Page 18 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
фактылармен үзілді-кесілді терістеліп қана қоймайды, өз-өзінен қирап түсе бастайды:
олардан соны дәлелдеуді талап еткенде, олар әрқилы сорақылықтармен жауап қайтарады.
Бұл да бәрі емес. Халықтың бұлыңғыр түсінігіне белгілі бір пошым мен ғылыми негіз
беріп, біз көпшілік пен азшылық ырқы арасындағы қатынасқа ұтымды көзқарасқа келеміз.
Біз мынаны анық көреміз: бірлесіп атқару үшін барша ерікті түрде біріге алатын
қарекеттер және әділін айтқанда оларды басқару үшін көпшіліктің ырқы басым болуға
тиісті қарекеттер шындап келгенде индивидуалдық және әлеуметтік өмірге қажет
жағдайларды қолдап отыруды мақсат ететін бірлескен қарекеттер. Қоғамды жалпы
алғанда сыртқы жаулардан қорғаудың жанама мақсаты әрбір азаматта өзінің тілектерін
қанағаттандыру үшін болатын құралдарды және оның басқа құралдар алуына мүмкіндік
беретін бостандықты сақтау. Әрбір азаматты кісі өлтірушілерден бастап, өзінің
көршілеріне әлдене нұқсан келтіретіндерге дейін ішкі жаулардан қорғау қылмыскерлер
мен құлқы бұзықтардан басқалардың бәрі көздейтін мақсаттарды көздейтіні айдан анық.
Осыдан кісі жөнінде де, қоғам жөнінде де осынау өмірлік принципті қорғау кезінде
азшылықтың көпшілікке бағынуы бостандық пен меншікті жақсырақ күзету үшін қажет
қысымдардан басқа, әрбір адамның сол бостандығы мен сол меншігін күзету үшін басқа
қоғамдарды туындатқанға дейін керек екендігі айқын. Осыдан келіп мынадай байлам
жасаймыз: осы шектен тыс қысым атаулы заңсыз болар еді, өйткені бұл индивидтің
құқықтарына, қорғау үшін қажеттісінен неғұрлым күшті зиян тигізіп, көздің
қарашығындай сақталуға тиіс өмірлік принциптің өзінің бұзылуын жетелей жүрер еді.
Осылайша біз парламенттердің құдай берген құқығы, және, содан туындайтын
көпшіліктің құдай берген құқығы соқыр сенімнен өзге түк те емес деген сөйлемге қайтып
ораламыз. Үкіметтік биліктің қайнар көзі жөніндегі ескі теорияны серпіп тастадық та, сол
биліктің шексіздігіне сенімді ұстап қалдық, бұл ескі теория үшін, бірақ жаңа теория үшін
емес, дұп-дұрыс тұжырым. Құдайдың нәбиі деп саналып тұрғанша басқарып келген
адамға қисынды бодандарға абсолют билік қазір, оны ешкім Құдайдың нәбиі деп
есептемесе де, басқарушы мекемеге телінеді.
Бізге бәлкім үкіметтік биліктің шығу тегі мен шегі туралы даулар - таза педантизм деген
қарсылық білдірілер, бізге: "Үкімет қоғамдық әл-ауқатты ұлғайту үшін өзінің қолындағы
немесе ала алатын барлық құралдарды пайдалануға мәжбүр. Оның мақсаты пайда болуға
тиіс және оның пайдалы мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті құралдарды
пайдалану құқығы бар. Халықтың әл-ауқаты оның ең жоғарғы заңы, және заң
шығарушылар олардың өкілеттіктерінің шығу тегі мен шегі туралы толғамдармен сол
заңға бағыну жолынан тайдырылмауға тиіс" дейді. Осы жолмен біздің
тұжырымдарымызды мойындаудан жалтарып кетуге бола ма, әлде бұл жауып қою қиын
емес есік пе?
Осы арада туындайтын негізгі мәселе әдетте оны түсінетін күйдегі утилитарлық
теорияның дұрыстығына қатысты және оған ол теория түсінілетін күйінде қате деп жауап
беруге болады.
Моралистердің трактаттары да, саналы түрде болсын, санасыз түрде болсын, солардың
басшылығына көнетін саясаткерлердің қарекеттері де мынаны көрсетеді: пайда қолда бар
фактыларды тікелей қарапайым қарап шығып, ықтимал нәтижелерді бағалау арқылы
анықталуға тиіс; ал дұрыс түсінілген утилитаризм адамдардың бақылаудан өткізілген
фактыларды мұқият талдау беретін байламдарды басшылыққа алуын талап етеді. Жақсы
да, жаман да нәтижелер кездейсоқ бола алмайды; олар заттар табиғатының сөзсіз
салдарлары болып табылады, ал мораль туралы байлам жасау өмір заңдары мен тіршілік
ету шарттары негізінде қандай қарекеттер бақыт әкелетіні және қандай қарекеттер сор
әкелетіні жөнінде ғылымның шаруасы. Утилитаристердің жалпы қабылданған