Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Ол 1254 жылдан қасиетті империяға айналды. XV ғасырдың соңында бұл атауға "герман
ұлтының" деген сөздер қосылды.
Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы этностық тұрғыдан ала – құла құрылым болды.
Оның құрамында неміс аумақтарымен қатар австрия және неміс княздіктерінің қол
астындағы көптеген славян жерлері, содай-ақ итальян, француз, валлон және венгр
халықтары тұратын облыстар болды. Империяның өзі (1648 жылғы Вестфалия бітімінен
кейін исі Шиен ұсақ мемлекеттердің жиынтығы ретінде тек қағаз жүзінде ғана болған)
1806 жылы ресми түрде тіршілігін тоқтатты.
Эллинизм - Шығыс Жерорта теңізі елдерінің тарихындағы б.з. дейінгі 323 - 30 жылдар
аралығындағы кезең; бұл тұста Александр Македонский империясының орнында саяси
құрылысына көне шығыс монархияларының және грек полистерінің элементтері тән
Селевкидтердің, Птолемейлердің, Пергам, Понтий патшалығы және т.б. сияқты бірнеше
мемлекет түзілген еді. "Эллинизм" терминін ғылымға енгізген неміс тарихшысы Дройзен.
Ашока (б.д.дейінгі 268 - 231 ж.ж.) - бүкіл Үндістан және қазіргі Ауғанстанның бір бөлігін
түгел қамтыған Маурья империясының билеушісі. Буддизмнің әлемдік дін ретінде
қалыптасуында маңызды рөл атқарған.
Акбар (1542 - 1605) - Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан Үндістан падишағы.
Перикл (б.д.д. 490 - 429) - афиналық құл иеленуші демократияның көсемі.
Александр Македонский (б.д.д. 356 - 323) - 336 жылдан Македония патшасы, ерте
замандағы аса ірі әлемдік империяның негізін қалаушы.
Ұлы Карл - франктар королі (768 - 814), ортағасырлық Рим империясының негізін
қалаушы. 800 жылы Римде папа Лев III басына императорлық тәж кигізгені оның бүкіл
Батысқа билігі жүретіндігінің белгісі болды.
843 жылы Верденде Ұлы Карлдың үш немересі оның империясын үшке бөлді де, бұл
көптеген соғыстардан және бірталай уақыт өткеннен кейін неміс, француз және итальян
ұлттарының пайда болуына түрткі болды.
Гогенштауфендер - 1138-1254 ж.ж. Қасиетті Рим империясының германдық корольдері
мен императорларының әулеті, сондай-ақ 1197- 1268 ж.ж. Сицилия корольдігінің
корольдері.
Фридрих Гогенштауфен Барбаросса (1123-1190) - Қасиетті Рим империясының
императоры (1152-1190).
Екінші Герман империясы ("Deutsches Reich") деп 1871 жылы Бисмарк құрған, "темірмен
және қанмен" біріктірілген Германия айтылады. Екінші Герман империясы шын мәнінде
1918 жылы құласа да, Германияда бұл атау ресми құжаттарда 1945 жылға дейін сақталды.
Яғни, Герман ұлтының Қасиетті Рим империясын.
Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805) - неміс ақыны, драматург, Ағарту өнерінің
теоретигі, неміс классикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.