Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Бірақ коммунитарлық перспектива позициясынан қоғам мен қоғамдастықтың пайда
болуын мұндай бағалау мүлдем дұрыс емес, өйткені ол баға сипатты либералдық долбарға
негізделеді, ол долбар мынадай: қоғамдастықтың өзара пайда үшін бір-бірімен
ынтымақтастық жасайтын индивидуалдық мүшелерінде әлеуметтікке дейінгі табиғат және
әлеуметтікке дейінгі мүдделер мен құндылықтар бар, олар өзімен бірге соларды осынау
процеске енгізеді. Бұған қарама-қарсы коммунитарлық көзқарас былай дейді: біріншіден,
адам қоғамда басқа адаммен қатынас процесінде ғана "индивидке" айналады және,
екіншіден, кеңірек алғанда, адам индивидке айналғаннан кейін сол индивид тұрпаты осы
процесс шеңберінде жүзеге асатын қоғамның жемісі болып табылады. Осылайша, туыстас
топтар мен тайпалардан туындайтын қоғамдастық түйсігі осы заманғы мемлекет ретінде
тіршілік етіп отырған дүниеден жай ғана сан жағынан өзгешеленбейді. Бұл арада сапалық
өзгешелік орын алады. Отбасын азаматтық қоғам тініне - индивидтер өзінің дүниедегі
өмір жолын құруға үйренетін ортаға орналастырып және азаматтық қоғамды құқық
сыртқы жат күш емес, тек қана жұрт өзі жасалған нәрсе ретінде қарастырылатын
конституциялық тінге орналастырып, осы заманғы мемлекет сондай институттары жоқ
қоғамдарда тұратын индивидтердің әлуетінен әлдеқайда зор әлуеті бар индивидтердің
тіршілік етуін мүмкін етеді. Гегельшіл мектеп коммунитаристерінің позициясы, беpi
салғанда, осындай.
Осынау көзқарас тұрғысынан "отбасы-тайпа-қала-мемлекет" қатары барған сайын өсе
беретін жай ғана саяси және әлеуметтік ортақтастықтар тізбегі емес: бұл барған сайын
өзгешелене беретін түзілімдер қатары, онда сол түзілімдердің әрқайсысы адами
нұсқауларға бұрын болмаған жаңа бірдеңе қосып отырады. Бұл арада даусыз бір сұрақ
туындайды: дүниежүзілік қоғамдастық, бізге осы заманғы мемлекет бермегенді бере
отырып, сол процесті жалғастыра ма? Оған осы тарауға кіріспеде берілген және көптеген
басқа дереккөздерде ұшырасуы мүмкін Гегель мен Рортиден бастап классикалық
коммунитарлық жауап теріс ыңғайда. Коммунитарлық көзқарас тұрғысынан осы заманғы
мемлекет барша жөнінде әділетті қимылдай отырып, индивидті еркін өмір негіздерімен
қамтамасыз ете алады, сондықтан қоғамдастықтың кез-келген неғұрлым жоғары
саналатын пошымына ілгерілеудің, тіпті сондай қозғалыс мүмкін болған күнде де,
қажеттігі жоқ. Дүниежүзілік қоғамдастық қажетті қадам ретінде бағалана алмайды,
өйткені онда индивидуализм мен персонализм құру үшін осы заманғы мемлекет
қабілетінен артық ресурстар бере алатын шама жоқ. Алайда бұған да тым көп салмақ сала
бермеу керек. Осынау ресурстардың берілуі тиіс екендігі фактысы, олар қазіргі кезде
пайдаланылады деген сөз емес, және осы арада таныстырылған көзқарас тіпті де статус-
квоны жай ғана консервативтік қабылдау емес. Іс жүзінде, ұтымды да бәлкім, әлі еш
жерде жоқ этикалық қоғамдастық фактысы, біздің өмір салтымызды өзгертудің
императивтік қажеттілігін көрсетеді.
Осылайша, гегельдік және жаң агегельдік мазхабтағы коммунитаристер жаһандық
ынтымақ күштері мен локалдық партикуляризм күштері арасындағы күрестің беймәлім
табиғатын түсіндіруде қинала қоймайды. Осынау жаһандық қақтығыстың нақты пошымы
жоқ және ол бұлдыр бағытта дамып келеді, өйткені бұл арада оның негізінде жатқан,
әлеуметтік ұйымның "төменгі" деңгейлерінде қоғамдастық құрған логика кәдеге аспайды.
Локалдық
қақтығыстар
коммунитаризм
терминдерінде
түсініле
алады,
ал
жаңагегельшілдер осы заманғы мемлекет әлеуметтік ұйымның ең жоғары пошымы
екендігіне құлай сенеді. Бірақ тіпті бұл арада да, олардың ізашары ұсынған абсолюттік
рух туралы метафизикалық тұжырымдарсыз, жақсылықтың жамандықты жеңетініне
ешқандай кепілдік жоқ. Қайткен күнде де көптеген осы заманғы коммунитаристер жаңа
гегелыпілдерге қарағанда, әрқилы қоғамдастықтар үшін әрқилы саяси пошымдар жарай