Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
үкіметін қорғаған адам ғой. Ол өзінің "Конституциялық кодексінде" жоғарғы билікті тұтас
халыққа береді де, былай дейді: "ең абзалы "жоғарғы билікті негізінен бақытты еткісі
келетіндердің көп бөлігіне берген", өйткені "мұндай ара қатынас осы мақсатқа жетуге
барлық басқасынан сәйкес келеді".
Енді осынау екі доктринаны қатар қойсақ не болатынын байқайық. Жоғарғы билеп-
төстеуші - халық өзінің өкілдерін тағайындайды, осылайша үкімет құрады, ол оз кезегінде
құқықтарды жасайды, содан соң, құқықтарды жасағаннан кейін, ол өзін құрған
державалық халықтың әрбір мүшесіне жеке-жеке сол құқықтарды бөліп береді. Қандай
таңғажайып саяси фокус! Матью Арнольд, жоғарыда аталған мақаласында "меншік
дегеніміз заңның туындысы" дей отырып, бізді "өз бойымыздағы меншіктің
метафизикалық елесінен сақтандырады. Шынында да барлық метафизикалық елестердің
ішінен көлеңкеге ең ұқсасы зат, сол затты жасайтын және содан кейін өзінің төл
жаратқанына тапсыратын белгілі адамның шығармашылық қызметінің арқасында
жасалады деп топшылайтын елес".
Біз Бентамның сөйлеміне қай жағынан қарасақ та, ол түсініксіз болып қала береді. Үкімет,
дейді ол, өзінің міндетін "құқық жасау арқылы орындайды". "Жасайды" деген сөзді екі
ұшты түсінуге болады; ештеңеден бірдеңе жасау немесе бұрыннан бар бірдеңеге пошым
беру дегенді білдіре алады. Көптеген адамдар ештеңеден бірдеңе жасау Құдірет үшін де
мүмкін екенін тіпті елестету мүмкін емес деп ойлайды және мен, адамдар құрған үкімет
ештеңеден бірдеңе жасай алады дегенді ешкім де кесіп айтпас деп ойлаймын. Басқа бір
балама - адамдар құрған үкімет тек екінші көрсетілген мағынасында жасайды: ол
бұрыннан бар бірдеңеге пошым береді. Мұндай жағдайда мынадай сұрақ туындайды:
"Осынау бұрыннан бар, үкімет пошым беретін зат қандай?". Бүкіл мәселе оқырмандарды
алдайтын "жасайды" сөзіне барып тірелетіні айдан анық. Бентам ойды білдіру жөнінде өте
кіршіксіз болатын және оның "Қателіктер туралы кітабында" ("Воос of Fallaces") "жалған
терминдерге" арналған тарау бар. Осыдан кейін оның өзі жалғап терминнен туындайтын
ұғым солқылдақтығының осындай таң қаларлық мысалын бергені қайран қалдырады.
Бірақ барлық осынау түсініксіз сөйлемдерді былай қоя тұралықта, Бентам пікірінің ең
негізгі тәпсірін іздеп көрелік.
Бастапқыда барлық өкілеттіктер мен құқықтар тұтас күйінде жоғарғы билеп-төстеуші -
халықта болған және осынау бұтарланбаған тұтас нәрсе, Остин айтқандай, жоғарғы билеп-
төстеуші - халық тағайындаған үкіметтің қолына, ол осынау өкілеттіктер мен құқықтарды
тарату немесе болу жұмысын жүргізу үшін берілген деуге болады. Егер, өзіміз
көргеніміздей, құқықтар жасалады деген сөйлем, тек бейнелі соз болса, онда Бентам
пікірінің түсініксіз мағынасы мынада: жеке кісі ретінде өздерінің тілектерін
қанағаттандырғысы келетін және тұтас ретінде қанағаттандырудың барлық көздеріне,
сондай-ақ индивидтердің барлық қарекеттеріне билік жүргізетін индивидтер жиынтығы
үкіметті сайлайды және сол үкімет жеке қызмет қалайша және қандай жағдайларда орын
алып, қалайтын нәтижелерге жете алатынын хабарлайды. Мұның астарында не жатқанын
қарап көрелік. Әрбір адам екі түрлі елестетіледі: жеке адам ретінде ол үкіметке бағынады,
ал қоғамның мүшесі ретінде ол үкіметті сайлаған державалық халықтың бір мүшесі. Бұл
дегеніңіз жеке адам ретінде ол құқықтар берілетіндердің санатына жатады, ал қоғам
мүшесі ретінде ол өздері сайлаған үкімет арқылы құқық беретіндердің біреуі деген соз.
Абстрактты нәрседен нақты нәрсеге көшейік те, осынау анықтама нені білдіретінін қарап
көрелік. Қауым, біздің гипотезаға сәйкес, өздері қоныстанған елдің бір иесі ғана емес,
сондай-ақ қарекет жасап, ие болудың барлық бостандықтарының да бір иесі болып
табылатын миллион адамнан тұрады деп топшылайық, өйткені бірден-бір танылған құқық
- қауымның әмбебап құқығы. Осыдан келіп не шығады? Әрбір индивид, езінің төл