Page 33 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Ендік орналасуда жекелнген әрқилы шөлдік кеңістіктері бар шөлдер белдеуіне жатқан
Ескі Дүниедегі жағдай басқаша. Бұл белдеу бүгін де Азия мен Африкадағы, солардың кері
әрекеті (қарсы әрекеті) арқылы Еуропадағы да панидеяларға елеулі қатер төндіреді.
Өйткені таза географиялық тұрғыдан талқыланатын мәселе туындайды: әрқайсысы бір-бір
панидея алға тартатындай және оған тиісті бейне беретіндей Азия тым үлкен емес пе, ал
Африка тым үстірт, ретсіз ыдыратылған емес пе? Біз сондай-ақ ic жүзінде ұлттан жоғары
тұрған екі бірлестікте тарих және осы заман географиялық тұрғыдан жіті бөлген кеңістік
бөліктері туралы үлкен шу көтерілгенін көреміз. Олардың ішінде өз аттарында -
бүкілүнділік, ұлы – қытай аймақтары секілді - " бүкіл" және "пан" сияқты қосымшаларды
жиі иеленгендері бар; Африкада Батыстан Шығысқа созылып жатқан француз отарлық
империясы және Фашода заманынан шығысафрикалық британ империясы үзген һәм
Солтүстіктен Оңтүстікке қарай өрістеген британдық – пан - Үнділік теңіз империясының
батыс қанаты бар, міне бұларда теңіздік батыс флангының және шығыстық - құрлықтық -
кеңістіктік ойлаудың құрылымы бірлік тапқан.
Гертруда Беллдің, батыл авантюрист Лоуренстің және дүниежүзілік соғыстағы саяси
қаскүнемдіктердің арқасында жаңа өмірге қол созған панараб дәстүрінің де салдарлары
болды. Алайда осынау барлық жекелеген панқұрылымдарға қатысты негізгі мәселе,
бәлкім, мынаған саяды: неғұрлым ірі панқұрылымдардың ісіне олардың араласуы
соңғыларын түбегейлі оң немесе теріс ықпал ететіндей олар соншалықты маңызды ма?
Бұл сұраққа бізге, мысалы, өзінің "Чжунхуа миньго" - сымен оны қалпына келтіруші Сунь
Ятсен ғана емес, Құрама Штаттардағы ең үздік білгіштердің бірі Холькомб та жауап берді,
ол сыпайы түрде әрі ашық былай деген еді: "Қытайдың проблемасы енді қытайлардың
ішкі проблемасы болып қалмайды. Бұл бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікке қатысы бар
халықаралық проблема!". Демек, лорд Ирвиннен, Саймоннан, Китчинерден, Крэддоктан,
Тагордан, Сарқардан, Таракнат Дастан біз бүкілүнділік секілді, дәл сондай бір-ақ
панпроблема бар ғой деп сұрай аламыз.
Таяу Шығыс, біз көріп отырғандай, қазіргі Орта Шығыс (таяу жатқанды қосу есебінен,
мәселен, Иракқа ену арқылы, британ геосаяси өнерін тазарту) және Қиыр Шығыс
көтерілген деңгейге көтеріліп келе ме? Солтүстік Азия мен Шығыс Еуропаның
трансқұрлықтық панбүкілресейлік бірлестігі және нәсілдік тұрғыдан туыс боп келетін
жалпы тұрғындар саны 150 млн болатын Тынық мұхит аралдарының доғасы көтеріліп
келе ме? Арабия көп уақыт бойы, нақты айтқанда, VII ғасырдан бастап араб тілі Инд
аңғарынан тұрпайы эллин тілін ығыстырып, Үнді мұхитын билеп алып, бүкіл Шығыстың
қожасына айналғаннан кейін, "Карл Мартелл арабтарды талқандағанда, түріктердің
Венаны қоршауының сәті түспегенде және, ең соңында, лорд Клайв Плесси түбінде Ұлы
Моғол вассалдарын жеңгенде - дүние жүзі тарихының жүрісі үш рет тоқтаған еді" (ислам
тарихы оқиғалар барысын осылай баяндайды) дейтін, қандай да бір панидеяның орта
болды, содан соң Үндістан өзінің дербестігінен айырылды және соңғы халифат құлады.
Қазіргі кезде панидея қалыптастыру үшін, панараб мәселесі, тегінде, әлі кеңістікке ие,
бірақ онда адамдар күші жоқ: бері салғанда халифат құлаған, Мысыр, Ангора, Ирак,
Трансмордания және Палестина арасындағы жарықшақ кезеңінен нас бастaп, Лотроп
Стоддардтың "New world of Islam" ("Исламның жаңа әлемі") атты кітабына кереғар, түбек
ұзақ уақыт еңсерілмес көрінеді. Алайда барлық осынау кеңістіктік пргаиизмдершектеулі
кеңістігі бар, бірақ халқы тығыз орналасқан Еуропаға, ал кеңістігі үлкен, бірақ халқы аз
Австранмяға басқару құқығын емес Uberordnung), тек үйлестіру і Ncbenordnung) құқығын
ғана бергісі келеді, мұның өзі Ескі Дүниеде панқұрылымдардың дүниеге келуін одан әрі
қиындатып, оған кедергілер жасайды.