Page 27 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Кветта - Иран үстіртінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі қазіргі Пәкстан провинциясы
Белуджистанның әкімшілік орталығы.
13. 1815 жылғы Вена конгресінен кейін Люксембург голланд королі I Вилгельмге берілген
еді, 1867 жылдың 11 мамырынан ол сыртқы державалардың кепілдігін пайдаланатын
мәңгі бейтарап мемлекет болып жарияланады.
14. Автор 1919 жылғы Версаль бітімінің шарттарын сөз етіп отыр.
15. Сеттльмент - отар немесе жартылай отар елдегі қала, бұл жерде Шанхай, ішіндегі
аудан, оған жергілікті биліктің құзыры жүрмейді, онда тұратындар да, басқаратын да -
шетелдіктер.
16. Анурадхапура - Шри-Ланканың солтүстігіндегі қала. Ерте заманда (б. д д V ғ. - б.д. XI
ғ. басы) бірінші Сингал мемлекетінің астанасы. Сәулет өнерінің қорығы.
17. Жапон теңізіндегі аралдар.
18. Шамьянь - Гуанчжоудың (Кантон) шетелдік концессиялар орналасқан батыс бөлігінің
қарсысындағы арал.
19. Савойя - солтүстік-батысында Италиямен шектесетін оңтүстік - шығыс Франциядағы
бір кездегі герцогтық. XI ғасырдан Савойя әулеті басқарды, көрші елдердің шабуылына
жиі ұшырап отырған. 1790 жылы Сардиниямен және Пьемонтпен Сардиния корольдігіне
біріктірілген. 1861 Францияға берілді.
20. уақытша сипаттағы (лат.).
21. толерантты (лат).
22. бейтарап (фр.).
23. табиғи (фр.).
Екінші бөлім
III тapay
ДҮНИЕ БӨЛІКТЕРІН ECKI СТИЛЬДЕ БІРІКТІРУ
Географиялық оқшауланудың мүмкіндігі ретіндегі пан-Азия, пан-Еуропа, пан-
Африка және пан-Австралия
Дүниенің тарихи даму барысында бірігуге (Zusammenfassung) ең жақын келген бірінші
бөлігі - кең байтақ далаларында шет аймақтардағы мәдени шеңберлерді топтастыруға
немесе сол кездегі биліктің көмегімен оларды бір-бірімен біріктіруге ұмтылған ұлы
империялар бой көтерген халықтардың бесігі Азия болды. Оқшаулықтың ұлан-ғайыр
мүмкіндіктері жағдайында алғашқы мемлекеттік-құқықтық бірлестікке 1900 жылы
қарапайым ғана Достастық (Commonwealth) деген атпен Австралияның (Дүниенің
геологиялық тұрғыдан ең ежелгілерінің бір, бірақ жоғары ұйымдасқан нәсілдер қоныс
тебу тұрғысынан ең жас бөлігі) қолы жеткен еді, алайда ол кезде оның құрамына маңызды
арал - Жаңа Зеландия кірмеді және одақтың біршама жасанды болуы себепті ішкі нағыз
қанағаттандыру болмаған-ды. Бірінші халықаралық-құқықтық бірлестікке және бірлескен
консультациялық органдар құруға Латын Америкасы мемлекеттерінде тиісті идеология