Page 17 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
алдымен шарттардың еркіндігіне мүмкіндігінше аз қысым жасалуын, содан кейін олардың
орындалуының қамтамасыз етілуін талап етеді дегенді білдіреді. Біз жоғарғы қоғамға
біріккен адам¬дар қызметі ұшырайтын бірден-бір табиғи қыспақ екі жақты шектеу екенін
көрдік, адамдардың өздері жасайтын шарттарда қыспақ бола алмайды: ол шарттарға
килігу әркімге берілетін, бұл орайда басқалардың құқығына нұқсан келтірмейтін қарекет
бостандығын бұзу деген соз. Және сонда, біз көргеніміздей, басқа азаматтардың құқығына
берілетін кепілдікте жасалған мәміленің атқарылуына кепілдік те бар, өйткені шартты
бұзу жанама зорлық болып табылады. Аларман дүкен сөресінің алдында тұрып, оның
арғы жағында тұрған өзіне керек бір шиллингтің затын беруді өтініп, сатушы кері
бұрылған кезде, ол төлеуге тиіс болатын шиллингті қалдырмай, дүкеннен шығып кетсе,
оның қарекеті шындап келгенде ұрлықтан өзгешелене қоймайды. Осындай барлық
жағдайларда индивид зиянға қалған индивид өзі ие болып отырған заттан айрылады және
ол үшін уағдаласылған эквивалент ала алмайды. Ол оз еңбегін шығындап, ол өмірді
қолдап отыру үшін қажет шарттың бұзылуынан зиян шегеді.
Бұдан шығатын байлам, индивидтердің құқығын мойындап, оны қамтамасыз ету деген
соз, сонымен бірге дұрыс әлеуметтік тіршілік ету шарттарын мойындап, оны қамтамасыз
ету деген сөз. Бұл екі жағдайда да шешуші бастау өмірлік қажеттілік болып табылады.
Практикада қолданылатын тұжырымдарға көшуден бұрын жоғарыда жасалған жеке
байламдар - егер біз оларды кері тәртіпте қарасақ - бізге дәл сол байламдарды қалай
беретінін көрсетейік.
Біз қазір анықтағанымыздай, индивидуалдық өмір үшін қажетті шартты құрайтын нәрсе,
екі жақты көзқарас тұрғысынан әлеуметтік өмір үшін де қажетті нәрсе болып табы¬лады.
Біз екі көзқарастың қайсысын қабылдасақ та, қоғамның өмірі индивидуалдық
құқықтардың қорғалуына тәуелді. Егер ол тек азаматтар өмірінің жиынынан өзге ештеңе
болмаса, бұл өз-өзінен түсінікті. Егер ол азаматтар өзара тәуелділікте жасайтын әрқилы
қарекеттердің жиынтығынан құралса, онда осынау күрделі де дерексіз өмір, азаматтардың
құқықтары құрметтелетіндігіне немесе теріске шығарылатынына қарай азырақ яки көбірек
интенсивті болады.
Саяси-этикалық идеялар мен адамдар сезімін зерттеу де сондай тұжырымдарға жетелейді.
Әрқилы тұрпаттағы алғашқы қауымдық күйдегі халықтар үкіметтер дүниеге келуден
бұрын есте жоқ ескі замандарға қатысты салттар кісінің құқықтарын мойындап, олардың
қорғалуын қамтамасыз ететінін көрсетеді. Әрқилы халықтарда бір-біріне тәуелсіз дамыған
заңдар кодекстері, азаматтардың кісілігі, мүлкі мен бостандығы жөнінде кейбір
ережелердің бұзылуына бірдей тиым салады және бұл ауызбірлік индивидуалдық
құқықтардың қайнар көзі жасанды емес, жаратылыстық екенін көрсетеді. Әлеуметтік даму
барысында салт бекіткен құқықтарды заң көбірек айқындықпен және дәлдікпен
тұжырымдайды. Сонымен бір мезгілде үкімет барған сайын оларды қорғау міндетін оз
мойнына ала түседі. Ең жақсы қамқор болған үкімет өзінің зорлық жасау өрісін тарылта
берді; ол жеке қызмет саласына өзінің араласуын біртіндеп шектеді. Ақыр соңында, өткен
замандарда заңдар әділет туралы жаңа ұғымдарға анық сәйкес келу үшін өзгертілгені
секілді, нақ сол секілді қазір де заңдар реформаторлары әділет идеяларын басшылыққа
алады, заңдар соларға сәйкес болуға тиіс, бірақ олар тіпті де заңдардан туындамайды.
Сонымен, бұл арада біз талдау мен тарих ақтайтын саяси-этикалық теорияға ие болып
отырмыз. Оған нені қарсы қояды? Ештеңемен дәлелдене алмайтын модаға енген
теорияны. Бір жағынан индивидуалдық өмір де, әлеуметтік өмір де еңбек пен пайда
арасындағы табиғи арақатынасты заң кодекстері мен мораль жүйелері барған сайын
мойындай түскенін атап көрсетеміз. Екінші жағынан, жаратылыстық құқықтарды жоққа
шығара отырып, құқықтарды жасанды жолмен заңдар жасаған дейтіндердің пікірі