Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.браун.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ - САЯСИ ТЕО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
метахикаят жөнінде неғұрлым радикалды "скептицизм" ұсынады. Ол-ол ма,
марксизленинизмнің академизмі мен айдан анық дәрменсіздігі және прагматикалық
либерализмнің Хайектің (Hayek, 1960) атымен байланыстырлатын түрінің шиеленісі
кемірек дәрменсіздігі қоғамның үлкен саяси идеялардан кеңінен түңілуіне жетелейді;
осынау постмодернистік скептицизмді қуаттайтын позиция көп сөзді емес.
Соған қарамастан жақыннан қарағанда осынау скептицизм кең таралған секілді көрінеді.
Сөз жоқ, идеялар тарихын біздің ізашарларымыз біздің проблемаларға жоламай, тек
өздерінікімен ғана айналысқан сияқты ғып көрсететін қарабайырлатылған викториялық
прогрессизмнен бойды аулақ салған жақсы, бірақ дәуір рухы бізге қарабайырландыру -
шылар армиясына қосылуға жол бермейді, алайда осынау салауатты тенденцияларға өзін-
өзі ірітіп-шірітетін нигилизм астына қол қоюға жол берілмеуге тиіс. Өткеннің саяси
проблемалары осы заманғы адамға түк те әсер еткен жоқ және өмірдің барлық
идеологиялары мен перспективалары бұрмаланған деген пікір қоғамдық пікірге елеулі
қыр көрсету болып табылады. Бүгінде қабылданған идеяны - саяси қоғамдастықтың
неғұрлым кең мағынасы идеясын қорғай алу әбден мүмкін, мұны ата-бабаларымыз үшін
істегеннен және бұл орайда бүкпесіз аңғалдыққа ұрынғаннан бұл оңай. Осы заманғы
мемлекеттер қоғамдастық проблемаларын шешкен жоқ, бірақ олар қол жеткен прогресті
жоққа шығаруға болмайтынын түсінуге және осы заманғы либералдық демократиялық
мемлекеттердің нақты құндылықтарын мойындаудан бас тартпауға тиіс.
Осылайша, "отбасы-тайпа-қала-мемлекет" қатарының ішінде қоғамдастықтың кеңеюі мен
тереңдеуін табуға болады дегенді терістейтін даусыз себептер жоқ, бірақ екінші себептен
бас тарту қиынырақ, ал ол себеп, атап айтқанда, жаңағы қатардың "дүниемен" аяқталуын
мүмкін етпейтін елеулі себептердің бар екендігінен тұрады. Қарабайырлап айтсақ, себеп
мынада болуы мүмкін: ортақ ұқсастықтың мағынасының өзі "басқалардың" болуын талап
етеді. Бұл барша қабылдаған және тыншытатын көзқарас, оны Даниэл Белл 1972 жылы
сәтті түйіндеді: "Махаббатқа бой алдырған адамдардың айтарлықтай санын әрқашан бірге
біріктіруге болады, бірақ олардан басқа агресияшылдықты бастан өткеріп жүргендер де
бар" (цитата: Moynihan, 1993. P. 61). Бірақ соншалықты тартымдылығына қарамастан бұл
уәж оншалық құлай сендірерлік емес, және бұл тек адам табиғатының қаратүнек
натурасын бейнелейтіндіктен ғана емес, оның ешқандай айқын себепсіз оны өзгерту
мүмкіндігін терістейтіндігінен де. Плюрализм пайдасына неғұрлым көз жеткізерлік
уәждер осы тарау сүйенетін идеядан жіті білдірілген өзіндік ерекше қоғамдастық
идеясына негізделген. Осынау өзіндік ерекше идеяның өзекті қағидаларын осы тарауға
кіріспеде сілтеме жасалған коммунитаризм туралы еңбектерден, тек қана демейік, ішінара
осы заманғы жаңа гегельшілдер Чарветтің (Charvet, 1981), Санделдің (Sandel, 1982) және
Фростың (Frost, 1986) жұмыстарынан табуға болады.
Бұл позицияны түсіну үшін тайпадан мемлекетке дейінгі деңгейде көрінетін
коммуникация желісі мен өзара тәуелділіктің өсуі қоғамдастықтың пайда болуын
түйсінумен неліктен қатар жүретінін анықтап алу қажет. Бірақ кейбір перспективалар
тұрғысынан бұл қызғылықты мәселе емес. Егер, мысалы, ең жақсы либералдық
дәстүрлерде қоғам, ондағы ұқсастық дәрежесі айдан анық болғандықтан, "өзара пайда
үшін құрылған ортақ кәсіпорын" болса, онда сол кәсіпорынның кеңейтілу шамасына қарай
қоғамдастық мүшелерінің саны да ықтималдықпен ұлғаятын фактысын неғұрлым терең
түсіндірулерді іздестірудің себебі жоқ. Және сондай-ақ осынау кәсіпорын бүкіл
дүниежүзілік ауқымға ие болу шамасына қарай әрбір адам қоғамдастықтың жалпы
дүниежүзілік түйсігінің пайда болуын күте алады; нақ сондықтан Бейтц (Beitz, 1979) пен
Поддж (Pogge, 1989) Ролстың әлеуметтік әділет ұғымын қоғамның жаһандық
анықтамасына қолдануға тырысады.