Page 18 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
3. Сарғалдақтың пайда болуы топырақтың тұздануының, құнарлылығының жойыла
бастағандығының белгісі.
4. Солтүстік - Батыс өткелі - Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа Солтүстік Американың
солтүстік жағалауымен Канада арктикалық архипелага, Бофорт теңізі және Беринг бұғазы
арқылы Батысқа апаратын теңіз жолы. Зерттеушілер (олардың ішінде Себастьян Кабот,
Генри Гудзон және т.б. һДр) ғасырлар бойы Солтүстік - Батыс өткелін оны сауда жолы
ретінде майдалану үшін іздеп табуға талпынды. Оны 1853-1854 ж.ж. алғаш рет
Шотландтық Роберт Мак - Клур (1807-1873), ал 1903-1906 ж.ж. - Руаль Амундсен жаяу
жүріп өтті.
5. Неміс Ганзасы 1356 жылы пайда болды, өзінің гүлденген кезеңінде ол солтүстік -
Шығыс және Орталық Еуропаның саудасын уысында ұстады.
6. Автор бұл жерде шекаралары 1919 жылғы Версаль шарты бойынша өткізілген
Германияны айтып отыр.
7. Овидий Публий Назон (б.д.д. 43 - б.д. 17) - ежелгі римдік ақын. император Август Қара
теңіз жағалауындағы Тома қаласына (қазіргі Румыниядағы Констанца) жер аударған. Тома
- б.д.д. VI ғасырдың басында Милеттен шыққан гректер негізін қалаған көне қала.
8. Әңгіме Фердинанд Кобург (1861-1942) туралы. Болгария князі, кейін патшасы (1887-
1918). 1946 жылы монархия жойылғанға дейін тақта болған Кобургтар әулетінің негізін
қалаушы.
9 Сан-Франциско - Калифорнияның Тынық мұхит жағалауындағы қаласы әрі теңіз порты,
барлық жағынан дерлік құрлық қоршап жатқан тамаша айлақ, мұхитпен Алтын Қақпа
бұғазы арқылы жалғасып жатыр. 1846 жылға дейін Йерба-Буэна деген атпен Мексиканың
иелігінде болған, Құрама Штаттар жаулап алғаннан кейін Сан-Франциско деп аталады.
1906 жылы күшті жер сілкінісінің салдарынан қала қирады, мұндай оқиға 1989 жылы да
қайталанды. Орыстардың Сан-Франциско бухтасында болғандығының іздері күні бүгінге
дейін сақталған: өзендердің бірінің аты Русская орыс шіркеуі әлі де бар.
10. Бұл жерде орыстардың Амур бойын игеруін бастап берген саяхатшы В. Д. Поярковтың
қызметі тілге тиек болып отыр. Ол 1643-1649 ж.ж. алғаш рет Амур өзенінің бассейніне
енген және оның сағасына дейін жеткен экспедицияны басқарған.
11 1689 жылғы Нерчинск шарты - Ресей мен Қытай арасындағы бірінші шарт; екі
мемлекеттің Амур бойындағы ықпал аумақтарын айқындады.
12
Тайпин көтерілісі - Қытайдағы 1851-1864 ж.ж. болған шаруалар көтерілісі.
Көтерілісшілер Янцзы өзенінің аңғарындағы едәуір аумақты азат етіп, орталығы Нанкинде
болған "Тайпин тяньго" атты өз мемлекетін құрды. 1864 жылы көтеріліс күшпен басылды.
13
XX ғасырдағы халықаралық құқықтық салада қол жеткен аса ірі жетістіктердің бірі
- бейбіт қатар өмір сүрудің басты шарттарының бірі болып табылатын шекаралардың
мызғымастығы принципі. Бұл принцип Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
жөніндегі Кеңестің Қорытынды актысында (1975 ж.) көрініс тапқан, бұдан бұрын ол
Африка Бірлігі Ұйымының шешімдерінде орын алған болатын. Егер бірінші жағдайда біз
еуропалық елдердің, АҚШ пен Канаданың аумақтық талаптардың Еуропа құрлығын сан
рет тітіреткен соғыстар отының тұтандырғышы болғанын мойындағанын көрсек, екінші