Page 29 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Ал Дүние бөліктерінің межесі ретіндегі Оралдың жазық баурайлары туралы қаншама
негізді кекесін айтылды! Фракия мен Анатолия арасындағы жойылып кеткен өзен
аңғарында немесе Суэц каналы болғанымен, Газа мойнағы және Синай арасындағы құм
белдеуінде, Кабул өткелінен гласистері бар бойлық өзен межелерінің арғы жағындағы
Тибет пен Такла-Маканға15 дейінгі тау жоталарының алып қабырғасында, немесе шөлдер
белдеуінде жасырынып жатқан басқа да бөлгіш күш хақында да осыны айтуға болады.
Бәрінен тереңірек кеткен, дәстүрге қарамастан Дүниенің 14 бөлігін ұсынған Э. Банзе
6
болды. Оның мына пікірін жоққа шығаруға болмайды: 1912 жылы оның кішірейтілген
"Еуропасы" бүгінгі Еуропаның қалдығына сәйкес келеді, "Үлкен Сібір" Кеңес Одағына
дөп келеді, өткендегі де, қазіргі де "Австралия" - жүзеге асқан панидеяның өзі екендігі
талас тудырмайды; оның "Ориенті", оның "Үндісі", оның "Шығыс Азиясы" пан-Азияның
ықтимал бірлестіктеріне сәйкес келеді, ал оның "Негритиясы" Африканың бір бөлігімен
тұспа - тұс келіп, адам терісінің түсі туралы мәселе бірінші рет өткір сипат алды. Әрине,
күрделі жағдайдан шығудың Банзе ұсынған Дүние бөлігі - "Монголия" континенттік, ал
Индонезия мен Оңтүстік-Шығыс Азияның өтпелі ландшафттарының өміршеңдігі төмен
Үндістанға жататындығы - мұхиттық жол болды. Жаңа Дүниені төртке бөлуде оның
саяси-географиялық дамуы назарға алынбаған; қайткенмен "Үлкен Калифорния" мен
"Анды" Жаңа Дүниеде саяси тұрғыдан қарағанда атлантикалықтан гөрі құлашын кеңге
жайған һәм анағұрлым дербес Тынық мұхиттық ықпалды жақын сезінеді; Солтүстіктегі
"Америкада" да, Оңтүстіктегі "Амазонияда" біршама тыныш, мұхиттық тұрғыдан
қарағанда көлемді болғанымен, белсенділігі төмен кеңістіктер көрініс беріп жатады.
Демек, кейбір панқұрылымдардағы оқшауланудың мүмкіндігі мен географиялық
негізділігі туралы Банзенің мақаласынан көп нәрсені білуге болады. Өкінішке қарай, саяси
география импульсті тым енжар қабылдады және Зейферт ұсынған Дүние бөліктерін
жіктеумен бірге геосаясатқа мүлде орын жоқ арнаға түсіп кетті, өйткені осынау өзінен-өзі
келген шешім Декан, Батыс Арабия, Кемер үстірті, Ішкі Аргентина, бурлардың бұрынғы
мемлекеттері (Трансвааль және Азат Қызғылт мемлекет) сияқты нағыз құрлықтық
бөліктерін басты бөліктен (негізгі сүйегінен) шеткі бөліктерге ыдыратса, шеткілерін
негізгі сүйегіне қосты, сөйтіп бәріне іс саяси зорлық көрсетті. Оңтүстік Африкадағы (яғни,
ағылшын - бур) соғыстан кейін тіпті ештеңемен қатар қоюға келмейтіндей шиеленіскен
"imperium aut libertas" жағдайында бурларды жуасыту және империя құрамында ірі
доминионда сақтау үшін Бернард Холлан ағылшынсакстарға данышпандық шеберлікпен
аңғартқан: ол келтірілген тіркесте aut- ім (немесе) еt-ке (және) ауыстыру қажет деді, мұны
Дүние поліктерін жаңаша жіктеу туралы Банзенің ұсыныстарымен басын қатырмаған,
"субконтинент" деген бұлыңғыр ұғымға оң қабақ танытқан Саймонның (1930)17
комиссиясы қабылдап алды. Үнді проблемасының мәнін ашуды аталмыш комиссия
мынадан бастайды: аумағы Ұлыбританиядан жиырма есе үлкен, ал халқы Америка
Құрама Штаттарындағыдан екі жарым есе көп Үндістан "ел" емес, ол түрлі нәсілді және
көзқарастағы адамдар тұратын, бірігу сезімі, қауымдастық сезімі жаңа ғана аяғынан тұрып
дамып келе жатқан "субконтинент". Ұқсас пікірлер 1914 жылы субгермандық,
субжапондық жер кеңістігі туралы да айтылған еді.
Бұл арада, демек, "субконтинент" ұғымы Азия панидеясы - панүндістан немесе ұлы
үндістан сияқты шағын құрылымның негізі ретінде нақты көрініс береді, және бұлай
көрсету бір жағынан оған қысым көрсеткендер һәм қарсы күрескендер тарапынан болса,
екінші жағынан - орталыққа біріктіру арқылы оны ең алдымен рухы жөнінен өміршең
еткендер тарапынан болды.
6
"Petermanns Mitteilungen". 1912. Kte