Page 23 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Төртінші тұрпат - қорғаныс ахуалындағы бекітілген шекара (Schutz-grenze). Онда көбіне-
көп екі жағынан да ірі құралдармен нығайтылған күшті қорғаныстық құрылыстар бар,
дұшпандық пиғылдағы өтпелі коммуникациялар мен қорғаныс аймақтарын көтермелеуге
бейілділік болады. Кәнігі көз әскери-техникалық жағынан жоғары дамыған қорғаныстық
шекараны сақадай сай шекарадан оп-оңай айыра алады. Бірінші жағдайда негіз қызыметін
ұзақ мерзімге есептеліп, мықтап салынған бекіністер атқарады: қамалдар шеру жасамайды
ғой! Мәселен, нақ Жоғарғы Рейн бекінісі немістердің дәл осы жерде шабуыл жасауды
қаламайтынының нышаны. Демек, бұл бекініс Базельді қоздырудан гөрі, тыныштандыра
алатын. Алға сұғына орнатылған рампалар, коммуникацияны дайындау, салынған темір
жолдар (Пешавардағы, Мервтегі, Кветтадағы секілді) және бөтеннің ірі өзендеріне көпір
салу үшін жеткізіп қойылған құралдар - шекарадан аттап өту пиғылының нышандары!
Англияның Зебрюггеде (Бельгия) және Эсбьергте (Дания) пирстер құрылысын бастауы,
десант түсіру үшін дайындап қойылған мүмкіндіктер, кәпір алдындағы бекіністер,
көршілерде германдық Рейндегі секілді, қамалдарды зорлап бұздыру – әңгіменің тек
қорғаныс пен қауіпсіздік туралы болып отырмағандығының мен мұндалап тұрған
нышандары.
Ақыр соңында, бесінші тұрпат (V) - қарусыздандырылған тағдыр тәлкегіне қалдырылған,
кіріп алу, қопарылыс жасау, бой көрсету, бөтеннің тірек пункттері мен қатынас
халықтарына басып кіру үшін ашық жатқан ыдырау үстіндегі шекара (Zersetzungsgrenze).
Халқының ахуалы әрі-сәрі аралық өңірлер, шағын кеңістіктерге бөлшектелу (іріткі түсу)
оны бірден танылатын етеді. Өз тарапынан ондай шекара қатынас орталықтары мен тірек
пункттерінің арқасында нақ неғұрлым күшті, өсіп келе жатқан өмірлік пошымдар мен
оның тұрғындарының рухани ахуалына ықпал етy нәтижесінде іріп-шіритін болады.
Коммуникациялар жүйесінің тасымал қарқыны (темір жолдардағы қозғалыс қарқыны)
бірдей болғанда қатынас құралдарының шабуылдың және қорғаныстық сипаты оңай
таратылады.
Үшінші тұрпаттың бір кіші түрі ретінде, тепе-теңдік шекарасының бір түрі ретінде
қарастырған жон болатын тағы бip тұрпат - тыныш, анэйкумендікке жақын шекара.
Шекаралар шикізат ресурстары бар және ел қоныстанған аймақтарды бір мезгілде
неғұрлым көбірек көмкерсе, олар неғұрлым сенімді де қауіпсіз; басқаша айтқанда,
шекаралық қарым-қатынас үшін ыңғайлы тыныш, инертті шекара ( hyigheitsgrenze)
шекараның мүлде қызықтырмайтын, тұйық түрі сияқты ұзақ уақыт өзгеріссіз қала алады.
Қарама-қарсы тарапта, әрине, қаттырақ қауіптену орын алады, онда жер бетінде немесе
оның астында не бар екендігін білуге бой алдырады; жер бетіне шыққан қыртыс (тұз,
калий, тас көмір, темір рудасы) нышандары өз ықпалын жасайды. Шекарадағы
авантюристік қимылдар нақты пайда бола алады: кен қабаттарын байланыстырып жатқан
өткелдер (Берхстесгаден - Халлейн), штольнялар Мюльхаузеннен солтүстікке қарай
жатқан Жоғарғы Эльзастағы калий кендерінің арасындағы секілді әскери-техникалық
тұрғыдан бөлініп тасталуы керек; және бұл арада, әлбетте, шама шегіне кімнің болсын
қолы жетеді (Мюльхаузен мен Баден арасындағы калий тұздарының кені, Брие бассейні,
Жоғарғы Силезияның тас көмірі, Амурдағы алтын кеніші). Осындай әзәзілдік қатынасқа
Қытай мен Үндістан арасындағы ірі өзендердің меридиандық арналарының бөлгіштік
қабілеті бүгінде ештеңені бөлмейтін ауған шекаралық тау өңірлерімен салыстырғанда
қаншалықты күшті қарсы тұр десеңізші. Шекара орнатуда геология, ландшафт
морфологиясы, климат, биогеография ықпалдасқан жерде, бізде ең жақсы шекаралар
болады; бірақ бәрінен жақсы шекаралар адам бармайтын жерде - анэйкуменада!