Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
етуіндегі және ғайып болуындағы салмақсыз, есепке алуға көнбейтін, бірақ бәрібір
шешуші, таза рухани сәтке лайықты бағасын беру мүмкін болмас еді. Ал мұндай
перспективасыз шекараны танып-білуді таза материалистік (физикалық) география мен
тарихи қарастырудың шалшығына саю әзәзілдігі пайда болар еді, бұл орайда Фауст
тегеуріні өзек болған германдық мәдениет секілді мәдени шеңбердің шекарасын түсіну
айырмашылықтың тігісін жатқызып жібермеуге тиіс.
Нақ орталық еуропалық көзқарас тұрғысынан қарастыру әрекетінің басты еліктіруші күші
де, қауіптілігі де осындай болатын. Ендеше ол осынау алдын ала ескертумен бірге
шыңырауларды көрсете, көпірлер тұрғыза отырып, жан - жақты білімнің іргелі негізін
қалай отырып, ғылым мен өнер, мәдениет пен күш тоқайласар тұстағы өз жолымен - заман
үміт етуге мүмкіндік беретін осынау жақсы болашаққа қарай адымдай берсін, аталмыш
ғылыми - көркем кітап түріндегі осынау уақытша көпір сол замана қажеттіліктерінен
туған.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. Абендланд (Abendland) - XVIII ғ. аяғынан ортағасырлық католиктік және христиандық
Еуропаның жиынтық аты. ХІХ-ХХ ғ.ғ. бұл ұғым шығыстағы шекарасы еркін түрде
белгіленген "Абендланд" (немесе Еуропа) деп аталатын, батыстық өмір салтын ұстанатын
халықтар қоғамдастығы болып табылады деген теорияның негізін қалады. "Еуропаның
ымырты" ("Untergang des Abendlandes") - О. Шпенглердің "Еуропаның ымырты"
кітабының атын қайталайтын сөз тіркесі (т.1 М., 1993; т.2 М., 1998).
2. Хаусхофер өз шығармаларында мифологиядан алынған ұғымдар мен бейнелерді жиі
пайдаланады. Мәселен, әлемнің мифологиялық моделіндегі жарық пен түнек - негізгі
текетірестердің бірі. Таурат дәстүрінде ("Бытие") жаратылыс жарықтың қараңғылықтан
бөліну әфсанасынан басталады.
3. Шпенглер Освальд (1880-1936) - неміс философы және тарихшысы, "Еуропаның
ымырты" атты еңбегін (1918-1922) көпшілік жылы қабылдағаннан кейін кең танымал
болды. Мәдениет туралы ілімді халықтың жан дүниесін білдіретін және белгілі бір өмірлік
циклдан өтетін толып жатқан тұйық организмдер (египет, қытай, үнді т.с.с.) ретінде
дамытты. 20-жылдары консервативтік-ұлтшылдық бағыттағы көсемсөзші ретінде көрінді.
1933 жылы нацистердің бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсынысынан бас тартқаннан кейін
гитлерлік режим тарапынан қысым көрді.
4. Фауст - дүние жүзі әдебиетіндегі өшпес бейнелердің бірі, адам өмірінің мәні туралы
мәңгі сұрақ қоюшы, жұмбақ құпиялар мен қарама - қайшылықтар жиынтығы; адам
парасатының батыл ізденісінің, сонымен қатар осынау ізденістің қажеттігіне
күманданудың, беймәлім дүниені тануға ұмтылудың және осы ұмтылыстың шекаралары
және адамның Табиғат пен Ғарыш өміріне қол сұққанда "рұқсат етілу" шектері туралы
ұдайы туындайтын мәселелердің кейпін беруші.
Фашистік Германияның мәдениеті мен идеологиясында бұл бейненің қабылдануы
басқаша сипат алды: ол - "бәрінен жоғары тұрған адам", "нағыз неміс
қаһарманы",рақымсыз жойқын шабуылдауды ғана ойлайтын топтың эгоизм идеяларын
ұстанатын тұлға.
936 жылдан герман королі, Қасиетті Рим империясының негізін қалаған бірінші
императоры (Sacrum Romanorum Imperiam - Heiliges Ro- misches Reich) Оттон (912-973).