Page 25 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
айналымына кедергі ететін себепке айналады) салдарынан қысым көргендіктен семіп
қалған ба, - соған қарай үлкен айырмашылықтарын көрсетеді. Австрияның ескі және жаңа
шекараларында сондай көріністер толып жатты, Сербия мен Орталық Еуропаның
арасындағы қарым-қатынастар шекарадағы венгрлік кедергілерге байланысты осылайша
бұзылды.
Егер біз Е. Тэноның бөлуімен келісер болсақ, тағы бір мүмкіндік беріледі, онан біз
бөлшектелген, мойындалмаған, зорлыққа ұшыраған (demembree), әлсіреген және ratione
temporum тым шыдамды (tolerandae), мүлдем кенересінен шыққан және мүлдем ұмыт
қалған (neutre) һәм табиғи, ұдайы екі жақ та қалайтын (naturelle) шекараларды көреміз.
Бұл мағынада алсақ, қазіргі неміс мемлекеті, азын - аулық жерлерді есептемегенде,
"frontiere demembree" қоршалған. Швейцария және Голландия шекараларын бейтарап
("neutre") ретінде, тек жағалауды (Wasserkante) - табиғи ("naturelle") шекара ретінде, бірақ,
басқа да теңізбен шектесіп жатқан егемен мемлекеттер сияқты қорғануға құқығы бар
шекара ретінде сезінуге болар еді.
Сүзілу (Uberwallung) пошымдарын зерттегенде биогеография мен биологияның даму
процестерін аса кең көлемде тарту керек. Біз жүрек қалауы қай жерде үзілетінін, қай
жерде жаңа түбегейлі түзілімдер пайда болатынын, қорғаныс сауыты ретінде
ғимараттардың шоғырлануының барлық пошымдары дамитынын көреміз. Сонымен бірге
біз қалыптан тыс ұлғайған дамудың қауіптілігін де көреміз және өміршең пошымдар
жомарт та ұзақ уақыт қолайлы ауа райына қарағанда, әрқашан шабуылға, қауіп-қатерге,
бұлыңғырлыққа жақсырақ бейімделетінін мойындаймыз. "Хи йори ми то" тамаша ауа
райы партиясы - Жапонияда саяси түзілімдер осылай аталған, олар ауа райы қолайсыз
болғанда таратып, қимылын тоқтатқан. Мемлекет өмірінің көптеген көріністері, әсіресе
сыртқы шептерде алынбастай болуы тұрғысынан, мүлдем аз зерттелген.
Ішкі құрылымның қуаты мен біртектілігі, әрине, шекараларда, сыртқы құрылымда көрініс
береді, дәл сол сияқты шекаралардың түзілуінде және олардың беріктігінде ұсқыны
мекендік, бұзылып жарылу, тартылып біткен жаралар көзге ұрып тұрады.
Егер біз сыртқы жарқыл мен ішкі беріктік қарама-қарсылығын зерттей отырып, түйіскенде
болатын тұр өзгеру мен оның бояуға бай, қызықты, бірақ нашар сақталған тас қатпарлары
туралы көзқарастар негізінде шекаралық құрылымдарға, шекара түрлеріне назар аударсақ
және, демек, түйіскенде болатын адамдардың шекаралық мінез-құлықтарындағы мәдени -
географиялық, саяси һәм экономикалық өзгерістерді мойындасақ - онда бір ерекше әділ
аналогия анық көрінеді.
Қай жерде болмасын біз пайдасын көретін мәдениетті, к уа і пен экономиканы шекаралық
жетістіктер бойынша жіктеу бізге кейбір көріністерді бір қатарға қоюды және өзіміз
Орталық Еуропада тым аңғырт сенген қауіпті жерлердің ыдырауға дайын тұрғанын, берік
емес екендігін мойындауды жеңілдетеді.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. Әңгіме 1919 жылғы Версаль бейбіт бітімі туралы .
2. Яғни, Австрияға; Транслейтаниядан айырмашылығы - Венгрия, Трансильвания
(Семиградье), Хорватия, Славония - Лейта (Дунайдың саласы) өзенінің ар жағында
орналасқан сол кездегі Австро-Венгрияның иеліктері.