Page 32 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Осылайша, Миссисипи бидай, жүгері ми мақта өсіретін штаттардағы солтүстікамерикалық
құрлықтық пиғылға, құрлықтық бірігуге қарағанда, анағұрлым пайдалы болғанындай,
солтүстікамерикалық темір жолдардың Тынық мұхитқа бағытталған бет бұрмас процесі,
пан - идеяларға қарағанда, американ Солтүстігінде Шығыс - Батыс идеясына көбірек
жәрдемдесті.
Солтүстік Американың Солтүстік - Оңтүстік линиясы бойынша - осынау қуатты үшінші
табиғи байланыс тарапынан сыртқы түрткі - шығыс жағалаумен және тынық мұхиттық
меридиандық жотамен қатар - әлбетте, ең алдымен орталық штаттарда тұратын
американдар үшін саяси қауіп ретінде көрінді, сөйтіп, тек шығыс және батыс
жағалауларда ғана емес, бидай және жүгері өндіретін ішкі ірі штаттарда, фермерлік
жерлерде, Мэхен бағыт бергендей, Оңтүстікке ұмтылысты оятты. Ал ол жақта нысана
ретінде ең алдымен Панама каналы мен мұндалап тұрды, оған Оңтүстік Америкада
шығысқа қарай мұндай көз жеткізерлік жалғасу жетпейтін, бұл тұрғыда басқалармен қатар
Петер Пауль Бауэр және Гамильтон Райс сияқты ғалымдар жұмыс істеді.
Сонымен, біз мынаны көреміз: көз жеткізерлік ірі көлік магистральдарының геосаяси
пайдасы және оларды салу үшін көз жеткізе бермейтін мүмкіндіктердің зардаптары
немесе, Еуропадағы секілді, шиеленіскен жергілікті мүдделердің тым көптігі - осының
бәрі ескі стильдегі Дүние бөліктері жөніндегі панидеялардың түзілу мүмкіндігінде орасан
зор рөл атқарады. Бұл рөлді темір жолдардың, телеграфтың, әуе қатынастарының
арқасында көбірек ұтымдандыру төмендете алмайды. Өйткені, ел қоныстанған
кеңістіктердің саяси қалыптасуына халықтардың көпшілігінің ықпалы күшейген сайын,
сондай-ақ панидеяларды жүзеге асыру кезінде, біз оның дүниені көруін фильмдердің,
меңзейтін карталардың көмегімен айқын, нанымды қолдау қажеттілігін сезінеміз, оларда
басты күш линияларын көрсету бұқараны жария таныстыру әдістерімен ұштасады.
Мұны геосаяси тұрғыдан пайымдайтын топтармен қарым-қатынас орнатқан,
панеуропалық ойлауды көптеген еуропалықтардың миына өз тәпсірімен бұлыңғыр
постулат ретінде ашық шегелеген Куденхово-Калерги де, бұдан да жоғары, бірақ
анағұрлым батылырақ деңгейде, осынау идеяны дербес түрде бір кездегі герцог Сюлли,
кейінірек Наполеон сияқты, Еуропа кеңістігінің бір бөлігінің саясатына қызмет еткізуге
тырысқан Бриан да амалсыз мойындады. Наполеон не жазып еді? "Біздің мақсатымыз -
Еуропада ғасыр рухына сай келетін және өркенияттың прогресіне қолайлы жағдай
жасайтын байтақ федерациялық жүйе орнату". Бұл тіпті Сюлдидің "prand dessin''-інде
("ұлы жобасында") және кардинал Альберонидің өзінің панеуропалық жоспарларында
айтқандарынан да әсем болып шықты. Бірақ ұлы корсикалық жоғарыда келтірілген
сөздерін алғаш рет 1815 жылы 22 сәуірде апат қарсаңында жазған еді. Еуропа халықтары
оған неге сенбеді? Олар түлкі терісінің астында арыстанның жасырғанын байқап қалған
жоқ па екен?
Пан Американың меридиан бойымен шөлдер және далалар пішіндеуінен бастап созылып
жатқан солтүстік кеңістігі ұзыннан - ұзақ таулар тізбегімен көмкерілген; оның оңтүстік
кеңістігінде алапат тау жоталары орналасқан, Батысында жоталармен көмкерілген
қырқалы ландшафттар болса, Шығысында адамзат әлі игеруі тиіс тропикалық
өсімдіктерге бай орман алқаптары - гилея жатыр. Панамерикалық коммуникациялардың
Ш. Шинлардың көңілге қонатын жобалары бұл екі кедергіден айналып өтті. 1900 жылы
Зиверс қызықты суреттеген құны тым жоғары панамерикалық трансқұлықтық темір жол,
құрама Штаттардың ең алдымен шығыстағы шет аймақтарын қамтитын Нью-Йорк -
Антил аралдары - Рио - Буэнос Aйpec - Мар-дель-Плата (1930) әуе жолдары желісі жобасы
солай еді. Бұл арада шет аймақтарды қамту көбінен біріктіретін байланысқа айналды.