Page 22 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Мер, Хохкенигсбург, Мюрбах... сондай-ақ Кайзерсбергтегі ғибадатхананың Гейлері...
Марбург және көне герман қоңыраулары бар,халық билігіне шаттанған Гент - міне, мұның
бәрі анық жоғалған шекаралық белгілер әрі бір жағынан халқымыздың тарихының
қасиетті тәбәріктері!
Демек, асқақ мұраттарды көксеген біз сандық даярлық жұмысын және даму барысының
салыстырмалы зерттеуін жүргізсек қана, сонда ғана мәдени - географиялық, саяси және
экономикалық - географиялық перифериялық функциялар бойынша сапалы типтендірудің
жеткілікті негіздерін белгілей аламыз, және, әрине, сол арқылы жасампаздық үшін құнды
іргетас қалаймыз. И. Зёльх, әсіресе ғылыми географияда табиғи шекараларды мұқият
қарастыруымен белгілі, С. Б. Фосетт өзінің "Frontiers" кітабында frontier (шекара) мен
(шеп) қатаң ажыратуымен, "frontier" ұғымының қызметін талдауымен және олардың
эволюциясына өзінің көзқарасымен, меніңше, неғұрлым саналы да дәйекті түрдe Ратцель
мен Зигерден ілгерлеп кетті.
Мұндай тұрпаттауды, топтар мен қатарларға бөлуді төмендегідей саяси-географиялық
көзқарастарға сәйкес жүзеге асыруға болар еді, ал олар, әрине, жүйелендіру хақындағы
толып жатқан ықтимал ұсыныстардың тек біреуін ғана көрсетеді.
Бірінші топты (I) айқын ілгері тұрған, әскери - географиялық тұрғыдан тірек органына
айналған (Greiforgan) шабуылдау шекараларынан түзуге болар еді. Шекарадағы тірек
пункттері (Wachstumsspitzen), коммуникациялар көмейі (Verkehrskopfe), Ратцель өзінің
"Gesetzen des raumlien Wachstums der Staaten" ("Мемлекеттердің кеңістіктегі ұлғаю
заңдылықтары") кітабында оларды ғаламат суреттегендей, сондай шекараның көп нәрсені
қамтитын тірлігіне Оңтүстік Қытайға қатысты Гонконг (Сянган) пен Коулун (зюлун),
Шығыс Иранға қатысты Пешавар мен Кветта сондай; Мексика Рио-Гранде бойымен
шекараны, ал қазіргі Германия - Страсбургты солай сезінеді.
Бірінші топқа жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, коммуникациялары мол, әрқашан
ойдағыдай жылжытылатын, қамтылып отыратын шекара (II) жақын. Әскери -
географиялық тұрғыдан оны сақадай сай шекара деп атауға болар еді. [Германияның]
батыстағы мемлекеттік шекарасын, 1914 жылдың қарсаңында таза стратегиялық есеппен
француздардың ақшасына салынған, темір жол жүйесі бар орыс шекарасын нақ сондай
шекара, атап айтқанда, "Шарм араны" (trouee de Charmes) және поляк темір жол жүйесі
сияқты әскери - географиялық тұзақ ретінде ойластырылған китұрқылары бар шекара деп
қаншалықты кеңінен қарастыруға болар еді? Герман штабы әлі орыстардың ел ішіне қарай
шегінуі және бүкіл осынау шекаралық ұйымды тағдырдың тәлкегіне қалдыруы мүмкіндігі
бар деп санаған кезде, неміс әскерінің сол қанаты Лотарингиядағы шайқастан кейін
Эпиналь мен Шарм арасына төтесінен тартқан кезде олар солай елестетіліп пе еді ?
Ортаңғы, үшінші басқыш (III) - тепе-теңдік шекарасы, ол инстинкт тұрғысынан дұрыс
немесе түсінілген өмірлік пошымдарды екі жақтан да бір мезгілде әрі бөліп тұратын, әрі
біріктіретін кезде орын алады және тек өзара түсіністік болғанда ғана жасалатын ең берік
шекаралық пошымдардың бірі. Кей-кейде оның екі жақты қауіпсіздігі - кондоминиум
ахуалының арқасындағы беріктік нышаны, көп уақыт бойы Люксембург пен Мореснет
үшін, әсіресе Люксембург голландықтардың қолында болған кезде, солай көрінген
болатын, егер қарсы жақ оның артықшылығын сезінгенде, Эльзастағы, Оңтүстік
Тирольдегі шекаралық ландшафттарға берілген кеңінен ойластырылған автономия
шамамен сондай бола алар еді.