Page 34 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Панқұрлықтық панидеяларды жүзеге асыру жөніндегі жағдайды өткенді шолу тұрғысынан
қарастырғанда, біз, антимония демесек те, әлдене аномалияға тап боламыз: Дүниенің, біз
жоғарыда айтқандай, Колин Росс жақында ғана сүбелі себептермен "аяқталмаған" деп
атаған бірігу туралы ой бәрінен кейін қылаң берген "бесінші" бөлігі алғашқы болып
халықаралық-құқықтық қана емес, мемлекеттік – құқықтық топтасуға қол жеткізді.
Әлбетте, осынау бірлестікке Жаңа Зеландия түрінде мұхиттық қосымша жетіспейді, бұл
тұрғыдан келгенде ол панорганизм ретінде "аяқталмаған" болып қала береді. Дүние бөлігі
панидеясының бері салғанда жалпы халықаралық-құқықтық мекемелерінің (әрине, он екі
ірі және алты шағын елдердің арасалмағы бейсаяси ретінде дәл белгіленген) арқасында
кезекті жүзеге асуы ретінде Жаңа Дүние оның соңынан ілесті.
Дүние бөлігінің панидеялары тұңғыш пайда болған, ірі ландшафттардың панойлауы өзіне
екі мың жыл бойы жол санғап, алайда тарихи қатты шаршаудың негізі де ұлғайған ескі
Дүние халықаралық-құқықтық, тіпті мемлекеттік-құқықтық панқұрлықтық жүзеге асудан
көп артта қалды. Алайда бір кезде панқұрылымды Парсы, Қытай, Ұлы Моғол және басқа
империялардың көмегімен негізінен авторитарлық жолдардан іздеген Дүниенің бөлігі оны
бүгінде нағыз революциялық жолдан іздейді: ол пан - Азия! Біз Радектің немесе Сен
Катаяманың бейнесіндегі Мәскеу идеологиясын қарастырамыз ба, немесе Сунь Ятсен
рухындағы жалбарынып сұрау тән Кантон идеологиясын ба, немесе 1919 жылға дейін
Британ империясы шеңберінде сенгіш Гандиді үміттендіргенге ме, немесе тіпті құпия
кеңесші Рабиндранат Тагордың бейнесін қарастырамыз ба; немесе аралдар тізбегінен тек
Тан Малаканың 8 ғана емес, жапон императорлық үкіметі назар аудармайтын Ghikai
немесе Dobunkai пан-Азия жақтаушыларының дауыстарын естиміз бе - құрылымдар мен
шекараларды қирататын революционер бірдей сипатта. Пан- Еуропа да, ол зорлаған пан-
Африка да, титімдей аумақты есептемегенде, "жаңа" Дүние бөліктері онша
талғампаздыққа салынбай баяғыда-ақ тапқан қанағаттанарлық шешімнен әлі өте алыста
жатыр. Олар бір рет те қарапайым дәрігерлік даналықты місе тұтпады: "поп посеге",
өйткені мұндай қарқыннан кейін тағы да елеске айналған паншығармашылық кәдеге асуы
былай тұрсын, идеяның өзіне залал келтіреді!
ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. Әңгіме әскери және мемлекет қайраткері, Оңтүстік Америкадағы испан отарларының
тәуелсіздігі үшін болған соғыс басшыларының бірі Боливардың (1783-1830) бастамасымен
шақырылған Панама конгресі туралы болып отыр.
2.Бұл арада осы кітап жазылған кезеңге дейінгі өткен америкааралық конференциялар -
1889 жылдан мезгіл-мезгіл шақырылып отырған Америка құрлығы мемлекеттерінің
конференциялары тізілген. 1948 жылға дейін Америка мемлекеттерінің халықаралық
конференциялары немесе панамерикалық конференциялар деп аталған.
3. Панамериканизм - АҚШ сыртқы саяси доктринасы, ол Жердің Батыс жарты шарында
орналасқан географиялық жақындығымен, экономикалық өзара тәуелділігімен және
"рухани" бірлігімен айқындалады делінетін мемлекеттердің "бірлігі" туралы қағиданы
желеу етіп, Америка Құрама Штаттарының көсемдікке ұмтылуын негіздейді.
Доктринаның негізгі тұстарын XVIII - XIX ғ.ғ. тоғысында АҚШ белгілі мемлекет
қайраткері А.Гамильтон (1757-1804) ұсынған.
4. Поло Марко (1254-1323) - венециялық итальян саяхатшысы. 1271- 1295 ж.ж. Орталық
Азия арқылы Қытайға сапар шегіп, онда 17 жылдай тұрды. 1292-1295 ж.ж. теңіз арқылы
Оңтүстік Азияны айнала жүзіп өтіп Италияға қайтып оралды.