Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Карл ХАУСХОФЕР
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МӘНІНДЕГІ ШЕКАРАЛАР
1986 – 1946 жылы Мюнхенде профессор отбасында туған. Ол кәсіби әскери қызметкер
болуға бел буып, армияда жиырма жылдан аса офицерлік қызмет атқарған. 1908 – 1910
жылдары Жапонияда және Маньчжурияда герман әскери атташесі болып қызмет
атқарған.
Денсаулығының нашарлауы Хаускоферді әскери мансаптан қол үзуге мәжбүр етеді де,
1911 жылы ол Германияға қайта оралып, өмірінің аяғына дейін сонда Мюнхен
университетінде докторлық дәрежеге ие болғаннан кейін таза ғылыммен шұғылданды.
Осы уақыттан бастап Хаускофердің жалпы геосаясатқа, оның ішінде Тынық Мұхит
өңірінің геосаясатына арналған кітаптары жүйелі түрде жарық көріп отырады. Оның
алғашқы кітабы – Жапонияның геосаясатына арналған «Дай Нихон» атты еңбегі.
Геосаясаттың көп уақыт бойы жай ғана «жалған ғылым» ретінде емес, «адам баласын
жек көрушілік, фашистік, жалмауыздық теориясы» ретінде қарастырылып келуі нақ
осы Карл Хаускофердің есімім ен байланысты.
Гитлер ұйымдастырған бүлік сәтсіздікке ұшырап, оның өзі түрмеге қамалғаннан кейін
Хаускофер өзінің шәкірті Рудольф Гесс арқылы онымен танысады. Хаускофер 1924
жылдан бастап , 20 жыл бойы орасан зор халықаралық мәнге ие
болған Geopolitik",
кейіннен "Zeitschrift fur Geopolitik" деп аталған, өте маңызды геосаяси журнал шығарып
тұрды. Өзінің көптеген дүниелерін ол нақ осы журналда жариялады.
Хаускофердің нацизммен қарым – қатынасы күрделі болды. 1936 жылға дейін оған деген
көзқарас оң болса (бұл жерде әсіресе оның жас досы Гесстің ықпалы мол еді), 1944
жылғы Гитлерге жасалған қастандыққа қатысы бар деген айыппен ұлы Альберхт
өлтірілген соң, тіпті «халық жауына» айналды.
Карл Хаускофер әйелі Марта екеуі 1946 жылы өздері өздерін өлтірді.
КІРІСПЕ
Шекаралардың қысымы мен кеңістіктің таршылығы құрсауда қалған Ішкі Еуропаның
(Innereuropa) тынысын тарылтып тұр. Шекараларды олардың географиялық һәм саяси
мәнінде әділ зерттеуге назар аудартуды мақсат еткен бұл кітап ең алдымен сол
таршылықта өмір сүріп жатқандарға, сондай-ақ жүгенсіз бөлшектеудің салдарынан
бөлініп, қиратылған адамзат тұрып жатқан кеңістікті табиғи байланыстылығында берік те
орнықты қалпына келтіруге байыпты атсалысып жүргендердің бәріне бағышталған.
Бұл алдымен Ішкі Еуропаға қатысты, өйткені Жер бетінің басқа ешқандай жерінде шекара
жүргізгенде ғылыми ойлайтын ғасыр мен ғылымға жат, ашкөздік және әділетсіз
қарекеттердің арасындағы қарама-қайшылық соншалық өткір байқалмайды. Барлық
тілдерде адамзаттың жарқын болашағы туралы соншалық көп жазылған ғасырлар
тоғысында біреу-міреу небары екі онжылдық өтпей жатып мемлекет марқасқалары,
ғылыми академиялар мен қоғамдардың мүшелері, ірі кеңістік категорияларында
ойлайтындай болып көрінген халық көшбасшылары мемлекеттер мен халықтардың
шекараларын үлкен қалалар мен олардың су айдайтын мұнаралары, газ фабрикалары