Page 19 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жағдайда езгінің құрбаны болған халықтардың түпкі мүдделерімен есептеспейтін отарлау
саясатына қарсы көзқарастың айқын белең алатыны байқалады. Нақ осы маңызды
мәселеде Хаусхофердің көзқарастары халықаралық болмысқа қайшы келеді.
Өзінің ұстазы Ф.Ратцельдің идеяларын жалғастыра отырып, Хаусхофер мемлекеттердің
кеңістікте ұлғая беруін қалыпты, дәлірек айтқанда, әбден орынды жағдай деп есептейді;
әрі мұндай ұлғаю бұрын тіршілікке жарамсыз деп саналған жерлерді ғылыми-техникалық
прогрестің арқасында игеру арқылы да мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл жерде
Хаусхофердің тура айтылмағанмен, жанама түрдегі тұжырымы - осынау процесте басты
нәрсе күш көрсету, зорлықпен жаулау болып табылады. Оның пікірінше, мұның құны -
қол жеткен жаңа кеңістік.
Оның еңбектерінде "теңіз қарақшылары", "дала қарақшылары" деген тіркестер жиі
кездеседі. Олар, әрине, жай ғана әсерлі тіркестер емес, солар арқылы К. Хаусхофер өзін
капиталистік, жаулаушылық саясаттың қарсыласы, басқа халықтарды отарлаудың
қарсыласы етіп көрсеткісі келеді, алайда бұл оған Германияның бірінші дүниежүзілік
соғыста жеңіліс тауып, соның салдарынан айырылып қалған отарларына құқығы
"өзгермейтінін" дәлелдеуге кедергі етпейді. Сонымен қатар ол халықтардың табиғи орын
ауыстырып отыруы мен "отарлық" жаулаудың арасына теңдік белгісін қояды да,
мемлекеттердің тарихи қалыптасуы туралы мәселенің өзін шатастырады.
Өзінің сөз саптауы бойынша, "теңіз қарақшылары" - ең алдымен Ұлыбритания, Франция
және біршама аз көлемде Голландия, Бельгия, Испания, Португалия - жүзеге асырған
отарлық жаулау турасындағы оның пайымдауларының негізсіз еместігімен келісуге
болады. Аталмыш мемлекеттер өз флоттарының қуатына сүйеніп, басқа құрлықтарға
басып кірді, ұлан-байтақ аумақтарды иеленді, ондағы тұратын халықтарды өздерінің
алым-салық төлеушілеріне айналдырды.
Ал "дала қарақшылары" тақырыбына келетін болсақ, мұнда мәселе басқаша. Далалардың
Еуропаның шығыс бөлігінде және Азияда, прериялардың - Солтүстік Америкада,
пампастардың - Оңтүстік Америкада орналасқаны белгілі. Тарихтың бұйрығымен бұл
жерлерге халықтардың қоныстануы, оларда мемлекеттердің қалыптасуы әрқилы болды.
Солтүстік Америкада жергілікті халық резервацияларға шоғырландырылып, болған
жерлер гомстед (жер учаскесі) жүйесінің көмегімен қоныстанушыларға үлестірілді, ал
бұл, әрине, үлкен жер көлемдерінің алыпсатарлық жолмен монополиялардың меншігіне
өтуіне тосқауыл болмады. Оңтүстік Америкада үрдіс басқаша дамығанымен, оның
нәтижесі жергілікті үндіс халқы үшін бәрібір соншалықты қайғылы болды.
14. Әңгіме 1904-1905 ж.ж. орыс - жапон соғысы туралы; оның нәтижесінде Ресей масқара
жеңіліске ұшырап, бұл Оңтүстік Маньчжурия мен Кореяның Жапонияға тәуелді болуына
әкеп соқтырды. Маньчжурия ол кезде аз қоныстанған әрі мүлде дерлік қорғалмайтын,
Қытайдың Жапонияға ең жақын тұрған бөлігі болғандықтан, Азия құрылығында одан әрі
экспансия жүргізуге пайдалануға болатын плацдарм ретінде Жапония үшін ересен
қызығушылық тудырған еді.
15. соттың қарауында (лат.)
16. 1904-1905 ж.ж. орыс - жапон соғысы.
17. Малайлық ториадья - негр нәсілділер, жағалаудағы тұрғындардан айырмашылығы -
аралдардың ішінде қоныстанған.