Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жүзуге мүмкіндік беретін шекаралық аймақтар жатыр. Физикалық құрылысына сәйкес бұл
аудандардың саны төртке тең, және де олар төрт діннің - буддизмнің, брахманизмнің,
исламның, христиандықтың - таралу өңірлеріне сәйкестігінің өзі принципінде тіпті де
маңызсыз емес. Бұлардың алғашқы екеуі муссондар өңірінде жатыр: біреуі Тынық
мұхитқа, екіншісі Үнді мұхитына бағытталған. Төртіншісі, Еуропа, Батыстан,
Атлантикадан келетін жаңбырлармен нәрленеді. Осынау жалпы ауданы жеті миллион
шаршы мильден кем болмайтын үш аймақта миллиардтан артық адам, басқаша айтқанда,
жер шары халқының үштен екісі тұрады. Бес теңіз өңірімен сәйкес келетін үшінші өріс,
немесе Таяу Шығыс (оны осылай жиірек атайды), Африкаға жақын орналасуы себепті
ылғалдың тапшылығынан анағұрлым көп зардап шегеді әрі мұнда халықтың қоныстануы,
оазистерді есептемегенде, онша тығыз емес. Кейбір дәрежеде оған Еуро-Азияның
шекаралық өңірінің де, орталық аудандарының да белгілері тән. Аталмыш өңірде
ормандар жоқ, жиі-жиі шөл кездеседі, сондықтан ол көшпенділердің бірлігі үшін тіпті
қолайлы да. Онда шекаралық аймақ белгілерінің байқалуы, теңіз шығанақтары мен
мұхитқа құятын өзендер оны теңіз державаларының қолы жететіндей өтуінен көрінеді
және бұл олардың өздерінің де теңізде үстемдік етуіне мүмкіндік береді. Міне сондықтан
мұнда негізін Мысыр мен Вавилонның ұлы оазистерінің ауыл шаруашылық халқы
құрайтын, "шекаралық" қатарға жататын империялар ауық-ауық пайда болып отырды.
Оның үстіне, олар Жерорта теңізі мен Үндістанның өркеният әлемімен су жолдары
арқылы байланысты болатын. Алайда бұл империялар соған дейін болып көрмеген көші-
қонның қарекет аймағына айналды: олардың біреулерін Орталық Азиядан шыққан
скифтер, түріктер және моңғолдар жасаса, басқалары батыс мұхиттан шығыс мұхитқа
апаратын құрлықтағы жолдарды басып алғысы келген Жерорта теңізі төңірегіндегі
халықтардың күш-жігерінің нәтижесі болды. Бұл жер осынау ерте пайда болған
өркенияттар үшін ең әлсіз буын болды, себебі теңіз мемлекеттерін батысқа және шығысқа
бөліп тұрған Суэц мойнағы, сондай-ақ Орталық Азиядан сонау Парсы шығанағынa дейін
созылып жатқан құрғақ Парсы шөлдері көшпелі бірлестіктерге оларды бір жағынан
Үндістан мен Қытайдан, екінші жағынан олардың өздерін Жерорта теңізі әлемінен бөлігі
тұрған мұхит жағалауына жетуге ұдайы мүмкіндік берді. Мысырдың, Сирияның және
Вавилонның жазиралары құлдыраған әрбір жолы далалықтар Иранның жалпақ
жазықтықтарын форпост ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болды, сол жерден олар
Пенджаб арқылы Үндістанға, Сирия арқылы Мысырға, Босфор мен Дарданеллдің қираған
көпірі арқылы Венгрияға соққы бере алатын. Ішкі Еуропаға апаратын магистралдық
жолда Вена тұрды, ол орыс далаларынан тура жолмен келген, сондай-ақ Қара және
Каспий теңіздерінен оңтүстікке қарай жатқан қым - қуат жолдар арқылы енген
көшпенділердің шапқыншылығына қарсы тұрды.
Сонымен, біз Таяу Шығыстағы сарацин және түрік бақылауының арасындағы айдан анық
айырмашылықты көрсеттік. Сарациндер Ніл мен Евфраттың және Азияның оңтүстігіндегі
кішігірім жазираларға қоныстанған семит нәсілінің бұтағы болатын. Осы жердегі екі
мүмкіндікті - біріншіден, жылқы мен түйені, екіншіден, кемелерді - пайдаланған олар ұлы
империя құрды. Әрқилы тарихи кезеңдерде олардың флоты Жерорта теңізін Испанияға
дейін, сондай-ақ Үнді мұхитын Малай аралдарына дейін бақылауда ұстады. Осынау батыс
және шығыс мұхиттардың аралығындағы стратегиялық тұрғыдан келгенде орталық
позициядан олар Ескі Дүниенің бүкіл шекаралық аудандарын басып алғысы келді, сөйтіп
бір ретте Александр Македонскийді қайталаса, екінші жағдайда Наполеонның алдын
алды. Олар тіпті далаға қауіп төндіре алатын. Бірақ сарацин өркениятын түріктер,
Азияның нақ жүрегінде өмір сүрген және Арабиядан, Еуропадан, Үндістан мен Қытайдан
толық бөлінген тұрандық мәжусилер талқан етті.