Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.хаусхофер. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
арналған іргелі еңбектің авторы (Passarge S. Die Grundlagen der Landschaften. Bd 1-3.
Hamburg, 1919-1920)
Орография - геоморфологияның тау жоталарының, қыраттардың және жер бедерінің басқа
да түрлерінің орналасуы мен көлемдерін зерттейтін бөлімі.
8. Мұздақтардан жоғарырақ жатқан ірі киыршықты мұз алқаптары.
9. Алтай - Орталық Азиядағы шығысында Қазақстаннан Батыс Монғолияға және
Солтүстік Қытайға дейін созылатын таулар жүйесі.
10. Бамо (Бхамо) – Солтүстік - Шығыс Бирмадағы, Иравади өзенінің кеме жүретін
жоғарғы ағысы тұсындағы қала.
11. Харбин - Солтүстік- Шығыс Қытайдағы қала, Сунгари өзенінің бойына орналасқан,
Хэйлунцзян провинциясының бас қаласы.
Гумбольдт Александр (1769-1859) - неміс табиғат зерттеуші - энциклопедисі, географы
және саяхатшысы. Орталық және оңтүстік Американы зерттеген, Орал мен Алтайда
болған. Қазіргі өсімдіктер географиясының, геофизиканың, гидрографияның негізін
салушылардың бірі.
"Әңгіме бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары Париж тұрғындарының жанын
түршіктірген немістің ғажайып қаруының ату қашықтығы туралы болып отыр. Бес ғасыр
бойы зеңбірек оғы 4-5 шақырымнан аспаған, 1914-1918 ж.ж. соғыстан он шақты жыл
бұрын бұл көрсеткіш 30 шақырымға жетті, ал оның соңында, 1918 жылы күрт өсіп, 128
шақырымға дейін ұзарды. Бұл Эссендегі Крупп заводтарында "Колоссаль" атты алысқа
ататын зеңбірек дүниеге келген соң мүмкін болды. Зеңбіректің ұзындығы – 110 фут (32,5
м), диаметрі 40 дюйм (1,016 м) болды. Парижге бірінші . наряд 1918 жылдың 23
наурызында, соңғы снаряд 1918 жылдың 9 тамызында атылды. Немістер Парижге ұзын-
ырғасы 303 снаряд жіберсе, шардың 183-і қаланың ортасында және шеттерінде жарылды.
V тарау
Адам тұрмайтын жер кеңістіктерінің бөлгіш күші.
Өмірге дұшпан шекаралар
Ратцельдің
4
шекараны барған сайын тарылта түсетін заңгерлік және математикалық
тұрғыдан сызылған сызық ретінде, тіршілік үшін күрестің болашақ сахнасы ретінде
қабылдауы күшті шиеленіске ұрындыратын қарама-қарсылықтан туындайды, ал бұл
қарама-қарсылық тіршілікке толы жер мен тіршілігі жоқ жердің (анэйкумена) тоғысында
орын алады. Бұл шиеленіс елді немесе елсіз деп есептелетін (жалған анэйкумена?) жер
кеңістігінің шекарасына қатысты жаратылыс ғылымдарының да, гуманитарлық
ғылымдардың да тарапынан қуатты, түсінікті бөлгіш күшті зерттеуге мәжбүр етеді;
осынау шиеленіс экономикалық және физикалық географияда, олардың өзара қарым-
қатынастарында көрініс беруі сияқты, жақсы ойластырылған, руханилық өзек болған
саяси және мәдени - географиялық ғаламдық дүниетанымдық қозғалыстар үшін де, әрине,
соншалықты маңызды. Бірақ бұл арада да біз полярлық кеңістіктердің, арктикалық және
4
Ratzel Ғ. Antropogeographic, Bd II; Idem. Erde and Leben. Bd II.