Page 28 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
енгізу жөніндегі 1810-1822 ж.ж. дайындық жұмыстарынан (1823 жылы Монро
доктринасымен аяқталды), ара - ағайындық тексеру мәселесін қараған 1826 жылғы бірінші
конференциядан (Боливар)1, сондай-ақ 1889 ж. (Вашингтон), 1902 ж. (Мехико), 1906 ж.
(Рио), 1910 ж. (Буэнос-Айрес), 1923 ж. (Сантьяго-де-Чили), 1928 ж. (Гавана)2 өткізілген
бірқатар кездесулерден кейін Америка таяды. 1902 жылы ара-ағайындық тексеру
принципі қабылданды, ал соғыс ең соңғы құрал (ultima ratio) деп жарияланды, 1910-1912
ж.ж. халықаралық құқықты кодификациялау басталды, халықаралық жеке құқық негіздері
қаланды және Панамерикалық одақ бюросы құрылып, панамериканизмнің бүкіл арқау
жіптері, мүмкіндігінше жария етілмей соған тартылды. Осынау көне бермейтін, бірақ
консультациялық органның тәжірибесі арқылы сыннан өткен ахуалда пан - Америка
күнібүгінге дейін тұр: бұл пан - Азия мен ими Еуропа туралы айтылатыннан аз да болса
жақсырақ, бірақ пан - Африка туралы айтылатыннан әлдеқайда жақсы. ХІХ ғ. Марко Поло
өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Моңғол ханының алтын мөрімен пан-Азняны
Анатолия Ирак, Парсы, Ауғанстан, Памир арқылы, бүгінде соғыс жүріп жатқан аймақ -
Қытайдың жабайы Батысы арқылы, Индонезия мен Үндістан арқылы жүріп өтті, алайда
сол кездегі Еуропа да, сондай-ақ бүгінгі Азияға апаратын әлгіндей жол да осынау
қауіпсіздіктен тым алыс еді; ал бүгінгі Азия муссондық елдердегі батысеуропалық жат
отаршыл державалардың және Солтүстіктегі Кеңес мемлекетінің (ол өзін паназиялық
идеялардың қатысушысы әрі сақтаушысы сияқты көрсетсе де) бақылауында тұр. Қытайда
(ал онда бұл идеяны бүкіл ауқымында түсіне білген Сунь Ятсен болды) 1911 жылы
басталған ішкі жанжал басым еді, тек Жапония, ( Мам, Шығыс және Батыс Иран, Түркия
және Ибн Саудтың Арабиясы ғана, өз құқығына сүйене отырып, панидея рухындағы
ынтымақтастық мүмкіндігіне бет бұра алды.
Іс жүзіндегі бастауына көбінесе француз мемлекет қайраткерлерінің (Сюлли, Сен-Пьер,
Наполеон, Бриан) бірқатары, ал теориялық бастауына - неміс идеологтары (Лейбпиц,
Кант) қозғау салған пан-Еуропа, атышулы пан - еуропалық көріпкелдерге қарамастан, күні
бүгінге дейін әлі де асыл арман (Ұлттар Лигасы шеңберінде) ретінде қалып отыр, бірақ
оның бірінші қатарлы күрескерлері алдымен оның кеңістігінің ықтимал көлемі жөнінде
көп қателеседі - бұл жобамен 4,5 - 5,0 млн шаршы километр. Жерінің үлкен бөлігін Британ
империясы, Франция, Бельгия, Португалия және Италия өзара бөліп жатқан пан-Африкаға
пан-Еуропа мен пан-Африка арасындағы таза пікірталастан гөрі араб және үнді акценті
анағұрлым күшті нәсілдік эмансипация туралы ой көп жақын.
Ал бірақ бұрынғы мектепте бөліп үйренгендей, осы Дүние бөліктеріне сай келетін
панидеялар тізбегінің қаншалықты оқшаулану қабілеті бар және бұл оқшаулану оларға
басқа географиялық индивидуумдардан жоғары тұру (so iibergeordneter) құқығына
қаншалықты кепілдік береді? Біздің зерттеуіміздің екінші тарауы Еуропа мен Азияны
Геллеспонт және финикиялық һәм криттік Шығыс Жерорта теңізі бойынша межелеу
туралы дәстүрлі, тамыры тереңге кеткен көзқарастарымыздың жетілмегендігін, ал
бұғаздардың әскери тарихы - Азия мен Африканы Суэц және Баб-эль-Ман- деб бойынша
бөлудің қанағаттандырмайтынын көрсетті. Дүниенің бес бөлігінің шекаралары мүлде
көңілге қонымсыз, даулы болып келеді, алайда сол сынның өзі осы уақытқа дейін бұдан
гөрі сенімді шектеулер ұсына алмай отыр. Оның үстіне Америка, сондай-ақ Азия мен
Африка әділетсіз бөлуді (Aufteilungen) тек Еуропаның пайдасына мәңгілікке шешуді және
оның аумағының шағын көлемінің басымдылығын бүркемелеуді ғана мақсат тұтады деген
жазғыруға тез қосылды. Солай бола тұра Жерорта теңізін айнала орналасқан Батыс
(Abendland) пен Шығыс (Morgenland) мемлекеттері жөніндегі айқын пайымдаулар
француз, итальян және испан отарлық империяларының құрылуынан туындаған, тіпті
дәнекершілік рөл атқаратын романдық Жерорта теңізінің бөлгіш күші туралы көзқарасты
бұлыңғырландырып жібереді.