Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мұны қандай негізде істейді деген сұрақ туындайды; әсіресе бұл көптеген дамушы елдерге
қатысты (Мс Сіеагу /Макклеари/, 1991; Engel, Engel /Энджел және Энджел/, 1992). Бұл
арада қоғамдық мүдделерге даусыз негізделген және өздері мен өздерінің ұрпақтары осы
планетада өмірін жалғастыра алуын қалайтындардың ортақ ұқсастықты дамытатын
жаһандық күштерді анықтауы әлдеқайда оңай.
Соған қарамастан эвайроментализмді сырттай ұқсас басқа қозғалыстардан бөліп тұрған
нәрсе мынау: ол ұсынатын ортақ ұқсастық биологиялық факторларға негізделген және ол
бұл ұқсастықты орын алып отырған проблемаларды көрсету үшін мәдени, әлеуметтік
және саяси өрістерге көшіреді. Бәлкім, алыс болашақта тіршілік өрісінің ғаламдық
өзгерістері планета тұрғындарының бәрінің, әсіресе дамыған индустриялы дүниеде
тұратындардың өмір салтын түбегейлі өзгертер, бірақ бүгінге, мұндай талаптар, мысалы,
Арни Найэсс (Naess, 1992) сияқты "терең экологтар" ұсынатын талаптар шынайы
әмбебаптық саяси практика жасау үшін қажет саяси дивидендтер ала алмай келеді.
Егер келтірілген пікірлер сәл де болса шындыққа ұқсаса, осы тарау шеңберінде
қаншалықты тоқталуға болғанына қарай, онда әлемдік қоғамдастықтың қандай да бір түрі
пайда болып келе жатқаны туралы айтарымыз шамалы: осы заманғы дүниедегі күштердің
күрделі ықпалдастығы оларды осынау дамуға септесетіндер және кедергі жасайтындар
деп жіті бөлуге мүмкіндік бермейді. Мұндай беймәлімділік осы заманғы саяси теорияда
әдеттен тыс нәрсе емес, және, бәлкім, бұл мәселе бойынша енді ештеңе айтып керегі жоқ
та шығар - жоғарыда анықталған әлемдік қоғамдастық жасау жөніндегі долбарланған
тенденция бұған дейін де болғанындай, сырттай солшыл бола түседі. Дегенмен басқа да
мүмкіндік бар, атап айтқанда: бұл мәселедегі беймәлімділіктің әлемдік қоғамдастыққа
қарай қозғалыста жеке тенденция бола алатын идеяға - қоғамдастықтың мәністік идеясын
қайта бағалауға тікелей қатысы бар.
ҚОҒАМДАСТЫҚ ШЕКТЕРІ
Жоғарыда екі долбар айтылды: біріншіден, кең ұғымдағы қоғамдастықтың неғұрлым кең
мағынасының пайда болуына қарай тенденция неғұрлым кең саяси түзілімдердің дамуына
қосымша ретінде анықтала алады; екіншіден, бұл тенденция сақталады және отбасы -
тайпа – қала - мемлекет қатары түптің түбінде "дүниемен" толығады деп жорамалдау
орынды. Әйтсе де аталмыш тараудың алдыңғы тармағынан кейін қиындық пайда болды,
ол қиындық осы заманғы дүниені сол тұрғыдан қарастыру киын екендігімен байланысты -
тым қарапайым нәрселер дүние шынында қандай жолмен келе жатқандығын айқындық
атаулыдан айырады. Бәлкім, толғам барысындағы тұжырымда бірдеңе дұрыс болмас,
қателік кетуі мүмкін кем дегенде екі нүктені айтуға болады.
Біріншіден, бәлкім, қоғамдастықтың кеңейіп келе жатқан кез-келген мағынасынан
әлдеқайда кем бірдеңеге қарай тарихи қозғалыс идеясының өзі қате болар. Тарихта
мағына үлгілерін табу идеясы батыстық ойда баяғыдан бар және бұл тек Қайта өрлеу
дәуірінде және одан кейінгі дәуірде ғана көрініс беріп қоймайды - ол идеяның библиялық
және христиандық тамырларын Карл Левит (Lflwith, 1949) өзінің "Тарихтың мағынасы"
еңбегінде тамаша көрсеткен, бірақ ол тек бүгінде ғана әрқилы бағыттарда зерттелуде.
Идеялар тарихына Квентин Скиннердің (Tully /Тьюлли/, 1988) есімімен байланысты
радикалдық көзқарас уақыт бойына және әрқилы тіндерде өзгермейтін "саясат
проблемаларының" жалпы жиыны болатынын теріске шығарады; мұндай терістеу өзінің
ұзақ мерзімді өзектілігі мен кроссмәдениеттілігінің арқасында сақталатын тенденция
идеясын, сөзсіз, күйретеді. Әлеуметтік ғылымдардағы постмодернистік "бұрылыс" тіпті
"мета әңгімелер жөнінде" (Лиотар, 1986. Р. 24), мысалы, "қоғамдастық" туралы