Page 13 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
градациялану, ұзақ перспективаға және неғұрлым ауқымды кеңістікке арналған саяси
қарекеттің аса қуатты қозғаушы күштерінің бірі ретінде мойындаймыз.
Бізге физикалық географиядан белгілі екендігіндей, анэйкумена шекараларын орнатуға
жетелейтін Жер бетіндегі тіршілік көріністері арасында - ең алдымен суық салдарынан
тіршілікті матау (полярлық немесе биік тау өңірлеріндегі мұз), жер тапшылығынан
тамаққа жарымау (өсімдіктердің шықпауы, пассаттардың қуаңшылық жасауы, жел
эрозиясы), жауын-шашынның аздығынан топырақтың бүлінуі, сортаңдануы, өскіндердің
өрттен жойылуы салдарынан аумақтардың игерілмеуі (Суматрадағы қара топыраққа ұқсас
жер)" секілді құбылыстар бар.
Бұл көріністерде адамның, жер қазыналарын іздеушілердің, күрес үшін әдеттен тыс
қаруланған ара-тұра қоныстанушылардың ығыстырылған өмір салтының қалдықтары
қаншалықты кең сақталғандығы - ойланатын мәселе.
Біз ел қоныстанбаған жерлердің осы уақытқа дейін сақталып отырған мүлдем өзге
тұрпатын да білеміз, олардың бір бөлігі аса құнарлы, игеруге жарайтын, ылғалдың тым
көптігінен тіршіліктің сан алуандығының шектелуі арқылы пайда болған деп саналады.
Бұл тұрпатқа тундра және батпақты жерлер, сондай-ақ басқа да ғаламат құнарлы жерлер
жатады, жуырда өздеріне ыңғайлы орта тапқан өсімдік пен жануарлар дүниесінің
жекелеген түрлерінің басымдығынан тіршіліктің басқа пошымдары өз шекараларын
өзгерте алмайды; олар сыртқы зорлық-зомбылық, жаңа жетістіктер, мысалы, тропикалық
гигиенаны жақсарту осынау өмірге дұшпан, біржақты қаулап өсудің жұлынын үзген бойда
сол жаққа лап қояды, әлгіндей жерлерде, Заппердің ақиқат пікірінше, аса құнарлы жерде,
оның біркелкілігінің, қаптаған шегірткенің, тропикалық безгек таратушылардың, цеце
шыбынының зардабынан ашығуға әбден болады. Сондай құбылыстың түп - тамырын білу
үшін біз тіпті өзіміздің қоңыржай аймақтағы шамшат пен қарағайдың, күтім көрмеген
орман мен бұталардың құрылыс орманына қарсы, немесе егістіктегі сарғалдақтардың
күресін қадағалап отыруымыз керек.
Анэйкуменаны ығыстыруға және адамзаттың, ең алдымен мәдениетті адамзаттың,
шекараларын кеңейтуге осынау көзқарас, Пенктің ойы бойынша, тропикалық жерлерді
мәдениетті нәсілдер үшін құнарлы жерлерге пәрменді айналдыру жолымен Жер бетінің
халықтарын асырау мүмкіндіктерін ұлғайтуда маңызды рөл атқарады, және де бұл арада
әңгіме алдымен Африкадағы және Оңтүстік Америкадағы тропикалық гиллея (мәңгі
жасыл ормандар - ауд.) турасында болып отыр. Рас, А. Швейцердің Конго сағасындағы
жұмысы және Оңтүстік Америкаға жасалған соңғы саяхаттар әлі қаншама дүниені
басынан бастау қажет екендігін, өкінішке қарай, ақ нәсілділердің анэйкуменаның осынау
пошымын үстемдік позициясынан емес, басқаша еңсере алатыны неғайбыл екендігін
көрсетті.
Анэйкуменаның барлық түрлеріне қарсы салмақ ретінде біз жүздеген жылдар бойы өмір
сүріп келе жатқан көреген де байтақ кеңістіктік мәдени саясаттың инстинктті де саналы
лейтмотивін оған қорғаныс үшін неғұрлым ұсақ және барған сайын ірі бола түсетін
мекендермен мемлекеттік өмір пошымдарының мүмкіндігінше тығыз жақындай түсуі деп
білеміз. Бәрібір, әңгіме ең алдымен ормандардың қорғаныс белдеуін сақтау, мысалы,
Мюнхеннен шығысқа қарай орналасқан селолық мекендерде бүгінде сақталған қорғаныш
пошымдары туралы болсын, Орталық Африкада тамыры қопарылған ірі учаскелер туралы
болсын, Градманн суреттегендей, Лиместен шығысқа қарай өскен қылқан жапырақты
ормандарға қатынас туралы болсын, немесе Ресейдің (Сібірді жаулап алу), Англияның
(Солтүстік - Батыс өткелі үшін күрес) , Құрама Штаттардың (полярлық аудандарға ие