Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Алдағы уақытта ортақ мүдделер мен ұқсастыққа мағына беретін моральдық серпін қажет.
Бірақ мынаны түсіну керек: ол индивидтер мен жалпы алғанда адамдардың жай ғана
белсенді ықпалдастығының нәтижесі бола алмайды, өйткені мұндай байланыс ортақ
ұқсастықты моральдық тұрғыдан түсінудің негіздерін жасауды талап етеді. Ештеңеге
қарамастан, мұның өзі, мысалы, еуропалықтар мен ацтектер бетпе - бет келгенде,
түсініспеушілік пен өшпенділіктің туындауына арандатуы мүмкін (Todorov, 1987). Мәселе
мынада: индивидтердің, топтардың және жалпы алғанда адамдардың арасындағы кісілік,
серпінді және кең ауқымды байланыстарда ортақ мүдделер мен ортақ ұқсастықтар
айырбасы ере жүреді деп ойлау себептері бар ма?
Бір қарағанда, бұл сұраққа қостап жауап беретін себептер бар. Prima facie мынадай әсер
туындайды: шаруаның "кеңейіп келе жатқан шеңбері" (Singer, 1981) және отбасынан,
тайпадан, қаладан бастап мемлекетке дейін саяси референттік топтарды қамтудың
ұлғаюына моральдық шаруа шеңберінің кеңеюі секілді бірдеңе ере жүретін секілді. Мұны
мысалмен көрсетейік: Перикл заманындағы ежелгі гректер өздерін негізінен отбасымен,
тайпамен, қаламен, кемірек дәрежеде - Элладамен ұқсастырған және варварлармен, яғни,
грекше сөйлемейтіндермен, (өзін) жалпы ұқсастырмаған. Римдік ойлау жүйесі саяси
тұрғыдан әмбебап болатын, бірақ моральдық тұрғыдан тек еркін римдіктерге
бағдарланған еді. Христиандық кең көлемді, бірақ славяндарсыз, сарациндерсіз,
еврейлерсіз және барлық "басқаларсыз", моральдық ұқсастықты ұсынды. Бұған қарама-
қарсы осы заманғы дүниеде ұлт - мемлекеттер бір-біріне, кем дегенде принципінде
сенетін, отандастар болып табылатын және бір-бірі жөнінде, мысалы (олардың сенімін
бейнелейтін), салықтар арқылы міндеттемелер қабылдауға дайын ондаған, тіпті жүздеген
миллион адамдарды біріктіреді. Ол-ол ма, ерікті көмек көрсететін ұйымдар мен "Эмнести
Интернэшил" секілді адам құқықтарын қорғайтын топтар санының өсуі олардың басқа
мемлекеттердегі азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі кейбір міндеттері едәуір кең
таралғанын көрсетеді. Басқа мәдениеттер мысалында да көрсетуге болатын мұндай
салдарлар, жалпы алғанда ұқсастық мазмұнының кеңеюі өзара тәуелділіктің күшеюімен
қатар жүреді деген ойды қуаттайды. Алайда, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, бұл
тіпті де осынау процесс дүниежүзілік қоғамдастық идеясы шындыққа айналғанша созыла
береді деген сөз емес.
Әлбетте, соңғы кезде шара шеңберінің кеңейе түсуі мұның болашақта да жалғаса
беретінін дәлелдемейді. Осы заманғы дүниеде ортақ ұқсастыққа септесетін де, кедергі
жасайтын да күштердің бар екендігі анық, және екіншілердің біріншілерге қарағанда
неғұрлым тиімді болып шығуы әбден мүмкін. Бұл мәселелер төменде келтірілген, бірақ
алдымен дүниежүзілік қоғамдастыққа жетелейтін тенденция қауіпті түрде жеткілікті
бағаланбауы мүмкін жағдайларды қарастырамыз.
Біріншіден, мынаны атап көрсету керек: ұзақ мерзімді тенденция ұғымы жіті бағыттағы,
бірақ бірсыдырғы, үздіксіз жол болуы міндетті емес ілгерілеуді меңзейді. Шегініс
әрқашанда ықтимал; мысалға, кеңейтілген ұлттық қоғамдастықтар құрған кезде ана тілін
қолданудың салдарынан Еуропаның сауатты элитасының арасында байланыстың әмбебап
құралы ретіндегі латын тілінен айдан анық айрылып қалу сондай шегініс болды. Ұлы
тарихи өзгерістер ешқашан барлық ілеспе көрсеткіштердің бір бағыттық қозғалысымен
сипатталмайды.
Әртүрлі көзқарастардың өкілдері ірге ажырататын неғұрлым маңызды сәт бар.
Космополиттік көзқарастың кейбір жақтастары туындап келе жатқан дүниежүзілік
қоғамдастық өз мүшелерінен барлық басқа міндеттемелерден асып түсетін лоялдықтың