Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Герман ұлтының Қасиетті Рим империясында, македондық кезеңге дейінгі Элладада және
ертегі туындылары секілді эллиндік мемлекеттерде, Ашока империясының
қалыптасуында және неғұрлым кейінгі Ұлы Моғолдар тұсында солай болған. Егер
солардың ішіндегі ең ұлысы Акбар замандастары үшін Перикл мен Александр
(Македонский), Ұлы Карл" және Фридрих Гогенштауфен секілді "құдайдың жер бетіндегі
көлеңкесі" болып көрінсе, олардың немерелері үшін - ақ олардың мемлекеттерінің
ғасырлар барысына белгілеген шекаралары аспандағы бұлттай өткінші болды. Осындай
жағдай Еуропаның кіндігінде өте берік болып көрінген Екінші Герман империясы
күйрегеннен кейін Ішкі, немесе Орталық Еуропада қайталанды. Алайда Теобальд Фишер
1
1900 жылдың өзінде оны эфемерлі деп атады, өйткені бірінші14 империя ғайып болғаннан
кейін сенімді шекара немесе қандай да бір орнықты пошым қалмаған болатын, және
заманының ірі қаламгері Шиллер ғасырдың аяғында нақ XVIII-XIX ғасырлардың
тоғысында көргеніндей жан құлазытатын көріністі байқады.
Бірақ бұл бірінші (империя) ешқандай шамада таза Герман империясы емес еді, ол лүп
еткен жел қуған бұлттай жылжып өзгеріп отыратын шекарасы бар рим - герман ұлты еді.
Бүгінде іс көптеген адамдар соншалық құштарлықпен тілеп һәм күтіп отырған жаңа,
үшінші16 империяға қарай өрбіп келе ме, жоқ па, оны ешкім білмейді. Қалай болғанда да
біз өмір сүріп жатқан қирандылар мен азап былығы империя атауына лайық емес: өйткені
оның тек көлеңкесі мен өмір сүру құқығын құтқару туралы шағым ғана сақталған. Өйткені
империяның ол өз күшімен қорғай алатын шекаралары болға тиіс!
Алайда Орталық Еуропада кеңістік пен уақытта үшінші империя нақты болмысқа айналуы
үшін ол туралы түсінікті идеяны көз жеткізерлік пошымда және көрнекі белгіленген
шекараларда ұдайы қолдап отыру қажет. Сондай-ақ, мүмкін болғанынша, оның өмірлік
пошымына сырттан енгізілген — мейлі ол табиғаттан алынсын, мейлі адам қызметінің,
нәсілдік ырықтың және күш көрсетудің нәтижесінде белгіленген болсын - шекараларды
негізделген мойындау және олардың өзгеретіндігін немесе тұрақтылығын анық түсіну
қажет. Өйткені кез-келген пайдалы да тұрақты шекара - тек саяси шекара ғана емес,
көптеген өмірлік құбылыстардың шекара ғой, және ол өздігінен - ақ төл тіршілік
шарттарымен, азды-көпті кең жауынгерлік қимылдар жүргізетін өңірімен, алдыңғы
алқабымен өзінің төл жер бедері бар тағы бір өмірлік пошымға айналады; шекара
дегеніңіз ілуде бір ғана заңгер, құжаттармен жұмыс істейтін адам оп-оңай жүргізе салатын
сызық бола алады, алайда оны табиғат пен өмірдің өзі жоққа шығарады, ал оларда
мәңгілік өзгерісте болатын,кеңістікте үздіксіз орын ауыстырып отыратын пошымдағы
тіршілік үшін күрестен18 асқан тұрақты ештеңе жоқ.
Бұл күрестің аренасы - ең алдымен шекара, ол шын мәнінде өлі болғандықтан және өлген
нәрсенің бәрін ысырып аластауға, ал әлі кәдеге жарайтынын жаңа өмірде пайдалануға
ұмтылатындықтан тек қатып қана қалады.
Осылайша, шекараларды олардың географиялық және саяси мәні мен көрінісінде
қарастыру әрекеті қажеттілік бойынша бізге адам тәжірибесімен19 бекітілген соңғы шепті
қозғалады. Бұл ондай әрекетке - практикалық шекаралық жұмыс үшін теориялық
даярлықтың мойындалған саяси қажеттігімен қатар - мейлінше рухани және көркем
тартымдылық береді. Осынау стимул болмаса, шекараның пайда болуындағы, тіршілік
1
Мына айтулы мақаланы қараңыз: Fisher Тһ. Das Deutsche Reich in seinen heutigen Grenzen: eine
Eintagsfliede! Geographischtr Anreiger. Juctus Peter. Gota, 1900, №1. Осы жұмысты жазудың аса
күшті сарындарының бірі сол мақала болды.