Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Және егер, мысалы, дүниежүзілік экономикаға ауқымды көз жүгіртсек, онда бүгінде
Валлерстайн (Wallerstein, 1974. P. 3-11) терминологиясындағы "осы заманғы дүниежүзілік
жүйе" жай ғана әлеуметтік емес, географиялық мағынада да, дүниежүзілік жүйе болып
табылады. Бірақ ол да, басқа структуралистер де осынау, дүниежүзілік жүйе оның
ұйтқысының, ортақ шетінің және шалғай шетінің адамдарының арасындағы мүдделердің
іргелі үйлесімсіздігіне негізделген дейді. Және бүгінде ол дүниежүзілік қоғамдастық бола
алмайды. Мұндай тұжырымдар, халықаралық таптық ынтымақты байқауға болғанымен,
дүниежүзілік экономиканың пайда болуына неғұрлым ортодокстық марксистік
көзқарастардан да (Brewer, 1980), сондай-ақ экономикалық емес, бірақ дүниежүзілік
тәртіпті біршама радикалдық зерттеулерден де - "Дүниежүзілік деңгейдегі модельдер
жобаларынан" (WOMP) (Falk, 1971, 1987; Mendlovitz, 1977) шығады. Осынау радикалдық
позициялардың әрқайсысы дүниежүзілік ауқымдағы қоғамдастықтың сөз жоқ пайда
болатынын айтады, бірақ ол тек WOMP жорамалдайтын революциядан немесе
құндылықтар өзгергеннен кейін пайда болады. Бұл зерттеушілер "біртұтас дүниені" тек
орын алып отырған тәртіпті қиратқаннан немесе еңсергеннен кейін ғана дүниежүзілік
қоғамдастыққа теңестіреді.
Дүниежүзілік экономиканың саяси салдарларының басқа теоретиктері орын алып отырған
тәртіпті суреттеу үшін плюралистік "күрделі өзара тәуелділік" моделін жасап, оған нақ
мемлекеттер секілді билікті бөлуге, режимді қолдап отыруға, дүниежүзілік күн тәртібін
әзірлеуге және т.б. тартылған мемлекеттік емес экономикалық және әлеуметтік
акторларды енгізеді (Keohane and Nye, 1977; Krasner, 1983). Осыған ұқсас, бірақ
мемлекеттік емес акторларға көбірек, ал экономикалық байланыстарға кемірек ден қоятын
модельді "әлемдік қоғамдастық" теоретиктері ұсынды (Burton, 1972; Banks, 1984).
Дүниежүзілік экономиканың радикалдық теориясы жақтастарының көзқарасынан өзгеше
дүниеге осынау көзқарастарда қоғамдастықтың осындай және - қазір тіршілік ететінін
көздейтін ештеңе жоқ, бірақ оларда сондай-ақ осы бағытта ілгерілеу үшін күрделі өзара
тәуелділіктің қажеттігі де көрсетілмеген. Бастапқыда Бейтц (Beitz, 1979) өзінің реализмді
космополиттік тұрғыдан сынауын және бөлудің халықаралық әділдігін қорғауын өзара
тәуелділік дүниежүзілік қоғамдастықты құрады деген жорамалға негіздеген еді, бірақ
кейінірек ол (Beitz, 1983) осындай жорамалды Барри (Barry, 1982) мен Ричарде (Richards,
1982) әділ сынағанын мойындады. Көптеген экономикалық өзара қатынастардың, әсіресе
бай және кедей елдер арасындағы (басқа да), қатынастардың біржақтылығы тұсында,
дүниежүзілік өзара тәуелділікті күрделілендіру тенденциясы, олардың өз пікірі бойынша,
қоғамдастық құрады деп топшылау мүмкін емес.
Бұл арада неғұрлым кеңірек көзқарас қажет. Қоғамдастық қалыптаса бастау үшін барған
сайын ұлғая беретін ортақ мүдделер мен ұқсастық қажет; "біртұтас дүниені" жасау -
әлемдік қоғамдастықтың пайда болуы үшін қажет, бірақ өздігінен алғанда жеткіліксіз
шарт. Бұл жаһандық экономикалық өзара тәуелділіктің біріктіруші күштерін талдағанда
түсінікті бола бастайды. Бірақ материалдық факторларды - ортақ тұтынушылық мақсаттар
мен материалдық емес факторларды - ғылыми әдістерге ортақ көзқарастардың және,
бәлкім, ұтымдылықтың бірдей стандарттарының жаһандық таралуын қамтитын басқа
біріктіруші күштерге көшкен кезде интуиция тұрғысынан кемірек айдан анық қажетті
шарт. Жастардың барлық жерде бірдей джинсы киюді жөн көретіні, бірдей тренажерлар
мен электрондық ойындарды пайдаланғысы келетіні немесе осы заманғы технологиялар,
егер олар хинди қолжазбаларына емес, батыс ғылымының жетістіктеріне негізделсе,
неғұрлым тиімді екендігі фактысы, дүние туралы білу пайдалы нәрселер қатарына жата
қоймайтыны айдан анық, бірақ ол алдағы уақытта, егер барған сайын біртұтас болып келе
жатқан дүниенің негізгі эмпиристік тәжірибесі қалыптасып келе жатқан әлемдік
қоғамдастықтың нормативтік тәжірибесімен қуатталуға тиіс болса, қажет болады.