Page 15 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
климаттың бүкіл солтүстік аймағының төңірегіндегі Жер шарының солтүстік бидай
белдеуі кеңейіп келе жатқан орыс түзілімінің қорғауында қала ма, немесе ол солтүстік
елсіздіктегі шығысазиялық кетпенді егіншіліктің қорғалуын маңызды жерлерде сақтау
арқылы бұзылған күйінде қалуы керек пе деген мәселенің шешілуі таяп қалған еді.
Қытайлардың көз алдында олар тіршілікке жарамсыз, мемлекеттендіру үшін құндылығы
жоқ деп есептеген Амурдағы жерлер жатқан болатын. Олар Амур бойында, Дунай мен
Рейндегі Ежелгі Рим сияқты, өзенді бақылап, бірақ онда ештеңе ұйымдастырмай тұра
берді. Алайда 1689 жылы Албазин - Нерчинскіде жасалған шартта Маньчжур әулетінің
далалық инстинкті оның шекараға құқығын қорғап қалды. Теңіз державаларының
соққысы және қытайлық Оңтүстіктегі (тайпиндердің)12 ішкі көтерілісі салдарынан
күйреуге айналған Маньчжур империясының жедел ыдырауы орыстарға Маньчжурияның
Тынық мұхиттық жағалауына, содан кейін Амур өңіріне (XIX ғасырдың ортасы)13 қол
сұғуына мүмкіндік бергенше, жоғарыдағы шарт орыстарды кейінге ығыстырып тастаған
еді.
Амур өңірінен орыстар тарапынан төнген қатерді қытайлардан гөрі жапондар көп кеш
сезінді. Тропиктерге жақын орналасқан аралдық мемлекетке XVIII ғ. аяғына дейін
солтүстік анэйкумена Хондо мен Хоккайдо арасындағы Цугару бұғазынан басталатын
секілді көрінетін және Хоккайдоның оңтүстік шегінде орналасқан Датадағы Матцумай
бекінісі ол үшін қорғаныс шебі ретінде жеткілікті болып көрінетін. Тек XVIII ғ. аяғына
қарай жапондар жақындап қалған тегеурінді сезінді де, жедел қарсы әрекет
ұйымдастырды - Мамиа Ринзоның және Могами Токуңаидың басшылығымен Сахалинге
және Амурдың балыққа бай сағасына солтүстік экспедициялар жасақтады, мұны Батысқа
алғаш рет жазып таныстырған Зибольд. Бірақ бұдан кейін қауіпсіздік инстинкті оларды
қарсы соққы беру үшін күш жинақтауға итермеледі: алғашында Сахалин мен Курил
арқылы солтүстік анэйкуменаны қоса бірлесіп басқару туралы шарттар бойынша, кейін
бөлу арқылы: бұл жағдайда мұхиттағы Курил аралдары Жапонияға, ал құрылыққа жақын
Сахалин - Ресейге қосылды. Ақыр соңында іс әскери қақтығысқа дейін бармы14,
нәтижесінде ең алдымен Оңтүстік Сахалин тағы да шығысазиялық қолға оралды, ал
орыстар Маньчжурияның ежелгі жерлерінен қуып шығарылды. Тынық мұхиттың жат
алауындағы алқап және Амурдың солтүстігіндегі жерлер орыстарда қалды; сөйтіп Шығыс
Азия солтүстік анэйкуменадан ығыстырылған болатын, сол кезден бері ол қоныс аудару
және экономикалық экспансия арқылы оны қайтаруға талмай тырмысып келеді. Осыған
қарамастан ең қысқа солтүстік әуе жолы үшін табанды күрес жүруде, Канаданың
Врангель аралын басып алуы, Кеңестер билігінің Солтүстік полюске дейінгі созылған
барлық аумақ өзіміздікі деп түсіндіруі - мұның ең соңғы белгілері болып табылады.
Міне, солтүстік азиялық анэйкуменадағы қорғау шебін қамтамасыз ету туралы әлі sub
judice тұрған мәселенің бүгінгі күнге дейінгі ахуалы осындай. Мәселенің бұған дейінгі
бүкіл тарихын қарастыруды ескерсек, ол ахуал Жердің полюс, теңіз, дала, биік тау
төңірегіндегі ел қоныстанған кеңістікті ұлғайту үшін, адамзат шекараларын кеңейту үшін
күрестің (ал бұл күрес мемлекеттік ақыл-ойдың елсіз деп есептелетін өңірлерге енуімен
бір мезетте қатар жүргізіледі) нәтижесінде адамдар мен халықтардың бойында қандай кең
процесс болатынын көрсетеді. Бұл процесс Ресейдің солтүстіказиялық және солтүстік
Тынық мұхиттық бағыттардағы кеңеюіне тән, әрі оған қаһармандық бейне береді; алайда
бұл саясат Алясканы сату, Тынық мұхиттың солтүстік бөлігін қамту үшін Жапониямен
қақтығысу16 саясатына қайта оралу салдарынан мұхиттық саясаттағы сәтсіздіктерге
ұшыратты, ал бұған континенттік иеленулер (Моңғолия) тағы да қарсы тұр.
Мұндай мысалдардың нанымды болып көрінетіндігі соншалықты, біз іс жүзінде кез-
келген адам мен адамдар тобы үшін әрқилы жалған анэйкуменаны - біреуі оларға