Page 16 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қоныстану үшін жарамсыз болып көрінетін, келесісі - абсолютті анэйкуменаға қарама-
қарсы салыстырмалы анэйкуменаны - түсінуге келіп тірелдік. Мұны жай ғана тілге тиек
етудің өзі қоғамдық ғылымдар тудырған қатаң, таза құқықтық ұғымдар мен ғылыми
айқындамалардың көмегімен шекара және шекаралық дау-дамайлар туралы барлық
түсініктерде қол жеткен нәрсенің мүлде аз екенін, жойылуы күрес пен соғысқа бастайтын
позицияны баянды ететін табиғатқа кереғар сандырақты назардан тыс қалдырмау үшін
бүкіл жерде куәгерлік көрсетулер, география саласындағы сарапшылардың
қорытындылары өте қажет екендігін көрсетеді.
Роман халықтарының, германдықтардың, славяндардың, ал славяндардың ішінде - селдір
ормандағы солтүстік күлгін топырақты өңірдегі, содан кейін тайгадағы тұрғыны мен
далалар мен саванналарда табан тепкен оңтүстік қара топырақты өңірдің тұрғыны -
ұлыросс пен украинның орманға әрқилы көзқарасын ғана, алайықшы! Нағыз орман
тұрғыны оны шын көңілмен паналайды, елді мекенін соған сәйкес орналастырып, соған
ұмтыла береді. Мұны біз бүгіндері де тұтасқан ағаш арасында созылып жатқан
қоныстардан көреміз. Диқан мен малшының, керісінше, қыраттарға, саванналар алқабына
бүйрегі бұрып тұрады, олар орманды тамырымен қопарып, "бос белдеу" ретінде,
анэйкуменалық қорғаныс ретінде пайдаланады. Итальян қорғанысты алдымен жақын
жатқан Альпіден, мұздақ қар алаңдарынан іздейді, ал малын баққан және асудың арғы
жағында малын жаю құқығын жасаған германдық таудың шатқалы арқылы табындарын
айдап өтсе, үнділік үшін Гималайдың қар жамылғысы тіршілік үшін жарамсыздық
шекарасы, қорқынышты құдайлар тұрағы, ал тибеттік үшін солтүстік биік тау алқаптары -
тұрақты өмір сүретін жер.
Анэйкумена шекарасының салыстырмалы мәнін біз жер бетіндегі судың барлық
түрлерінің, адамзат нәсілдері түбегейлі әртүрлі қабылдайтын бұғаздар мен өзендердің,
көлдер мен теңіздердің бөлгіш күштеріне қарама - қарсы қарастырамыз. Нормандар мен
малайлықтар үшін теңізде жүзу - табиғи нәрсе; олар теңізді байланыстырушы дүние деп
қарайды, ал таулар, тіпті кішкентай аралдағы таулар да, малайлықтар ториадья деп
атайтын "олардың ішінде тұратын адамдардан", басқа нәсілдерден кем түсіп жатады, ал
малайлықтардың өздері жағалауға қоныстанады. Малайлықтар мен полинезиялықтар үшін
атолл - аса белсенді тіршілік және сол тіршілікті қамтамасыз ету өңірі, шындықтан
олардың өмірі үшін оның маңызы жұқа гумус қабаты бар тар маржан рифінен анағұрлым
артық.
Бұл халықтардың дүниетанымы үшін айқындаушы дүние олардың теңізбен және оның
көгілдір айдынымен пантеистік бірлік сезімі болып табылады. Теңіз сондай нәсілдерді
байланыстырады, қарсы жағалаудың ғажайып тамашалығымен тартып тұрады; теңізге
ішкі аймақтардан шыққандар үшін ол табиғи шекараға айналады. XIX ғ. ортасында өз
еліне алғашқы жол ашылғанға дейін қытайлар 18000 км дейін созылған жағалауды
бақылауда ұстаған еді, кейін жағалау бойында қорғаныс сызығының 10000 км астамынан
айырылып, қазіргі кездегі 7100 километрге ығыстырылды, және мұның өзі олардың
тіршілік кеңістігіне қаншалықты қауіпті екенін оншалықты толық сезіне қоймағанын
көрсетеді. Ал бұл кезде Жапонияның жағалаулық империясы, керісінше, өзінің теңіздегі
қорғаныс тірегін жағалауды 42000 км дейін ғаламат дамыту арқылы кеңейтті (Оңтүстік
теңіздердегі бұрынғы германдық аралдық империяның мандатын есептемегенде ). Miнe,
бір ғана географиялық, шекара түзуші құбылыстың құндылығы жөніндегі пікірдің
санқилы болуы қандай!
Адамзат болашағына қатысты ірі проблеманың бірінің, үнді - Тынық мұхиттық және
атлантикалық мәдениеттер арасындағы күрестің аяқталу перспективасының шешімі