Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Мұхит үстімен жүзу құрлық ішіндегі түйемен және атпен жүрудің табиғи бәсекелесі
болды. Өркенияттың потамиялық кезеңі тек осы мұхиттық өзендерді - қытайлардың
Янцзыны, үнділердің Гангты, вавилондықтардың Евфратты, мысырлықтардың Нілді -
игеруіне негізделген еді. Гректер мен римдіктердің өркенияты, өркенияттың "теңіздік" деп
аталатын кезеңі Жерорта теңізін игеруге негізделген болатын. Сарациндер мен викингтер
тек осы өздерінің жүзу мүмкіндіктерінің арқасында мұхит жағалауын басқара алды.
Үндістанға Қайырлы Үміт мүйісін айналып баратын жолды ашудың аса маңызды
нәтижесі - ол Еуро - Азияның батыс - және шығыстағы каботажды кеме қатынасын
байланыстыру, сөйтіп осындай айналмалы жолмен болса да, далалықтарға тылдан қысым
көрсете отырып, олардың стратегиялық басымдығын біршама зиянсыздандыру болды.
Колумб заманының ұлы теңізшілері бастаған революция христиан әлеміне ғажап
белсенділік - ол тиісті деңгейіне жетпесе қалып келді. Бөлшектенген һәм аралдық
жерлерді қоршап жатқан біртұтас және кең шалқар мұхит теңіздегі билікті және қазіргі
заманғы әскери-теңіз стратегиясы мен саясатының бүкіл теориясын шоғырландырудың ең
жоғарғы дәрежесін қамтамасыз еткен географиялық алғышарт болып бұл турасында
капитан Мэхэн мен м-р Спенсер Уилкинcoн жан-жақты жазды. Осының бәрінің саяси
нәтижесі Еуропа мен Азия арасындағы қарым-қатынастың өзгеруінде жатыр. Орта
ғасырларда Еуропа оңтүстігінде кісі жүре алмас құмдардың, батысында зерттелмеген
мұхиттың, солтүстігіне және солтүстік-шығысында мұздардың не ит тұмсығы өтпес
ормандардың арасындағы құрсауда жатса, шығысында және оңтүстік-шығысында оған
көшпенділердің ғаламат жылдамдығы қатер төндірілетінін ұмытпау керек. Енді міне ол
отыз сегіз теңізге және басқа да аумақтарға қол жеткізіп, бұған дейін өміріне қатер
төндірген еуроазиялық құрлықтық мемлекеттердің маңайына өз ықпалын таратып, бүкіл
әлемнен жоғарылады. Су айдынының арасынан ашылған бос жерлерде жаңа Еуропалар
құрылды, сөйтіп бұрын еуропалықтар үшін Британия мен Скандинавия қандай болса, енді
Америка мен Австралия, тіпті кей жағдайда бүгінде Еуро-Азияға жалғасып жатқан
транссахаралық Африка да сондай болды. Британия, Канада, Құрама Штаттар, Оңтүстік
Африка, Австралия мен Жапония сауда және теңіз күштері үшін құрылған, Еуро Азияның
құрлықтық мемлекеттерінің құрығы жетпейтін аралдық базалардан тұратын сақина
іспеттес еді.
Дегенмен, жаңағы құрлықтық мемлекеттер тіршілік етіп жатты және белгілі оқиғалар
олардың маңыздылығын тағы біp рeт көрсетті. Батыс Еуропаның "теңіздік" халықтары
мұхит бетіне кемелерін қаптатып, алыс жерлерге жетіп, соның арқасында Азияның мұхит
жағалауындағы тұрғындарына алым-салық төлетіп отырғанда, Ресей қазақтарды
ұйымдастырып, өздерінің солтүстік ормандарынан шықты да, көшпенді татарларға өз
көшпенділерін қарсы қойып, далаға бақылау орнатты. Теңіз шалқарында Батыс
Еуропаның басқыншылығын көрген Тюдорлар дәуірі Орыс мемлекетінің Мәскеуден
Сібірге қарай жылжуының да куәсі болды. Аттылардың бүкіл Азия арқылы шығысқа
атойлауының Қайырлы Үміт мүйісінен өту сияқты соншалықты саяси салдарлары болды,
бірақ, әрине, бұл екі оқиға кеп уақыт бір-біріне салғастырылған жоқ.
Бәлкім, тарихтағы ең әсерлі дөп келу мынада болар: Еуропаның теңіздегі де, құрлықтағы
да экспансиясы белгілі жағдайда гректер мен римдіктердің ежелден келе жатқан қарама-
қарсылығын жалғастырды. Бұл саладағы бірнеше сәтсіздік салдары Римнің гректерді
латындандыруының іске аспағандығынан гөрі тереңірек болып шықты. Тевтондар
өркенияттандырылып, христиандықты римдіктерден қабылдады, ал славяндар оны
гректерден алды. Романдық тевтондардың нақ өздері кейін теңіздерде жүзді; ал гректік
славяндардың нақ өздері далаларда ат ойнатып, Тұран халықтарын бағындыра бастады.
Яғни, қазіргі заманғы құрлықтық мемлекеттің теңіздік мемлекеттен айырмашылығы