Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді дегенді кесіп айтады. Мысалы, Сингер кісіге және
шалғайлық пен ұлт секілді факторларға қарамастан бағалануға тиіс міндеттердің тұтас бір
шоғырын атайды. Басқаша айтқанда, біз әл-ауқат пен кірістерді кедейшілік пен
мұқтаждықты жоятындай және берілетін артық нәрселердің салыстырмалы құндылығы
ықтимал реципиент алатын нәрсенің салыстырмалы құндылығына тең болатындай етіп
қайта бөлуге септесуге тиіспіз (Singer, 1985. P. 252). Осынау төтенше күшті міндеттеме
қоғамдастық дегеніміздің қажеттіліктерінен емес, утилитаризмді сингерлік түсінуден
туындайды; ортақ моральдық талаптарды көлденең тартпай әлемдік қоғамдастықтың
керектігі туралы айту өте оңай.
Осы секілді, отандастардың бірінің қажеттіліктері басқасының қажеттіліктерінен ұлық
дейтін "басымдық принципімен" Бейтцтің келіспеуі, өкінішке қарай, күшті. Мұндай
келіспеуде, тек егер, бір жағынан, өз отандастарың жөніндегі толық лоялдылық, немесе,
екінші жағынан, отандас атаулыны толық сыйламау арасында таңдау болса ғана мағына
бар. Бірақ дүние олай құрылмаған, және ол солай құрылатындай ешқандай себеп жоқ. Іс
жүзінде біз отбасымыздың, достарымыздың, таныстарымыздың, отандастарымыздың,
және тағы сол сияқтылардың алдындағы міндеттемелерімізге қатысты нәрседе өзімізге
әрқашан есеп береміз әрі бұл биморальдық емес, бірақ бұл өзіміздің сыртқы жеке
мақсаттарымыз үшін олардың мүдделерін сыйламауға алып барғанға дейін биморальдық
емес. Отандастарға басымдық беру әлемдік қоғамдастық талаптарына әбден түсінікті
көзқарас, жақын адамның өзіне ықыласты қарауға айрықша болмаса да, бірінші кезекте
құқығы бар дейтін көзқарастың шеңберінен шығып кетсе ғана кереғар болады.
Яғни, әлемдік қоғамдастық пайда болады, "алға - кейін" прогрессистік баламасына
маталуды да, қасиетті құрбандықшыл альтруизм дүниедегі адамдар арасында үстемдік
етеді немесе ететін болады дегенге сенуді де талап етпейді деген тұжырым, тегінде,
бақытымызға қарай жасалған болар. Қажетті ортақ ұқсастықтың мағынасы неғұрлым
"төмен" әрі жарамды және Найджелдің талабына жақын, ол талап мынадай: өзіңнің және
басқалардың мүдделерінің маңыздылығын бірдей бағалау керек дейтін Сингер мен
Бейтцтің талаптарынан гөрі, біз басқалардың азаптарына кемірек бей-жай болуымыз
керек. Дегенмен, тіпті осындай жеңіл талаптар қойған күннің өзінде, әлгіндей сезімдердің
басым түсетініне күмәндануға болады. Осы мәселеге біз қазір бет бұрамыз.
МЫЗҒЫМАЙТЫН ОБЪЕКТІЛЕР,
ТОЙТАРЫЛМАЙТЫН КҮШТЕР
Әлемдік қоғамдастықтың пайда болу тенденциясы бар деп кесіп айтудың қоспасыз болуы
үшін мынадай сұрақтарға жауап беру керек: осы заманғы дүниеде қандай күштер осы
тенденцияға септеседі және қандай күштер оған қарсы тұрады? Және осынау күштердің
салыстырмалы қуатына әлдене пікірлерді негіздеуге бола ма? Алдыңғы тармақтың бас
кезіндегідей - бірақ бұл арада мұны одан да оңай істеуге болады - ең алдымен мынаны
атап өту керек: дүниежүзілік кірігуге септесетін де, қарсы тұратын да күштер өз термин -
дерінің аясында сол пікірлер жөнінде сыншыл болып келеді. Бері салғанда бір қарағанда,
жаһандық ынтымақ пен партикулярлық лоялдық күштер қақтығысы қызықты болып
табылады, осынау нормативтік позициялар эмпиристік тенденцияларға жатқызыла
алатынымен, олар соңғылардан едәуір өзгешеленеді және өзгешеленуге тиісті.
Жаһандық ынтымақ партикулярлық лоялдықпен әрқилы тіндерде қақтығысады, бірақ
әрбір қақтығыстың мәнісінде көбіне ұқсастықтың мағынасы туралы сыншыл сұраққа әкеп
тірейтін түрлі нормативтік индивидуалдық талаптардың арасындағы жарыс жатыр. Ислам
елдеріндегі әйелдер, халықаралық әйелдер қозғалысы есептейтіндей, өздерін кемсіту