Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Интернэшил секілді адам құқықтарын қорғау жөніндегі қысым топтары ретінде көрініс
беретін) арасындағы дұшпандық қақтығыс жалпы ағартудың, ғылым мен ұтымдылықтың
және дүниені партикуляристік ерекше мәдени елестету болатын догмалар арасындағы
қақтығыс ретінде тәпсірленеді. Радикалдық ислам өкілдерінің өздері өз рөлдерін өзгеше
көретіні таңқаларлық емес. Осынау ағартушы дін өз жолдауын гуманизм үшін әмбебап
құндылық деп бағалайды, және оның мақсаты - барлығы осы жолдауға бағынатын
дүниежүзілік қоғамдастық; мұнысында ол христиандыққа ұқсас және индуизмге қарама-
қарсы қойылады, ал индиуизмде касталық ұқсастыққа кірудің бір ғана жолы - сол кастада
дүниеге келу.
Бұл тараудың мақсаты - жаһандық және локалдық күштер, ынтымақ және партикуляризм
күштері арасындағы кереғарлықтар терминдерінде әлемдік қоғамдастық туралы мәселені
талқылау бір қарағандағыдан әлдеқайда пайдасыз іс деген тезисті ұсыну. Белгілі бір
жағдайларда қарастырудың мұндай жолы нақты болмысқа жақындайтыны түсінікті.
Үндістандағы хинди "фундаменталистеріне" қарсы тұрған секуляристер өздерін локалдық
партикуляризмге қарама-қарсы тұрған жаһандық ынтымақ өкілдері ретінде қарастыруға
хақылымыз деп санайды, дегенмен моральдық артықшылықты білдіруші статусы, әрине,
пікір мәселесі. Ұлтшылдық пен нәсілшілдікті осы заманғы дүниеде жойылып бара жатқан
күштер деуге болмайтыны айдан анық және гуманизмнің әмбебап құндылықтары атынан
олардың локалдық көріністеріне қарсы тұратындар өздерін де, басқаларды да алжастыра
алмайды - бұл түпкілікті аяқталуы қиын нақты күрес. Дегенмен кейбір ең қызықты дау-
дамайлар осынау пошымдарға сыймайды: локалдық нормалардың жаһандық әмбебап
құндылықтармен текетіресі әмбебап болып табылатын немесе болуға тиіс нәрсенің
әрқилы тұжырымдамаларының арасындағы бәсекелестік пошымына не болады. Аталмыш
жағдайда мәселе әлемдік қоғамдастық бола ма, жоқ па дегенде емес, ықтимал әлемдік
қоғамдастықтардың қайсысы шын мәнінде пайда болады дегенде.
Осы себеппен осы заманғы дүниеде ортақ мүдделер мен ұқсастықтың өсу перспективасын
бағалаған тұста, егер жалпы бұл мүмкін болса, "желдің қай жаққа соғатынын" түсіну
қиын. Дүниенің әртүрлі бөліктерінде ұлтшылдық пен этностық секілді шынайы локалдық
күштер уыста ұсталуы мүмкін, бірақ олар әрқашан қарсыласуға тырысады, және әрбір
жағдайда оларға қарсы күштер, нақ солар секілді сан алуан, әрі бір-бірімен дәл сол сияқты
кескілескен қатал бәсекелестікке тартылған. Осынау күрделі көп қырлы нақты болмысты
әлемдік қоғамдастық пен оның қарсыластарының арасындағы бетпе-бет қақтығыс
деңгейіне дейін қарабайырландыруға болмайды: әрқилы нақты тіндерде айдан анық
партикулярлық "мызғымайтын объектілер" әмбебап құндылықтарға негізделген
"тойтарылмайтын күштерге" айналуы мүмкін, сонан да ислам рөлінің дәлелі ретінде -
оның Батыспен қатынастарындағы антисекуляризм, бірақ сонымен бір мезгілде Хинди
партикуляризміне текетіресте Үндістандағы секуляризм.
Әмбебап құндылықтар бағытында даму үстінде деп саналатын барлық күштердің ішінде,
бәлкім, тек эвайроментализм бері салғанда партикуляристік тәпсірлеуге көне бермейді.
Тіршілік өрісінің қорғаушылары, сөз жоқ, жаһандық және локалдық мүдделердің
қақтығысына негізделгенімен (Hurrell, Kingsbury 1992), тіршілік өрісінің этикасы
неғұрлым бір мәнді әмбебап болып келеді, өйткені локалдық қоғамдастық ұтымды және
этикалық тұрғыда талап қоя отырып, өзі басқалармен бөлісетін дүниеге орны толмас зиян
келтіру құқығын сирек болса да пайдаланатынын түсіну қиын. Тіршілік өрісі этикасының
өзекті мәселесі мұндай құқықты талап етуде емес, тіршілік өрісін бұлдіру үшін ұжымдық
жауапкершілік проблемасында; атап айтқанда, осыған байланысты әлемдік қоғамдастық
мемлекеттерді олар қоршаған ортаны ластау мүмкіндігін, мұндай қарекеттің қысқа
мерзімді пайдасы айдан анық болса да, пайдаланбағаны үшін, марапаттай ала ма және