Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Біздің қазіргі қоғамтану әдебиетінде "Үшінші рейх" деп аударылып жүрген "Das dritte
Reich" ("Үшінші империя") термині неміс өнертанушысы, мәдениет тарихшысы Артур
Меллер ван дер Бруктың "Das dritte Reich" (1923) кітабында қолданылған. Нацистер бұл
терминді иеленіп алып, өздерінің насихаттық мақсаттарында пайдаланған.
Алдыңғы алқап - негізгі қорғаныс алабының немесе бірнеше қорғаныс позициялары мен
инженерлік бөгеттер кіретін бекініс аумағының алдындағы жер жолағы.
Тіршілік үшін күрес (нем. Kampf um Daseins) - Чарльз Дарвин теориясының кеңінен
мойындалуымен байланысты қанатты сөз, бұл тіркес оның "Табиғи сұрыпталу жолымен
түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып
қалуы" атты атақты еңбегінің тақырыбында бар.
Әңгіме 1919 ж. Версаль шарты белгілеген Германияның шекаралары туралы болып отыр.
Автордың оптимизмі орынды. Осы кітап жарық көретін сәтке (1927) Германия өзінің ел
ішіндегі және халықаралық аренадағы жағдайын едәуір жақсартқан болатын. Ол соғыстан
кейінгі сұрапыл инфляцияның салдарларын жеңіп шықты (1923 жылы бір алтын
марқаның құны 38,1 млн қағаз марқаға тең болатын), 1924 жылы халықаралық
сарапшылар комиссиясы әзірлеген "Дауэс жоспарын" қабылдады. Ол бойынша
Германияға оның өнеркәсіптік әлуетін қалпына келтіру үшін және репарациялық
төлемдерді (132 млрд марқа) өтеуді реттеу үшін 200 млн доллар қарыз беру көзделді. 1925
жылы оның батыс шекараларына кепілдік беретін Локарн шартына қол қойылды, ал 1926
жылдың қыркүйегінде Германия Ұлттар Лигасының мүшелігіне қабылданды.
I тарау
Географиялық тұрғыдан алынған шекара
Бұл жұмыстың аса маңызды мақсаты - шекараның айқын бейнесін, ол туралы, содан
туындайтын шекаралық инстинкт туралы және сайып келгенде ұдайы сақтықта болатын
шекаралық сана туралы айшықты түсінік жасау. Жер бетінде шекараны қолдап отыратын
және жасайтын кез-келген ірі ұлттардың ішінде осынау ескертулер мен сақтандырулар,
әдетте, әсіресе немістерге жетпей жатады. Бұдан шығатыны, Ішкі Еуропада аралық орын
алатын нақ біздің халықта дүние картинасының тілінде шекара туралы жанды түсінік
болуы ерекше маңызды, дүние картинасының өзі де егжей-тегжейлі анық бөлшектеуге
мұқтаж, өйткені олай етілмесе, ол космополиттік бұлыңғырлыққа және бізге, немістерге,
жиі тән болып келетін былқылдақтыққа ұрындырады. Бізге соншалықты қажет
шекаралардың, шекара инстинктінің және шекара санасының көрнекі бейнесін тамаша
тәрбиелеуші бұған қарама-қарсы тұрған шекара ландшафты бола алады. Егер алғашқы
неміс географтарының бірі Браун 1916 жылы: "...міндет шекара шептерін мұқият
зерттеуде. Мұндай зерттеу, осыған дейін антропогеографиялық жұмыстардың ел ішінде
артылып жығылғанына қарамастан, мүлде назардан тыс қалып, оның тек Шығыстағы
(Шығыс Пруссия, Силезия) шекаралық провинцияларға ғана қатысы болды" десе, бұл өзі
шынында да таң қалдыратын жайт. (Тегінде тағы Оңтүстік - Шығыста - Пенк, Фольц,
Зигер)
2
.
2
Sieger R. Die geographische Lehre von den Grenzen und ihre praktische Bedeutung. Verandlungen des
XXI. Deutschen Geographentags. Berlin, 1926.