Page 17 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Тынық және Үнді мұхиттарының анэйкумендік бөлгіш күшінен туындайтын баға беруде
жатыр. Егер, әрине, бұдан былай адамзат мәдениеті, күші мен экономикасы дамуының
атлантикалық және үнді - тынық мұхиттық геосаяси негіздерінің арасындағы, жағалаудың
экспансивтік, ғажайып атлантикалық түрі мен тұйық, автаркиялық және орталыққа
тартқыш - бұл айырмашылықты Э. Зюс негіздегендей - процестер мен олардың
антропогеографиялық салдарлары тән Тынық мұхиттық түрінің арасындағы тағдырлық
айырмашылықты айқындайтын артиллерияның алысқа ату қуаты енді тиісті бағасын алса
солай болады.
Осынау барлық Тынық мұхиттық мәдениеттер, оларға көп жағдайда туыс үнділік
мәдениеттер сияқты - солтүстік-батыс шекараның тау биігіндегі өткелдерде пісіп-жетілген
соң қорғаныстағы мұхиттық, полярлық, шөлдік және таулық анэйкумендік шекара
тосқауылдарының арасында өсіп шықты; қазір ол тосқауылдар қиратылды, соның
салдарынан кез - келген қақтығыспен ымыраға немесе мызғымастың қиратылуына жағдай
туындатады. Ең ірі шығысазиялық, сондай - ақ үнділік мәдени ареалда солай болып
жатыр, орталықамерикалық және оңтүстікамерикалық ареалда солай болып шықты,
алайда олардың көне иегерлерін атлантикалық мәдениет ықылым заманнан бері толық
жеңе алмаған-ды. Керісінше, бүгінде мексикалық жер заңнамасында, үндістерді ұзақ
уақыт басып-жаншудан кейінгі (Бенито Хуарес, Порфирио Диас!)20 ұлғая түскен жаңа
қантөгістерде, Перудің, Боливияның тіршілік туралы атлантикалық ұғымдардан неғұрлым
Тынық мұхиттық ұғымдарға қарай бет бұруында, сондай-ақ Гавайядағы тым көп өсіп келе
жатқан шығысазиялық нәсілдерде, Филиппинде, тіпті Жаңа Зеландия мен Жапонияда
малайлық - полинезиялық кескіннің қалпына келуінде - бәрінде де қарама-қарсы
құбылыстар байқалады. Осынау қайтып оралып жатқан процестер мынаны көрсетеді:
олардың анэйкумендік қорғаныс өңірінің ішінде түзілуі мұндай мәдениеттерге қарсы тұру
үшін мықты қуат береді, сол себепті әуел баста дүниеге келген шекаралардың ішінде
жаңағы қайта оралу көрінісінің жекелеген ұмтылыстары әрдайым сыртқа шығып тұруы
мүмкін.
Атлантикалық және тынық мұхиттық әуестіктердің арасын дағы тұрақсыздық, бәлкім,
Құрама Штаттардың, қазір проблемасыз болып көрінетін, бірақ болашақтағы тығыз
байланыстарының проблемасы шығар.
Осында сондай-ақ анэйкумендік бөліністердің орасан зор, табиғат сүйейтін күштерінің
дәлелі жатыр, сондықтан біз тіршілік түрлеріне қатысты пәрменділік тұрғысынан
қарағандағы бұл бөліністерді, тіпті оларды анағұрлым аз өктемділікпен бөлетін және
шектеу қоятын теңіздің алдында да, бірінші орынға қойдық!
ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. Тераи - Үндістан мен Непалда, Гималайдың оңтүстік етегіндегі 900 м биіктікте
кездесетін батпаққа айналған жазық.
2. КСРО-ның оның жағалауларына таяу Арктика аудандарына құқығы М TO OAK
Президиумының 15.04.1926 ж. қаулысымен заңдастырылған; онда Солтүстік Мұзды
мұхитта Солтүстік полюске дейін 32 градус 4 минут 35 секуңд шығыс бойлықтағы және
168 градус 49 минут 30 секуңд батыс бойлықтағы меридиандар арасында орналасқан
"барлық ашылған, сондай-ақ алдағы уақытта ашылуы мүмкін жерлер мен аралдар" КСРО
аумағы ретінде жарияланған. Бұған тек шығыс бойлықтағы 32 және 35 градус аралығында
жатқан Шпицберген архипелагының шығыс аралдары кірмейді.