Page 21 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қарай орналасқан негізгі ланд - шафттарының еш шекаралық қорғанысы жоқ екендігін
(бір кездергі Краков пен Перемышльдің (Пшемысль) ар жағындағы "гласис" қызметін
атқарған Галиция секілді) әлі айқын түсіне қоймаса, Жапонияда шекаралық инстинкттің
ертеде пайда болғандығының үлгілері бар, бұл 12-император тұсындағы бір аңызда
ұлттық қасиетті дүниені - Күн храмын - Бардан Исэге ауыстырған кезеңнен бастау алады,
яғни, ежелгі заманда - ақ қорғаныс құрылымдарына бейімділіктің пайда болғанын
дәлелдейді.
Демек, алдын ала жүргізілетін сандық жұмыс баға жетпейтін құндылықтарды
(Imponderabilien) әрдайым қаперде ұстауға тиіс, онсыз пікір түю мүмкін емес. Аталмыш
жағдайда географияның ең қиын есептерінің бірі бадырайып көрінеді, және бұл жағын,
меніңше, математикалық есептерге тым көп ден қоятын Вагнер жеткілікті бағаламаған.
"Бөлінбейтін қалдық қалады", - дейтін Челлен әділін айтады.
Бірақ біз бұл жарақатты қозғауға тиіспіз, өйткені бұл арада біздің ұлт ретіндегі күш-
қуатымыздың қалыптасуы, аса шарықтаған замандарды да қоса алғанда, бүкіл
тарихымыздың он бойында жазмыш секілді созылып келе жатқан немістің ұлттық адасуы
айдын анық көрінеді. Тек көптеген мысалдардың арасынан Жапония тарихынан алына
салынған осынау шекаралық инстинкт мысалымен қатар контраст ретінде V Карлдың:
"Егер бір мезгілде түріктер Венаның, ал француздар Страсбургтың алдында тұрса, мен
ойланбастан Страсбургке көмекке асығар едім" (бұл арада неміс жерінен қатерді
алыстатқысы келіп, әлемдік ауқымда ойлаған императормен келіспеуге болмайды) деген
пікірін келтіру қажет, бірақ есесіне "Мец пен Магд императордың биге шақыруын
қабылдамады..." деген ойнақы, ақымақ әуенін де ұмытпау керек. Мец маңындағы сәтсіздік
герман батыс шекарасының күйреуінің бейне бір бастапқы пункті болмағандай! Ғасырлар
өткеннен соң да, мысалы, соғыстың аз ғана алдында Цаберн хақындағы мәселені үстірт
қараған герман рейхстагының тәртібі және басқа көптеген нәрселер одан жақсы бола
қойған жоқ.
Неміс тарихы
5
инстинктті нақ осы тақылеттес жоғалтуға толы. Бірде Ф. Эндрес римдік
жазушылар шығармаларына сүйеніп, ертедегі тарихтан осының пайдасына дәлелдер
келтіруден қаймыққан жоқ.
Жапонияның тарихи даму процесінде қысылып-қымтырылмай-ақ инстинкттік
қарекеттерден өз шекараларында өмірлік пошымдарды қорғауға қалай көшкенін
салыстыру таң қалдырады, өйткені астананы 794 жылы Нарадан Киотоға (Хэйян)
ауыстыру, 1874-1909 ж.ж. Кореядағы қарекеттер, Бонин, Рюкю (Нансей), Формоза
(Тайвань) аралдарын басып алу және көптеген басқалар сондай қарекеттерге жатады.
Біздің Екінші империямен бір мезгілде гүлденгеніне қарамастан, сол уақытқа дейін сондай
қатерлерді бастан өткерген жапон әлемдік державасы енді жер кеңістігіндегі табиғи,
жақсы қорғалған сыртқы бекіністерінің арқасында, ұлттық қасиетті орындарына нұқсан
келтірместен, солардың бәріне билік жүргізіп отыр. Ал біз қалай сейілдедік?
Страсбургтағы кафедралдық собор, Арадағы Сен-Трофим шіркеуінің империялық бүркіті,
Данцигтегі (Гданьск) құдай анасы Марияның костелі, Познаньдағы император сарайы,
Тирольдағы замок, Фогельвайдхоф, Прагадағы әулие Витт (готикалық) соборы, бір
замандардағы империялық дәреже белгілері сақталған Карлштейн, Мархфельд және
Прессбург (Братислава), Кронштадт, Ауэрсперг, Рункельштейн, Либенберг, Герхардс-
5
Suddeutsche Monafshefte. 1919.