Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
талаптарды анықтау жөнінде басым болады, ал мұнан жұртшылықтың мүддесі үшін жеке
адамдармен немесе компаниялармен келісім жасау үшін негіз туындайды.
Әрқилы категорияларды бөліп тұрған шектердің егжей-тегжейін келтірудің немесе
талқылап жатудың, олардың біреуіне не кіретінін және басқа біреуінен не шығарып
тасталатынын айтып жатудың бұл арада қажеті жоқ. Біз алдымызға қойған мақсат үшін
мына бір даусыз ақиқатты мойындау жеткілікті: адамдар, егер олардың пікірі сұралса,
көпшіліктің ырқы солай болса да, тіпті де бәрі бірдей орындауға келісе қоймайтын
қарекеттердің қисапсыз коп саны бар; және, керісінше, жұрттың бәрі бірауызды дерлік
орындауға келісетін қарекеттер бар. Осынау ақиқат біздің ойымызша көпшіліктің ырқын
белгілі шекарада, белгілі бір негізбен таңу үшін, сол ырықтың беделін белгілі шектен тыс
мойындамау үшін белгілі бір негіз қызметін атқарады.
Мәселені мұқият қарағанда, мұның соңғысы төмендегіге саятыны айдан анық. Топ пен
оның мүдделерінің өзара құқықтары қандай? Қауымның құқықтары барлық жағдайда
индивидтің құқықтарынан жоғары тұра ма? Немесе индивид барлық жағдайда қауым
құқықтарынан жоғары тұратын құқықтарға ие ма? Саяси пікірлердің, әсіресе, сөздің толық
мағынасында басқару саласына қатысты пікірлердің бүкіл құрылымы осы мәселелерді
шешуге тәуелді. Жалпы қабылданғаннан гөрі өзге байламға келу үмітімен мен үнсіз
қалған алауыздықтарға жан бітіру ниетіндемін. "The State in Relation to labour"
("Мемлекеттің еңбекке қатынасы туралы") атты шығармасында профессор Джевонс: "ен
алдымен біз әлеуметтік мәселелер өрісінде дәйексіз құқық секілді бірдеңе бар деген ойды
басымыздан аластап алуға тиіспіз" дейді. "Әдеби меншік туралы" мақаласында Матью
Арнольд та дәл сондай пікір білдіреді: "Автордың өз шығармаларына ешқандай
жаратылыстық меншік құқығы жоқ", дейді. Демек, оның өзі жасай алатын немесе ие бола
алатын нәрсенің бәріне ешқандай жаратылыстық құқығы жоқ. Мысалы, осыдан шамалы
ғана бұрын мен едәуір таралатын апталықтан мынаны оқыдым: "Жаратылыстық құқыққа
ұқсас ештеңе де болмайтынын дәлелдеп жату, өзіңнің уақытың мен өзіңнің біліміңді рәсуа
ету деген соз болар еді". Және осынау үзінділердегі пікірді әдетте мемлекет қайраткерлері
мен заңгерлер тек ойлануға дағдыланбаған тобыр ғана соған қосылмас деп ойлауға
мәжбүр ететін ауанмен айтады.
Бәлкім, мұны сондай догматтық ауанда мәлімдеу керек пе еді, өйткені континенттегі
заңгерлердің тұтас бір мектебі ағылшын мектебінің пікіріне бүтіндей қарама-қарсы пікірді
ұстанады. Жаратылыстық құқық (Natur-Recht) идеясы неміс заңгерлерінің негізгі
принципі, ал неміс философиясы туралы қалай ойласа да, ол мәселеге ең тереңіне дейін
бойламайды деуге болмайды. Баршаның арасында өзінің ізденгіштігімен ерекшеленетін
ұлт, әрине, үстірт ойшылдар қатарына жатқыза салуға болмайтын ұлт қабылдаған
доктринаны қандай да бір халық нанымы секілді итеріп тастауға болмайды. Бірақ мұны
орайы келген соң ғана айтып отырмыз. Жоғарыда келтірілген цитаталарда теріске
шығарылатын сөйлем мен қарама-қарсы сөйлемнің пікірі байланысты. Егер біз 374 оны
жақынырақ қарастырып, оның неге негізделгенін анықтасақ, ол қандай пікір?
Бентамға қайтып оралсақ, біз онан сол қарама-қарсы сөйлемнің жарқын тұжырымын
табамыз. Бентам былай дейді: үкімет өзінің ролін "ол индивидтерге сыйлайтын
құқықтарды: кісілер үшін қауіпсіздік құқығын, олардың абыройын қорғау құқығын,
меншік құқығын және т.б. жасау арқылы" атқарады. Егерде осынау доктрина
корольдердың құдай берген құқығынан шығарылса, онда логикаға анық қарсы ештеңе
болмас еді. Егерде ол бізге Инка "барлығы да ағып шығатын бұлақ" деп саналған ежелгі
Перуден, немесе патша "адамдар мен жер бетіндегі барлық игіліктердің шектеусіз
билеушісі Шоадан (Абиссиния), "барлық адамдар - патшаның құлы" Дагомеядан жетсе, ол
қисынды болар еді. Бірақ Бентам Гоббс секілді абсолютист болғаны былай тұрсын, халық