Page 26 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
3. Әңгіме бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Версаль реттеуінің негізінде белгіленген
Германия шекаралары туралы .
4. Галиция - Австрия империясы басып алған батыс Украина және Польша жерлері
бөлігінің тарихи атауы, Речь Посполитаны бірінші бөлшектеу бойынша (1772 ж.) - Шығыс
Галиция және үшінші бөлшектеу бойынша (1795 ж.) - Батыс Галиция.
5. Нара - Хонсю аралындағы мәдениет пен діннің ежелгі орталығы. Бірінші императорлық
астана (710-784) және буддизмнің маңызды орталығы. Музей - қала.
6. Карл V (1500-1558) - 1519-1556 ж.ж. рим - герман императоры және 1517 жылдан испан
королі;оның қол астында ұлан-байтақ империя болды (отарларымен Испания,
Нидерланды, итальян, австрия және герман жерлері). "Әлемдік христиан державасын"
құру жоспарын іске асыруға талпынды. Франциямен, Осман империясымен соғыстар
жүргізді. Германиядағы Реформациямен күресте жеңіліс тапты. Неміс протестанттарымен
Аугсбург бейбіт келісіміне келгеннен кейін (1555) тақтан бас тартып, испан монастырына
кетті.
7. 40 жылға созылған итальян соғысының нәтижесінде Францияның 1559 жылға қарай V
Карл империясының дұшпандық пиғылынан босануға қолы жетті. Като-Камбрезиде
бейбіт келісім жасалып, соның нәтижесінде Францияның шығыс шекарасы нығайды
Шығыс Лотарингияда Мец, Туль және Верден секілді аса маңызды үш бекініске ие болды.
8. Цаберн - 1870-1871ж.ж. франко - прусс соғысының нәтижесінде Герания тартып алған
Эльзастағы қала. Күшпен германдандыру, герман мәдениетін зорлықпен енгізу саясаты
Цабернде, кейін бүкіл дерлік Эльзаста қатты наразылық тудырды. Қалыптасқан жағдайға
байланысты герман рейхстағы орасан дауыс басымдығымен империялық герман үкіметіне
қарсы қарар қабылдады.
9. Жопония аяқталмаған буржуазиялық революциядан кейінгі алғашқы жылдардан - ақ
жаулап алу соғыстарын жүргізді. 1879 жылы ол Рюкю аралдарын аннексиялады, 1895
жылы Қытаймен соғыс нәтижесінде Тайваньға және Пескадор аралдарына үстемдік
орнатты. 1904-1905ж.ж. орыс - жапон соғысында Ресейдің жеңіліп қалуы Жапонияның өз
аумағына Сахалиннің оңтүстік бөлігін қосып алуына және Қытайдың Ляодун түбегін
басып алуын мүмкіндік берді. 1910 жылы жапон аралдарынан континентке апаратын
көпір іспеттес һәм Жапон теңізіне кіре берісте аса маңызды позиция ұстап тұрған Корея
аннексияланды. Әскери өктемдік пен идеологиялық өктемдік бірге жүргізілді: басып
алынған жерлердің бәрінде синтоистік ғибадатханалар салынды.
Формоза (порт,- әдемі, тамаша)- Тайвань аралының XVI ғ. португал теңізшілері берген
және бүгінгі батыс еуропалық, американдық әдебиетте қолданылатын атауы.
10. Кронштадт - Брашов қаласының (Румыния) немісше аты. Қаланың тарихи ескерткіші -
"Қара" готикалық шіркеуі (XIV - XVII ғ.ғ.). Брашовтың көптеген тұрғындары XIII ғ. өзінде
Германиядан көшіп келгендердің ұрпақтары.
11. Марбург ( Марибор) - Драва өзенінің жағасында Австрия шекарасына жақын
орналасқан Словениядағы қала.
12. Пешавар - Пәкстандағы Ауғанстанға апаратын тас жолдың Хайбер өткелі тұсындағы
қала.