Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
беретініне сене отырып, осындай салыстырмалы тұжырымдар жасауға тым құлықты емес
(Walzer, 1983).
Көптеген адамдар үшін коммунитаризмнің осынау кейінгі пошымын түсіну қиындығы
оның релятивизмге және пікір білдіруден немесе міндетті көрінетін жағдайда, мысалы,
Гитлер мен Пол Пот секілді көшбасшылардың геноцид саясатын бағалауда, айыптаудан
бас тартуына байланысты. Релятивизмді сынауда әділеттің бір бөлігі бар, және Уолтцер
оған "ең аз әмбебап моральдық талаптардың" (Walzer, 1987. P. 24) көмегімен жауап беруге
тырысады, ол талаптар адамдар үшін жеткіліксіз болғанымен, қызметтің кейбір
түрлерінің, мысалы геноцидтің жамандығын анықтауға әбден-ақ мүмкіндік береді. Бірақ
кез-келген жағдайда, тіпті мұндай көзқараспен ортақтаспайтын релятивист тирандарды
айыптаудан бас тартуға міндеттімін деп сезінбейді. Релятивистер қандай да бір әлеуметтік
практиканы оқшау алып қарастыруға болатынына сенбейді, олар "тұтас алғандағы
тіршілік пошымдары бір немесе басқа көзқарастан шығарылған өлшемнің негізінде
бағалана алмайды" деп біледі. (Nagel, 1986; сондай-ақ пікірталасты қараңыз:Раі1 II.
Nussbaum and Sen, 1993). Мұндай позиция қызыл кемерлерді немесе нацистерді ақтап
алады деп тұжырымдауға себеп жоқ, өйткені осынау топтар өз мәдениеттерінің немесе
өмір пошымдарының өкілдері болып табылады деуге себеп жоқ. Пол Поттың позициясы
Камбоджаның өткенін теріске шығарудан тұрды және тұрады, ал Германия тарихының
гитлерлік нұсқасы бұрмаланған болатын.
Терең жергілікті дәстүрлері бар әлеуметтік практика Батыста қабылданған моральдық
стандарттармен, мысалы, ислам қоғамындағы әйелдердің жағдайы жөнінде қайшы келетін
кездердің болатыны әбден ықтимал. Мұндайда либералдық көзқарас ұстанатын
коммунитаристер үшін дилемма пайда болады. Есеп мынаған құрылады: бірде-бір ұзақ
өмір сүріп келе жатқан мәдениет әрқашан және кез-келген жағдайда тек бір бағытта
әрекет ететін әлеуметтік практикадан тұратын монолит болмайтындықтан, мәдениеттің
ішінен туындайтын әлеуметтік сынның әсері түптің түбінде сол мәдениетке қарсы
практика үшін күйреткіш күш болып шығады. Бұл дүниетанымның табиғаты құлдыққа,
кейінірек батыстық еместерді құқықтық кемсітуге - олар батыс құндылықтарына кереғар
деп саналады - баға берудің табиғатымен бірдей. Мұндай процесс кез-келген нақты
жағдайда жүре беретіндігіне "үміт" тым шамалы, өйткені коммунитарлық релятивистердің
пікірі бойынша жағдайды өзгерту мақсатында сырттан араласудың аталмыш нұсқасы
ақтауға болмайтын мәдени империализм актысы болып табылады.
Бұл толғамдардың мақсаты - Гегельдің рух туралы "мета - әңгімелерінен" Уолтердің
квазирелятивизмі арқылы Рортидің постмодернизміне дейін - әртүрлі коммунитарлық
көзқарастардың бар екендігін көрсету. Дегенмен жалпы алғанда сол көзқарастардың
әрқайсысында мына нәрсе бар: қоғамдастық дүниесінен дүниежүзілік қоғамдастық асып
түсетініне немесе асып түсе алатынына сену үшін жеткілікті себеп жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚ
Осынау толғамдар конвенционалистік ділмарлық аясында жасалып отыр және, атап
айтқанда, бүкіл адамзатты қамтитын әмбебап қоғамдастық пен ынтымақтың пайда
болатынына сенетін социалистік, коммунистік және кейбір либералдық үміттерге қарама-
қайшы. Дегенмен мынаны сұрауға болады: бәлкім осыншама белсенді қадап айтылған
құндылықтар әрқилы пошымдарда көрініс табар, ал әмбебап терминдерде ойлаудан бас
тарту бізді дүниежүзілік тәртіптің плюралистік тұжырымдамасының мүмкіндігіне,
айырмашылықтарды қабылдаудағы ашықтыққа жетелеп, олар адамзат ынтымағын