Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
арқылы жүргізуге, жұмысшылар мен олардың көмір шахталарының арасында шек
орнатуға, бірдей ойлайтын, сезінетін және сөйлейтін адамдардың арасында көрінген
жерде кедергілер тұрғызуға дайын болады деп санай алатын ба еді.
Осындай көр соқырлық жегідей жеген Еуропаның (Abendland) күні қараң болатынына нақ
осы сәуегейлік бізді оның өз тұрғындары мән-мағынасыз шекаралар мен демарқациялық
сызықтар арқылы сол қаратүнек түнді ықтимал жеделдету тұрғысынан не істегендігін
барынша қатаң түсіндіруге мәжбүр етеді.
"Қараңғылықты түйсінбеген адам жарық іздемейді". Бірақ, егер біз білім шамшырағын
жоғары көтерсек, онда сөзуарлықтан тоқылған жамылғысы сыпырылып түсетін шынайы
нәрселер өзінің бүкіл күлкілі парықсыздығымен мен мұндалап тұрады.
Географиялық және саяси тұрғыдан жырмышталған және өмірлік қажетті құрылымдары
майып болған, тыныс тарылтар өмірлік кеңістіктегі тіршілік пошымының адам төзгісіз
шекаралары бар Ішкі Еуропа - осынау (ахуал) ғасырдың және мәдени ортаның түсінігімен
қаншалық сұмдық қарама - қайшылықта десеңізші, ал оған Шпенглер өлшеусіз, шексіз
өмірге лейтмотив ретінде Фаустқа тән өмірге құштарлық таңбасын беріп еді ғой.
Еуропаның ымырты үйіріле бастағаны жөніндегі осынау айыптаудың нақ жүз миллион
халықтың рухани ортасынан неліктен шыққандығы түсінікті, сол халық бақытымызға ма,
әлде сорымызға ма, мінез-құлықтың Фаустқа тән белгісін бәрінен анық бейнелеп, соны
жер бетіндегі халықтар арасында тарата бастады, мұны ол өзі тыныстайтын кеңістікте
адам төзгісіз шектен тыс тарылған кезде, сондықтан XX ғасырда бірінші болып халқы тым
көбейіп кеткен жерде адамзатқа шекараларға мұқтаждық пайда бола бастағанын жан –
тәніммен сезінген кезде еді.
Нақ неміс халқының бойында шекара сезімін тәрбиелеу үшін осынау сұмдық қасіретті
бастан кешіру, шекараларды олардың ерікті либераландырылуы жағдайында бейбіт
жолмен қалпына келтіруге немесе оларды қопарып тастауға итермелеген шиеленіс, -
Ғаламның шексіздігі мұраты, кеңістікке немқұрайды, "ұлттан тыс" өзін-өзі түсінуге
бойлаған адам мұраты мен Жер бетінің ұлы халқы, өзінің ерікті дамуында кеңістікпен
бәрінен көп жанышталған халықтың нақты өмірінің арасындағы шиеленіс нақ сол халыққа
қажет пе еді?
Осынау шиеленіс Фауст рухы бойына сіңген халықтың жүзеге асыруға болатын барлық
рухани мақсаттарға жеткендігінен ғана, адамзатқа ұғымдар мен сол ұғымдардың
анықтамаларын сыйлағандықтан - бірақ тек парасатты шекараның дұрыс дұрыс шамасы
мен сенімді пошымында сыйламағандықтан, өйткені оны қалай табу керектігін өзі де
білмегендіктен, мүмкін болмады ма екен? Бірақ ол мұндай тағдырды планетаның ең
данышпан екі халқымен: Эгей теңізі атырабындағы құрғақтық және теңіз мәдеииеттің
иегері эллиндермен және Гималай таулары мен Үнді мұхиты аралығындағы үнділік
тіршілік кеңістігінде шамасы, немістер сияқты тым рухани босбелбеу, өзінің жер бетіндегі
тіршілік пошымын сақтауға және қорғауға тым боркемік болған халықпен еншілесті.
Нақ осы нәрседе олардың жолы болмады: олар метафизикалық яғни, философиялық
мағынадағы адамзаттың шекараларымен дөп келгенше сыртқа қарай барған сайын кеңейте
түскісі келген болмыстың шекараларында жолы болмады, содан соң - мұның шамасын
қалай табу керектігін олардың өздері де білмегендіктен - бұл істі аса қиындықпен,
миллиондаған тайпаластарының және тіпті өмірде өз орындарын өздері белгілейтін еркін
халықтардың келбетін қия отырып басқалар жүргізді.