Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
материалдық жағдайлары мен белсенділігінде емес, тіпті өз мұраттарының түп тамырында
жатыр.
Қазақтардан кейін сахнаға Солтүстіктің ормандарындағы жалғыздығымен ың-шыңсыз
қоштасқан Ресей шықты. Өткен ғасырда Еуропада орасан зор ішкі маңызы болған тағы бір
өзгеріс - орыс шаруаларының оңтүстікке қоныс аударуы еді, сонымен, егер бұрын ауыл
шаруашылық мекендері орманмен шекарада аяқталып отырса, енді бүкіл еуропалық Ресей
халқының орталығы бұл шекарадан оңтүстікке қарай, сол жерлердегі және батысқа
таманғы далаларды алмастырған бидай алқаптарының ортасында жатыр. Америкалық
жылдамдықпен қарыштап дамыған төтенше маңызды Одесса қаласы нақ осылай бой
көтерді.
Осыдан бір ұрпақ бұрын пароход пен Суэц каналы, құрлық мемлекеттерімен
салыстырғанда, теңіз мемлекеттерінің белсенділігін өсірген секілді көрінген. Темір
жолдар, негізінен, мұхиттық сауданың көмекшісі рөлін атқарады. Алайда енді
трансконтиненттік темір жолдар құрлықтық мемлекеттердің ахуалын өзгертуде және олар
еш жерде Еуро-Азияның жабық орталық аудандарындағыдай жоғары тиімділікпен жұмыс
істемейді, ал осынау ұлан-байтақ кеңістікте мұндай жолдарды салу үшін бірде-бір
жарамды бөрене немесе тас табылмайды. Темір жолдар далада көз көрмеген ғаламат
жасауда, өйткені олар ат пен түйені тікелей алмастырды, бірақ мұнда бұл саланы дамыту
сатысы өтіп кетті.
Сауда жөніндегі ахуалда мынаны ұмытпау керек: мұхиттық тәсіл салыстырмалы түрде
арзан болғанымен, әдетте тауарды төрт кезеңнен, шығарушы фабрика, және верфі,
алушының верфі және бөлшек сауда қоймасы кезеңінен өткізеді, ал континенттік темір
жол, оны шығарушы фабрикадан импорттаушының қоймасына тікелей жеткізеді.
Осылайша, аралық мұхиттық сауда, басқа бірдей жағдайларда, континенттер төңірегінде
ену аймағының қалыптасуына жетелейді, оның ішкі шекарасы линиямен дөрекі
нобайланған, оның бойында төрт операцияның, мұхит тасымалының және көрші
жағалаудан темір жолмен тасымалдаудың құны континенттік темір жол бойындағы екі
операцияның және тасымалдаудың құнына тең болып шығады.
Орыс темір жолдары батысындағы Вербалленнен шығысындағы Владивостокқа дейін
6000 мильге созылып жатыр. Маньчжуриядағы орыс әскері Британияның Оңтүстік
Африкада теңіз державасының үлгісін көрсеткені сияқты жылдам құрлықтық қуатты
күштің тамаша куәсі болып отыр. Әрине, Транссібір магистралі бұрынғысынша бірден-бір
және тіпті де қауіпсіз емес байланыс желісі болып қалып отыр, алайда осы ғасыр
аяқталмай-ақ бүкіл Азия темір жолдар желісімен жабылады. Ресей империясы мен
Моңғолия аумағындағы кеңістіктің байтақтығы соншалық, ал олардың халық, астық,
мақта, отын және металдар әлуетінің жоғарылығы соншалық, бұл арада өзіндік, біршама
қашықта болса да, мұхиттық сауда жете алмайтын экономикалық орасан зор дүние
дамиды.
Тарихтың негізгі тенденцияларын соншалық тез шолып өте отырып, біз географиялық
тұрғыдағы тұрақтылықтың айдан анықтығына көз жеткізбейміз бе? Еуро-Азияның осынау
ұлан-байтақ, кемелер жете алмайтын, бірақ ежелгі заманда көшпенділер әрі-бері кесіп өте
беретін, қазіргі кезде темір жолдар желісімен жабылуға тиіс ауданы әлемдік саясаттағы
өзекті аймақ болып тұрған жоқ па? Мұнда әскери және өнеркәсіптік державалардың
дамуы үшін көп үміт төндіретін (белгілі бір факторлар шектесе де) жағдай болған және
болып отыр. Ресей Моңғол империясын алмастыруда. Оның Финляндияға,
Скандинавияға, Польшаға, Түркияға, Персияға, Үндістанға және Қытайға қысымы