Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
антарктикалық анэйкуменаның, шөлдер белдеулерінің, бұлтпен таласқан тау
жоталарының, көне тропикалық ормандардағы батпақ белдеулерінің (Теrаі) , мұхит
шалқарларының (олардың өзі, әрине, өмір үшін күрес аренасы болып табылады)
қиылысқан тұстарында барлық шекаралардың өткізгіштігін көреміз. Бұдан әрі жер бетінде
де, теңізде де, полярлық ландшафттардың мұз далаларында да абсолюттік шекаралар жоқ.
Қазір нақ біздің заманымызда ағылшын - сакстар мен Кеңес Одағының қысымымен
Арктика мен Антарктиканың шекараларын бөлу қолға алынды. Бұдан былай планетада
"no man's land" - "бейтарап жер" жоқ.
Бұл тұжырым шекара мен анэйкуменаның арасындағы қарама-қайшылық проблемасы
ауқымын бірден байқатады, сонымен қатар анэйкуменаны эйкуменаның тез ығыстыруына,
тіршілікке жарамды жердің кеңеюін және халық тығыздығының ұлғаюына байланысты
күрес алаңы ретінде, үздіксіз шабуылдап немесе шегініп отыратын тұйық, бірақ қатып
қалған түзілім ретінде сақталмайтын шекара туралы идеяның мәні арта түсетінін
мойындау байқалады. Жер бетіндегі тіршілік пошымдары арасындағы шекаралық күрес
сол тіршілік иелерінің ересен көбеюіне қарай бейбіт емес, неғұрлым тыныш пошымда
болса да, неғұрлым аяусыз бола бастайды. Кімде-кім адамзатты бұл турасында адастыруға
тырысса, ол түсінбей немесе саналы түрде жалғандықтың, мейлі бұл жанашырлықтан я
мейірімділіктен туындасын, отына май құяды. Бос жатқан, сондай-ақ сондай деп
саналатын кеңістіктер кеңістіктер неғұрлым көп ығыстырылса, жаратылыстық
шекаралардың сындарлы ұзақ мызғымастығын сақтау соғұрлым қиындайды, мұраға
қалған шекаралардың ішіндегі тіршілік үшін күрес солғұрлым өткір, ымырасыз болады.
Елсіздіктің бөлгіш күші туралы мәселенің қойылуындағы ауқым мен мәнге көзқараста,
тегінде бәлкім, "эйкумена" мен "анэйкумена" ұғымдарының анықтамасын, яғни Ратцель
еңбектерінде кездесетін ел қоныстанған немесе елсізде күйінде сақталған сақталған
кеңістіктер ұғымын, басшылыққа алған орынды, олар тұңғыш рет - "Uber die Anwendung
des и. Iriffs Okumene auf die geografischen Probleme der Gegenwant ("Осы заманғы
география проблемаларында "эйкумена ұғымын қолдану туралы"), сондай-ақ,
"Antropogeograpihie" ("Антропогеография") кітабының екінші томы мен
Erde und Leben" ("Жер және өмір") шығармаларында кездеседі.
Бізге дейін өмір сүрген ұрпақтың тіршілікке жарамсыз деп саналған, жаратылыстану
ғылымдары планетаның нағыз бөлгіш аймақтары деп мойындаған кеңістіктер туралы
түсініктерін зерттеу біз бір ұрпақ ғұмыры бойында сол түсінікті орден көш озып
кеткенімізді көрсетеді, ол түсініктер сол кезде кез-келген адам үшін, кез-келген халық
үшін мүлде басқа жерде болып, олардың тіршілік үшін күресінде өздерінің қабілеттері
мен техникалық жабдықталуына қарай қиындықтарға төзуіне мүмкіндік берді.
Бізге Ратцельдің түсініктерін тек оның шәкірттерінің көзқарастарымен ғана толықтыру
қажет. Бұл орайда бізге анэйкуменалық аймақтар мен белдеулердің жекелеген түзілімдері
туралы, мысалы, жоғары шекаралар мен жоғары белдеулер туралы ұғымдардың алғашқы
тұжырымдарынан бастап даму жолы қалай тез жетіле түскенін білу үшін К. Хассерттің
1892 жылы өзі көзімен көрген қоныстанылған жердің солтүстік полярлық шекарасы
туралы, Е. Шёненің тропикалық аймақтар туралы пікіріне немесе Бергердің "Geschi - chte
der wissenschaftlichen Geographie der Greichen" ("Гректердің ғылыми географиясының
тарихы") кітабындағы "анэйкумена" ұғымының тууы туралы толғанысына құлақ қойған
жеткілікті. Бүгінде біз анэйкуменаны игеру жолындағы күресті және ондағы саяси
жағынан қамтамасыз етілген қорғау ұғымын қоныстандырудың алдын алатын саясатының
ірі кеңістіктік мақсаты, осынау ұғымды, айталық, барған сайын оңтүстіктік және
мұхиттық бола түсіп келе жатқан орыстық ұғымнан қытай және жапон ұғымына қарай