Page 24 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Шектен тыс толыққанды, сергітуші, оңай желіктіруші шекараны (Reizgrenze) тыныш
немесе сіресіп қалған, шалажансар, тоқырау шекарасына қарсы қоя отырып, тегінде,
жемісті антропогеографиялық (яғни, геосаяси) қорытындыларға келуге болады.
Сергітетін, қызықтыратын шекаралар бір немесе басқа өмір пошымдары жөнінде осыған
ұқсас ахуалды белсенді немесе енжар байқатады. Олар антропогеографиялық көзқарас
тұрғысынан байланыс желісінің жеделдетіп тартылуын, халық қысымының күрт өзгеруін,
оның жерге неғұрлым бостан көзқарасын, натуралық шаруашылықтан, автаркиядан таза
ақша шаруашылығына немесе жалғыз дақылға өз "хинтерландысындағыдан" неғұрлым
ертерек көшуін, неғұрлым ертерек әлеуметтік жіктелуді, еңбек бөлінісін, сондай-ақ
құлықтың бұзылуын, нәсілдердің, соның ішінде жануарлар әлемінде және шаруашылық
өсімдіктер әлемінде неғұрлым тез әрі неғұрлым терең араласа түсуін көрсетеді, олардың
одан әрі тарала түсуіне содан кейін еркін жағалаулар, ашық порт аймақтары, транзиттік
вокзалдар өңірлері, озық тірек пункттерінің барлық түрлері, коммуникациялар көмейлері,
порттар отарлары (Қытайдағы сияқты), халықаралық отарлар (Шанхай сентльменті)15 қам
жейді. Көбіне дербес дерлік ұсақ транзитті мемлекеттерді бөлудің нағыз орталықтары мен
орталықшаларын (большевиктік үлгі бойынша) олар , шар жүйесіне телінуге бейім
болады.
Бұл орайда әңгіме тірек пункттерін теңізде (Данциг, Гонконг, Сингапур), көлдер мен
өзендерде (Линдау, Констанц, Ими өзенінің бойындағы қалалар, Зальцбург), тау
асуларында (Партенкирхен, Клеве-Плюрс), тау аймақтарының бөктерлерінде (Пешавар,
Верона, Беллуно, Герц), орманды аймақтардың ойылымдарында (Мәскеу), өркеш-өркеш
құмдар арасындағы өткелдерде (Биканер, Джайпур секілді сортаң шөлдердің етегіндегі
парсы сауда пункттері) орналастыру туралы болса да, бәрібір географиялық көріністер
туыстас болады.
Барлық жерде толассыз күшейе түсетін өміршеңдік сондай - ақ мәдени - географиялық
тұрғыдан келгенде стильдерден ғаламат араласуынан, құрылыстар мен бұйымдардың
жергілікті һәм жат үлгілерінің, сондай-ақ мәдениет лейтмотивінің (Гандхара мәдениетінде
грек өнерінің бейнеленуі, турфандық олжалар, ағылшын - үнді отарлық стилі,
архитектурадағы жаңа каталондық стиль) жұтылуы мен одан әрі таралуынан көрінеді.
Халықтар мен мәдениеттердің антропогеографиялық, көптеген руналар бәдізделген
шекаралық белгілер әсіресе кеңістікте байланысқан, жақсы көзге түсетін жерлерде
тағлымды. Гвалиор, Ангкорват, Пекин мен Мукден (Шэньян), Анурадхапура б, Мәскеу,
әсіресе Кремль, сондай-ақ Вена мен Мюнхен сондай.
Сипаты жағынан өте күшті және есен-сау саяси-географиялық өмірлік пошымдарға
қарама-қарсы ерекше қоздырғыш пункттерді оқшаулау жиі орын алады. Осима мен
Хиридо жөнінде Жапония, Шамьянғақарсы Кантон жөнінде Қытай осылай істеді, сүзгі
ретінде Англияда Шығыс Лондон да австриялық Альпы жерлері жөнінде Вена да
соншалық қауіп ойлатады; империялық қалалар сепараттық аудандар (Нюрнберг - Фюрт!)
ретінде құрылып отырды, дегенмен мемлекеттерде де кейде осы негізде ерекше органдар
ретінде қалыптасуға ұмтылады. Асулардағы альпілік мемлекеттер: Савойя, ежелгі
кантондар, Тироль, барлық Альпіге үстемдік жүргізген Зальцбург және Фрейзинг ірі
епископтықтары осы негізде өсіп шыққан.
Қатып қалған немесе қатая бастаған салғырт шекара мүлдем басқа көрініс береді. Шекара
ішкі тоқырау нәтижесінде пайда болған ба (1636 және 1854 жылдар арасындағы Жапония,
қартайған Венеция), немесе сырттан көрсетілген мәжбүрлеудің, немесе қоршаудың,
немесе кез-келген сыртқы ықпалдың (ал ол іштей табиғи қарым-қатынасқа және қан