Page 20 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
18. Мандаттық жүйені 1919 жылы Антантаның басты елдері өздері жаулап алған бұрынғы
герман отарларын және Осман империясынан бөлінген аумақтарды басқару үшін енгізген
болатын. Герман отарларын болу 1919 жылғы 6 мамырда Вильсонның, Клемансоның және
Ллойд Джордждың кеңесінде және Антантаның Жоғарғы кеңесінің 1919 жылғы 1
мамырдағы отырысында келісілген еді. Жапония Маршалл, Каролин және Мариан
аралдарына иелікке мандат алды; бұл шетел капиталының өз иеліктеріне енуіне тосқауыл
қоюға құқық беретін С класты мандат болатын.
19.Автаркия (грек. - өзін өзі қанағаттандыру) - бұл жерде сөз барлық өнімдерді өзі
өндіретін және тұтынатын, яғни, импорт пен экспортсыз күн көретін елдің шаруашылық
ахуалы туралы болып отыр.
20. Порфирио Диас (1830 - 1915) - Мексика президенті (1877-1880;
XV тарау
Шекараларды сапасы мен тұрпаты бойынша бағалау
Шекараларға талдап әзірлену дәлдігі (сапа) және сол тақылеттес көріністерін ескере
отырып, туыс қатарларға (тұрпаттарға) қойылу қабілеті бойынша кез-келген баға берудің
негізіне біз сандық және генетикалық алдын ала жұмысты алуға тиіспіз. Шекараның
ұзындығы мен құрылымы, ол бастан өткеретін қысым және оны құрудағы еркіндік
механикалық түрде орнатылуы, оның қалыптасуы барысында біз бағалы ойларымызды
айтуға тәуекел еткенше объективті түрде анықталуы мүмкін, ал сапа мен тұрпаттарға баға
берудің жетіле түскендігін қаперге ала отырып, біз мұны істеуіміз керек.
Біз бұған дейін атап өткеніміздей, Вагнер мен Зигер механикалық негіздерді белгіледі...
Мауль мен Дикс оларды одан әрі кеңейтті. Карталарды жай қарап шыққанның өзінде
біздің көзімізге белгілі ақиқаттар бадырайып көрінді, оларға, тегінде, саяси есеп
жетіспейтін. Мәселен, жапонның материктен жырақ жатқан, өте-мөте кескіленген Тынық
мұхиттық жағалау шекарасы мен қашық, біркелкі жапон теңіз шекарасы (бұл екі
шекараның ара қатынасы 4:1), айталық, Париж маңайында жасалған шарттардың
нәтижесінде күшейген Германияға, немесе соғыстың алдында шекараларды авантюристік
құру салдарынан Цислейтанияға2 жасаған ретсіз қысыммен салыстыруға лайық.
Одақтың бір қатысушысы (яғни Цислейтания) бастан өткеріп отырған шекаралық қысым
әдетте Германияда байқала бермейтінінің себебі мынаның салдары болатын: Габсбург
монархиясы әрқашан тұтас бір дүние ретінде қарастырылып, оның екі бөліктен тұратыны,
және кезі келгенде бірі екіншісін титықтатып барып қосып алатыны қаперге алынбайтын.
Францияда бұл қатынастар қарсы тұруға саяси ырық пен өміршеңдікке баға бергенде
неғұрлым мұқият ескерілетін.
Демек, шекараға ашықтан-ашық қысым - егер мұны халық түсінбесе - тәрбиеші ретінде
жеткіліксіз: басқаша болса Германия мен Австриядағы өсе түскен шекара қаупі жөнінде
күдіктің мұндай болмауын табиғаттың өзі қорғап тұрған Жапониядағы нәзік шекара
сезіміне қарсы қоюға болмас еді.
Мысалы байырғы Бавария жерінде бүгінде оның шығыс шекаралары туралы келісім
нәтижесінде оның Хоф - Нейштадт - Регенсбург - Дунай арнасы (ағыс бойынша жоғары
қарай) -Донауэшинген - Шварцвальдтағы Нейштадт сызығынан шығыс пен оңтүстікке