тіршілік үшін күрестегі барлық
шағын соғыстардың туындауын - ал бұл, әрине, назарға антропо - географиялық
кикілжіңдер шеңберін алуы, тіпті содан шығуы қажет - көрсетуі туралы сөз айту орынды
секілді.
Осыған байланысты біз ақырында дүниежүзілік соғыстың әскери қимылдар аймағын
шекара организмін ең жақсы түсіндіретін көптеген ұғымдардың бірі ретінде, сондай-ақ
Солтүстік теңізден Ішкі Еуропаның батысындағы Юраға дейін әуе - шарларының тізбегі
іспеттес көрініс берген шекараның ықпалын еске алуға тиіспіз; сөйтіп тіршілік үшін
күресте түрлі қашықтығынан1 128 шақырым алысқа жер астына мина койылатын
тереңдікке, тіпті авиация мен сүңгуір қайықтарға арналған карталарда көрсетілген қауіпті
белестерден де алысқа сұғына енген шекара организмнің межелерін белгілеуге тиіспіз.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. Гёте Иоганн Вольфганг (1749-1832) - аса көрнекті неміс ақыны, ойшылы және табиғат
зерттеушісі, Петербург Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1826).
2. Гётенің әсерлері ол Страсбург университетінің студенті болып жүрген кезеңге қатысты
(1770-1771). Ол үшін анық бір жаңалық болған Страсбургтағы готикалық соборға Гете
"Неміс сәулетшілігі туралы" атты мақала арнап, онда Ағартудың жақтастары тек
надандық пен теріс талғамның көрінісі деп білген готикалық архитектураны қорғады.
Алайда Гётенің пікірі онша дәл емес: готикалық архитектураның (XII - XIV ғ.ғ.) тегі
немістік емес, француздық. Ал Эльзасқа келетін болсақ, мұнда ежелден неміс және
француз дәстүрлері араласып жататын. Осынау араласу дәстүрі 1276 жылы құрылысы
басталған Страсбург соборында көрініс тапқан.
3. Штейнбахтан шыққан Эрвиннің қасиетті рухына (лат.). Штейнбахтан шыққан Эрвин,
шамасы, Страсбург соборының бас сәулетшісі болса керек.
4. Гётенің азаматтық сана-сезіміне атаққұмарлық пен соғыс арқылы мемлекеттер арасында
орнатылатын шекараларды мойындамау тән; ол қанау мен езудің барлық түріне қарсы
болған.
5. XVIII ғ. басында орыс зерттеушілері басқарған бірнеше экспедицияның нәтижесінде
(1711, 1713, 1719-1721) Ресей Тынық мұхит жағалауын игеру жөнінде белсенділік таныта
бастады. Бұл хабар жапондықтарға жеткеннен кейін олар да XVIII ғ. 80-жылдары
Оңтүстік Курил жотасы аралдарын зерттеуге талпыныс жасады. 1786 жылы Итуруп және
Уруп аралдарына отандастарының ішінен алғашқы болып жеткен белгілі жапон географы
және зерттеушісі Могами Токуңаи болды. XVIII ғ. аяғында - XIX ғ. басында аталмыш
аралдарға табан тіреген жапондықтар күш қолданып, шекара белгілерін қиратты,
орыстарды аралдардан қуды.
6. Пассарге Зигфрид (1867-1958) - неміс географы. Өңірлік физикалық географияның және
тек қана физикалық - географиялық негізге құрылған ландшафтық типологияның
теориялық негіздерін әзірлеумен шұғылданған. Ландшафтық географияның негіздеріне